Автоқұю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлiнетiн мұнай өнiмдерiн ұстау тәртiбi
-
Құю құрылғылары орналасқан жедел алаңқайлардың үстi қатты жабынмен және түрлi сұйықтықтардың гидравликалық ысырма арқылы өндiрiстiк-нөсерлiк кәрізге немесе арнайы жинақтауышқа кедергiсiз құйылуымен қамтамасыз етiледi. Төгiлiп қалған сұйықтықтар сумен жуылады.
-
Жедел алаңқайдағы автомашиналардың рұқсат берiлген санын кәсiпорынның әкiмшiлiгi белгiлейдi.
-
Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңқайларға кiруге, сондай-ақ кәсiпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берiлмейдi.
-
Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға арналған автоцистерналар құю эстакадасының жерге тұйықтау контурына қосуға арналған жерге тұйықтау қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың сөндiргiштерi ұшқын сөндiргіштермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астынан алға қарай шығарылады. Автоцистерналардың жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетiн отырғызу шынжыры болуы керек, екi өрт сөндiргiшпен, киiзбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.
-
Кәсiпорынның өткiзу орны мен мұнай өнiмдерiн құю алаңқайында кәсiпорынның персоналы сыртынан қарау арқылы автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiлуiн тексередi.
-
Кәсiпорынның қызмет көрсетуші персоналы (операторы немесе басқа адам) автоцистерналарға құю процесін бақылауды жүзеге асырады.
-
Мұнай өнiмдерi автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс iстемей тұрған кезде құйылады. Бұл ретте жүргiзушi құю процесін бақылайды. Автоматты түрде құю жүйесiнде жүргiзушi осы жүйеге арналған нұсқаулықта қарастырылған әрекеттерді орындайды. Қозғалтқышты iске қосу қиынға түсетін, тек температура төмен болған жағдайларда ғана қозғалтқыш жұмыс iстеп тұрған кезде құюға рұқсат етiледi.
-
Автоқұю эстакадасы өрт шыққан жағдайда, автоцистерналарды сүйреп әкетуге арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етiледi.
-
Құю аяқталғаннан кейiн құюға арналған шлангілерді (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан олардан мұнай өнiмдерiн толық ағызып алынғаннан соң шығару керек. Автоцистерна қылтасының қақпағын жабу баяу, соғылуға жол бермей жүргізіледі.
-
Автоцистернаның жүргiзушiлерi мұнай өнiмдерiн тасымалдағанда өрт қауiпсiздiгiн сақтау шаралары туралы (автокәсiпорындарда куәлiктер беріледі) нұсқаулықтан өтедi.
-
Мұнай өнiмiнiң төгiлiп қалуына (асырып құйылуына) жол берiлген жағдайларда, толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын iске қосуға рұқсат берiлмейдi.
-
Бөліп құю үй-жайында бос және мұнай өнiмдерi толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды ұстауға жол берiлмейдi. Бөліп құю үй-жайында енi кемінде 2 метр болатын орталық өтпе қарастырылады. Өтпеге заттарды үйіп қоюға болмайды.
-
Мұнай өнiмдерiн бөшке ыдыстарына кәсiпорынның қызмет көрсетуші персонал ғана түсiредi. Мұнай өнiмдерiн түсiрер алдында қызмет көрсетуші персонал құюға арналған ыдысты мiндеттi түрде тексерiп қарап шығады. Мұнай өнiмдерiн жарамсыз ыдысқа құюға рұқсат берiлмейдi.
Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау, өткізу және тазарту пункттерін ұстау тәртiбi
-
Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау және тиеу пункттерi, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнiмдерiн бөлшектеп босату аймағына орналастырылады. Мұнай өнiмдерiн қабылдауды және босатуды (тиеп жiберудi) кәсiпорынның персоналы немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
-
Мұнай өнiмдерiнiң пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарлардағы, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағыдай тыныстау және сақтандыру арматурасы, ал пайдаланылған индустриялық және мотор майларын сақтағанда – майларды сақтауға арналған резервуарлардағыдай болады.
-
Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн қыздыру температурасы олардың құрамына кіретін булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 150C төмен болады.
-
Тұтану температурасы 1200C және одан төмен болатын пайдаланылған мұнай өнiмдерiне арналған төгу-құю қондырғылары жабық болады.
-
Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлiмшесiнiң шығыс бактарында тәулiктiк қажеттiктен аспайтын отынның болуына рұқсат етіледi. Бұл бактар үй-жай шегiнен тыс жерлерде орнатылады.
-
Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтiн шығатын мұржалары қара күйе жиналып қалмас үшiн тәулiгiне кемiнде бiр рет су буымен үрленедi.
-
Регенерациялық қондырғылардың сүзгі-нығыздауыштары металл рамаларға және жанбайтын iргетасқа орнатылады. Сүзгi-нығыздауыштардың астына төгiлiп қалған майды жинау үшiн металдан жасалған арнайы жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.
-
Регенерациялық қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асыра толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнiмдерiнен босату керек.
-
Пайдалануға жiберер алдында жылжымалы регенерациялық қондырғылардың айыратын текшелерi мен бу қазандары гидравликалық қысымға тексерiледi. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс iстеп тұрғанда қызмет етушi персонал бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткiштерiн үнемi бақылайды.
Алаң iшiндегi технологиялық құбыржолдар мен құбыржол арматурасын ұстау тәртiбi
-
Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыржолдарына технологиялық сызбалар құрылады, оларда құбыржолдардың әрқайсысында айқын белгiленеді, ал тиек арматурасы нөмiрленеді. Қызмет көрсетушi персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды үйрену үшiн құбыржолдардың технологиялық сызбасымен танысады.
-
Технологиялық құбыржолдар оларға орнатылған барлық арматураларымен бiрге пайдалануға тапсыру алдында бiрiктiру мықтылығы мен тығыздығы тұрғысынан гидравликалық сынақтан өтедi.
-
Жер үстiндегi құбыржолдардың бекiтпелерi мен тiреуiштерiнiң қауiп төндіріп салбырап тұруын болдырмау үшін олардың жай-күйі үнемі бақыланып тұрады. Құбыржолдардың, асқыштар мен тiреуiштердiң ақаулары дереу жойылады.
-
Құбыржолдарың iшiнде пайда болған шөгiндiлердi болаттан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, құбырдың қабырғасына үйкелуден немесе соғылудан ұшқын пайда болуы мүмкiн.
-
Құбыржолдар мен тиектердің тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Осы мақсатта тек бу, ыстық су немесе қызған құм қолданылады, сондай-ақ зауытта шығарылған электрлі қыздырғыштар пайдаланылады.
-
Құбыржолдар мен тиек қондырғыларына кәсiпорынның бас инженері бекiткен кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетіледі.
-
Құбыржолдарда тұйық учаскелер болмауға тиiс. Ал мұндай жерлердiң болуы қажет болған жағдайларда, оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
-
Мұнай өнiмдерi толып тұрған құбыржолдарда жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
5. Мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер
-
Бұрғылауға, сынақ жүргiзуге, ұңғымаларды күрделi жөндеуге арналған жер үстiндегi жабдық, шығарындыларға қарсы қондырғылардың бұрғыштары, бақылау станциялары, өндiрiстiк және тұрғын үй-жайлар, қойма орындары, кiреберiс жолдар, тікұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдiң басым бағыты ескеріле отырып орналастырылады.
-
Қондырғыға бөлiнген аумақ жер үстiндегi және жер астындағы құбыржолдардан, кәбілдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады.
Жер үстiндегi құрылыстардың айналасында көлiктiң және өрт техникасының қозғалуы үшiн енi 10-12 метр алаңқай көзделеді.
Аумақтарды жоспарлау кезінде сұйықтықтарды сағасынан және жер үстiндегi құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызу көзделеді.
-
Құрылыстардың жабындары жанбайтын материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда конструкция оттан қорғайтын құраммен өңделедi.
-
Отын құятын ыдыстар мен қондырғылар жер үстi үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыржолдардан 20 метр алшақ орнатылады. Отын қондырғылары сорғылармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгiлерi) бар деңгей өлшеуiштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кiреберiс жолы жабдықталады және жанар-жағармай материалдарының сақталу мөлшерi есебiнен топырақ үйiп бекiтiледi.
-
Арматуралар орнатылатын немесе аппараттар қосылатын жерлерден басқа, жарылыс-өрт қауiптi технологиялық жүйелердiң құбыржолдарында фланецтi және алмалы-салмалы қосылыстарға жол берiлмейдi. Жарылыс қауiптi технологиялық жүйелерде иiлмелi шлангiлердi қолдануға жол берiлмейдi.
-
Жанармай өнiмдерiн айдап қотаратын сорғылар мен компрессорлардың соратын және айдайтын жолдарында тиек, кесу және сақтандыру қондырғыларын орнату көзделеді.
-
Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң тамшылап ағуы, герметикалы болмауы, ағып кетуi байқалғанда ақау дереу жойылып, төгiлген жер мұқият тазартылады.
-
Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарды өрт-жарылыс қауiптi құрылыстардың iшiнде сақтауға жол берiлмейдi.
-
Өрт сөндiру құралдары (қуат және сорғы блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауiптi жерлерге жақын орналастырылады.
-
Iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газды шығаратын желілері ұңғыманың аузынан кемiнде 15 метр, таса (ірге) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негiздердiң, еден төсенiшiнiң астына пайдаланылған газ шығатын құбырларды төсеуге жол берiлмейдi.
Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған газ шығатын желiлер өтетiн жерлерде құбырдың үш диаметрiнен кем емес тесiк қалдырылады. Бұл жерде жылу оқшаулау төсемi мен өртенбейтiн өңдеме орнатылады.
Пайдаланылған газ шығатын желiлер ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
-
Температура төмен болған жағдайда, қатып қалуға бейім жабдықтар мен құбыржолдар жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етiледi.
-
Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайларда, негiздердiң астында, газ қауiптi жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнiмдерiн, жанғыш заттар мен реагенттердi сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекi шегуге болмайды.
Темекi шегу үшiн өртке қауiпсiз аймақта арнайы жабдықталған орындар бөлінеді және жазулармен белгiленедi.
-
Газдану, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнiмдерiмен ластану кезінде газ қауiптi, отпен жүргізілетін және дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
-
Қуат, бұрғылау және мұнай кәсiпшілігінің жабдығы, жабындар, объектінiң басы мен аумағы үнемі өрт қауiпсiз жағдайда ұсталады, күйеден, жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң төгiлуiнен ұдайы тазартылады.
Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi
-
Ұңғымаларды бұрғылау, бекiту, сынау техникасы мен технологиясы өнiмдi жиектерден бақыланбайтын қабат флюидтiң түсуiн барынша жоғары дәрежеде болдырмауы тиiс.
Мұнай-газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргiзілген жағдайда, жер үстiндегi жабдық және орап байлау арқылы толық герметикалық, флюидтi ұңғымалардан қауiпсiз қашықтыққа бұру және мұнай-газ дақтарын, аварияларды жою жөніндегі технологиялық процестерді орындау кезінде жарылыс-өрт қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi.
-
Бұрғыны пайдалануға беру кезінде кәсiпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс-өрт қауiпсiздiгiн, өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман жинағының сәйкестiгiн, авариялық жарықтандырудың, жауынгерлік өрт сөндіру есептобының бар-жоғын тексереді, ол туралы бұрғыны қабылдау актісіне жазады.
-
Көмiрсутектi негiздегi бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетiлетiн әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмiрсутектi негiздегi ерітіндінің өздiгiнен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу процесіндегі күтілетін ең жоғарғы температурадан 50°С артық болады.
-
Жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың шектi жол берiлетiн концентрациялары мен шектi жол берiлетiн жарылыс қауiпсiз концентрациялары табылған жағдайларда:
1) технологиялық процесті тоқтата тұру;
2) объектiнiң, ауысымның басшысына дереу хабарлау;
3) газдану себебi мен аймағын анықтау;
4) жеке қорғану құралдарын пайдалану;
5) өрт сөндiру құрал-жабдығының әзірлігін тексеру;
6) Аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.
-
Бұрғылау, сынау, газ, мұнай, су дақтарын, ашық бұрқақтар мен аварияларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн мұнаралар, бұрғылау жабдығы, аумақ қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғыға баратын жолдар мен кiреберiстер бос болады.
-
Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезiнде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған газ шығатын құбырлардың ұшқын сөндіргіштері болған кезде ғана қолданылады.
Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртiбi
Ұңғымаларды игеру тәртiбi
-
Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргiзiледi, онда арнайы бөлiмдерде технология әзiрленуi тиiс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдар мен өрт, жарылыс қауiпсiздiгiнің шаралары белгiленеді.
-
Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негiзгi және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесi, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса берiледi.
-
Жоспар-кестеге ұңғымаларды игеру үшiн қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесi қоса берiледi.
-
Ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмыстар басталмас бұрын жауапты адам бригада мүшелерiне өрт қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау бередi және «Жұмыс орнындағы қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқау берудi тiркеу» журналына тиiстi жазу жазады.
-
Бригаданың барлық мүшелерi ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмысқа арнайы киiммен және арнайы аяқ киiммен қатысады.
-
Игеру объектiлерi өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.
-
Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары жұмыстардың жауапты басшысының рұқсатымен және мұнай-газ өндiру немесе бұрғылау кәсiпорны геологының қатысуымен жүргiзiледi.
-
Ату-жару жұмыстарының алдында шығарындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетiлген қысымға мұқият тексерiлiп, қысып нығыздалады.
-
Көтерiп-түсiру операциялары кезiнде колонналық фланецке ұшқын қауiпсiз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.
-
Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессор ұңғыманың жел жағынан кемінде 25 метр қашықтыққа орналастырылады.
-
Ұңғыманы мұнаймен жуып-шайғанда агрегат ұңғыма аузынан кемiнде 10 метр қашықтыққа орнатылады.
-
Газ және газ конденсатты ұңғымаларды сұңғылау арқылы игеруге, ал бұрқақты ұңғымаларды науалармен қауғалауға жол берiлмейдi.
-
Ұңғыманы сұңғылау мұнай шығарындысын болдырмайтын герметикалаушы қондырғысын буферлi тиекке бұрқақ арматура орнатылған кезде жүргiзiледi.
-
Бұрқақты ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:
1) жұмыс iстеп тұрған агрегатты басқару пультін қорғау үшiн қалқаның жанатын құрылғылары оттан қорғау құрамымен өңделедi;
2) ұшқын қауіпсіз материалдан жасалған бағыттаушы шүмек орнатылады;
3) көтергiш трактор ұңғыма аузынан кемінде 25 метр алшақ орнатылады.
-
Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшiн де, ұңғыма өшiрілген жағдайда да қажеттi агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу мүмкіндігі көзделеді.
-
Бұрқақ атқылау белгiлерi пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметикалау жоспарына сәйкес iс-қимыл жасалады.
-
Бұрқақ ұңғыламасын игеру процесіндегі үзiлiстер мен аялдау кезінде бұрқақ арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегi жабылады.
-
Сығылған ауаны айдау немесе сұйықтықты ауамен аэрациялау арқылы ағын шақырғанда процесте үзiлiстерге жол берiлмейдi.
Бұрқақты ұңғымаларды пайдалану тәртiбi
-
Пайдалануға берiлген барлық ұңғымалар тиiстi стандартты аппаратурамен жабдықталған герметикаланған сағалармен қамтамасыз етiледi.
-
Бұрқақты арматураны жинау төсемелері бар түйреуіштердің толық жинағымен жүргізіледі.
-
Бұрқақты ұңғыма мен коммуникацияларды орау пайдалану колонналарының перфорациясына дейiн ұңғыма өнiмiн қабылдауға дайындалады.
-
Тұтануды (өртенудi) болдырмау үшiн мұнайды ортақ қамбалар мен торларға ашық арықтар арқылы ағызуға жол берiлмейдi.
-
Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуiн болдырмау үшiн ұңғымалардың жанында газ бен ауа тарату дүңгіршектерінен шығатын желiлерде керi клапандар орнатылады.
-
Газ және ауа тарату дүңгіршектерінің газ немесе әуе коллекторларында ұзындығы жобаға сәйкес келуге тиiс желiлер көзделеді.
-
Газ тарату дүңгіршектерінің сыртқы жағында «Газ! От қауiптi!» деген жазу iлiнедi.
-
Жылжымалы компрессорлардың iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндiргiштермен жабдықталады.
-
Құбыр сыртындағы газдың қысымы тек штуцердiң көмегiмен, айқастырмадан бiрiншi (негiзгiсi) ысырма ашық болғанда екiншiсi арқылы төмендетiледi.
-
Ұңғыманың орамы, бұрып ағызу жолы, аппаратура, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін газ құбырлары тек бумен немесе ыстық сумен ғана жылытылады.
Компрессорлық станцияларды ұстау тәртiбi
-
Компрессор жұмыс iстеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргiзiледi.
-
Компрессорды қысатын соңғы сатыны түсіру желiсiнде (компрессор ғимаратынан тыс) қысым жұмыс қысымынан
10 % асқан кезде іске қосылатын сақтандыру құрылғысы құрастырылады.
-
Компрессордың қалыпты жұмыс параметрлерінен ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерiлгенде, салқын судың келуi тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесiндегi қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.
-
Компрессордың қажалатын бөлшектерi үнемi майланады, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.
-
Қысудың әр сатысынан кейiн сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi. Компрессордың жұмысы кезінде май бөлгіштерден жүйелі түрде түсіру қамтамасыз етіледі.
-
Әуе қоспасы компоненттерi құрамының жұмыстың әр режимiне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетiлгеннен асуына жол берiлмейдi.
-
Газды сығымдайтын компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желiлерi шамалы артық газ қысымымен ұсталады.
-
Егер компрессор жұмысының шарттары бойынша сорып алушы желi ыдыратылатын болса, онда сығымдалғаннан кейiн газ құрамында оттегiнің бар-жоғы тұрғысынан үнемі талдау жасалады.
-
Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосылыстарының герметикалығы үнемі тексерiледi. Газ шығып тұрғаны байқалған жағдайда, компрессор тоқтатылып, ақаулары жойылады.
-
Жарық беру құралдарын жөндеу кезiнде немесе электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында жарылыс қаупi жоқ жағдайда орындалған аккумуляторлы шамдарды ғана қолдануға рұқсат берiледi.
-
Газ-компрессорлық үй-жайларда компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берiлмейдi.
-
Резервтегi компрессорлар газ қабылдау желiлерiнен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.
-
Әуе компрессорлары үшiн ауа алу ғимараттың сыртында жүргізіледі. Жанғыш бу немесе газдар бөлiнетiн жерлерде, сондай-ақ тұтану көздерi пайда болуы мүмкiн жерлерде ауа алуға жол берiлмейдi.
Компрессорға жанғыш бу мен газдардың түскенi байқалғанда ол дереу тоқтатылады.
-
Компрессорларды, әуе компрессорлық станциялары коммуникацияларының май шөгiндiлерi кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерiтiндiсiмен шайып тазартылады.
Тереңнен сорып пайдалану тәртiбi
-
Тербелме станогы оның үйкелетін және қозғалмалы бөлiктерi мен мұнара немесе дiңгек, iргетас және топырақ, электр желiлерi бөлшектерiнің түйiсуiн болдырмайтындай етіп орнатылады.
-
Тербелме станогының шкивiн қолмен айналдыруға және оның астына металл немесе басқа да заттарды салу арқылы тоқтатуға жол берiлмейдi.
-
Ұңғымада жөндеу жұмыстары басталмас бұрын жетек ажыратылады, ал іске қосу қондырғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс iстеп жатыр!» деген жазуы бар плакат iлiнедi.
-
Терең сорғы ұңғымасы ұңғыманың аузын герметикалайтын және құбырдың сыртындағы кеңiстiктен газды айдауға мүмкiндiк беретiн ернеу арматурасымен жабдықталады.
-
Тербелме станогы жұмыс iстеп тұрғанда жетек белбеулерiнiң іркіліп қалуының алдын алу үшiн олардың тартылуын бақылау жүзеге асырылады.
-
Жерге тұйықтау өткiзгiштерi мен олардың балқытып біріктірілген тұстарын тексеріп қарау үшiн қолжетімділік қамтамасыз етiледi. Жерге тұйықтау өткізгіші үшiн болаттан жасалған арқанды пайдалануға жол берiлмейдi.
-
Кез келген кернеудегi электр беру желiлерiнiң астынан басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансформаторларды орнатуға жол берiлмейдi.
-
Батыру орталығын сыртқа тебушi электр сорғылардың электр жабдығын орнату үшiн үй-жай немесе дүңгіршек жанбайтын материалдан жасалады.
-
Батырылатын электр сорғыны көтеру және түсiру алдында ұңғыма аузындағы фланецiне кәбілді элеватордың бұзылуынан сақтандыратын құрал орнатылады.
-
Ұңғыманың аузында орналасқан кәбілді барабанның электр жетегiн түйме арқылы басқару жарылыстан қорғалатын түрде орындалады.
-
Ұңғыманың аузы кәбіл өтетiн жерлерiнде тығыздамасы бар аспалы тығырықпен жабдықталады.
-
Ұңғымаларды үрлегенде және өлшеуді жүргiзгенде ұңғыманың жанындағы автокөлiк пен тракторлар сөндiрiледі, ал қазандықтардың оттықтары тоқтатылады.
-
Сынақ жүргiзу кезiнде барлық жолдарда бекеттер орнатылып, өтуге, темекi шегуге және от жағуға тыйым салынатын ескерту белгiлерi орнатылады.
Мұнай және газ өндiрудi қарқындату тәртiбi
-
Өндiрудi қарқындату әдiстерiн жүзеге асыру мұнай-газ өндiретiн кәсiпорынның басшысы (орынбасары) бекiткен жоспар бойынша жүргiзiледi.
-
Кәсіпорын әкімшілігі өндіруді қарқындату әдістерін жүргізуді ескере отырып, Ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспарын әзірлейді. Жоспар көрнекі жерге ілінеді.
-
Өндiрудi қарқындату әдiстерi жүзеге асырылатын объектiлер кәсiпорынның орталық диспетчерлiк пункті бар сенiмдi телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.
-
Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру, өрт сөндiру бөлiмiнiң, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметiнiң басшылары мен жауапты адамдарын шақыру тәртiбi көрсетiлген тақталар iлiніп қойылады.
-
Жұмыс iстеу кезiнде жылжымалы сорғы агрегаттардың, автокөлiктiң пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын сөндіргіштері бар сөндiргiштермен жабдықталады.
-
Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай мен химиялық реагенттердiң қалдықтарын өнеркәсiптiк кәрізге құюға жол берiлмейдi.
-
Барлық өндiрiстiк және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тиiстi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.
-
Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тiкелей мақсатына арналмаған жұмыстарға қолдануға жол берiлмейдi.
-
Химиялық заттардың қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекi шегуге және от жағуға жол берiлмейдi. Темекiнi арнайы бөлiнген жерлерде шегуге болады.
-
Көбiк реагентi және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда «От қауiптi» деген жазу болады.
-
Найзағай жарқылдаған кезде көбiк реагентi мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.
-
Реагенттi қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық қажет болған жағдайда қауiптi аймақтан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн жердiң бедерi мен желдiң бағыты ескерiлiп орналастырылады.
-
Жылжымалы жабдықты, сорғы қондырғыларды электр өткiзгiштердiң әуе желiлерiнiң қорғау аймағы шегiнде немесе мұнай, газ желiлерiнiң үстiне орналастыруға жол берiлмейдi.
-
Жұмыс аяқталғанға дейiн және бу генераторының қысымы атмосфералық қысымға дейiн төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
-
Жылжымалы электр жарығын беру ретiнде бу генераторлық қондырғыда кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупi жоқ шамдар қолданылады.
-
Ұңғыманың қазбасы аймағының маңында бумен, жылумен өңдеуді тәуліктің жарық уақытында жүргiзуге рұқсат берiледi.
-
Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғысының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етiп көзделеді.
-
Пеш белгiленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтiн, сондай-ақ шығарушы көздеген газ қысымы көтерiлгенде немесе төмендегенде оттыққа газ жеткiзудi өшiретiн автоматты қондырғылармен жабдықталады.
-
Отын құбыры жолында ретке келтiрiлген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралдарына конденсаттың түсуiне жол бермеуге арналған қондырғы жабдықталады.
-
Пештiң оттығын қосар алдында шиыршық түтiкке мұнайдың толғанына көз жеткiзiледi.
-
Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.
-
Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдер, тракторлар) ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
-
Ыстық мұнай ыдысы сағаның ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.
-
Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыдан ұңғымаға дейiн барынша жоғары жұмыс қысымынан бiр жарым еселi қысымға сығымдалуы тиiс.
-
Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал iштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиiс. Iштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнiм құбыры ұшқын сөндіргішпен жабдықталады.
-
Ұңғымаларды өңдеу үшiн тек газсыздандырылған конденсат қана қолданылады.
-
Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауiптi» деген жазу болады.
-
Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат берiледi.
-
Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында ол жерге қосылады. Ағызу немесе құю аяқталғанға дейін жерге қосатын құрылғыны ажыратуға жол берілмейді.
-
Құю-ағызу, ұңғыманы өңдеу тек күндiзгi уақытта жүргiзiледi.
-
Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елдi мекендер шегiнде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берiлмейдi.
-
Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың аузынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бiр бiрiнен кемінде 6 метр қашықтықта орнатылады.
-
Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.
-
Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берiлмейдi.
-
Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және процесінде жұмыс iстеу аумағының газдануы тексеріледі. Шектi рұқсат етiлген концентрациядан артық газ концентрациясы болған жағдайда, газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.
-
Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейiн агрегаттың манифольдты желiсi мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.
-
Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейiн және қысым атмосфералық қысымға дейiн төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат берiледi.
-
Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу процесінде қызмет көрсетуші персонал жұмыс жоспарында көрсетiлген қауiпсiз қашықтықта болады.
-
Қабаттарды гидравликалық ажырату жөнiндегi жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндiргiштермен және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.
-
Агрегаттарда тiкелей жұмыстарды орындауға байланысты емес адамдарды қауiпсiз аймақ шегiне жiбергеннен кейiн ғана агрегаттарды iске қосуға рұқсат берiледi.
-
Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиiс.
-
Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берiлмейдi.
-
Қуат қондырғыларын отын бактары өртке қауiпсiз жерге орнатылып, бұзылудан қорғалады.
-
Қабат iшiндегi жылжымалы жану мөлшерi әдiсiмен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалуы тиіс.
-
Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауiптiлiгiнің дәрежесi және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетiлуi тиiс.
Ағымдағы және күрделi жөндеу жүргiзу тәртiбi
-
Жанар-жағармайлармен, мұнай өнімдерімен ластанған аумақта көтергiш трактор мен жылжымалы агрегатты орнатуға болмайды.
-
Көтергiш трактор, жылжымалы агрегат ұңғыманың аузынан кемiнде 25 метр қашықтықта жел жағынан орнатылады.
-
Жуу агрегаты манифольдқа жақын, ыдыстары агрегат жүргiзушiсiнiң кабинасы ұңғыманың аузына қаратылатындай болып орнатылады.
-
Көтергiшке жанармай қозғалтқыш сөндiрiлiп, суығанда құйылады.
-
Сағаның арматурасын бұзу ұңғыма өшiрiлгеннен кейiн және қысым нөлге дейiн жеткізілгеннен кейін жүргiзiледi.
-
Газ кестеге сәйкес ұңғымадан қауiпсiз жаққа қарай шығарылады. Газ шығару жолы тiректерге берiк бекiтiледi.
-
Құбырларды көтерiп түсiргенде элеваторды отырғызу ұшқынның пайда болуына жол бермеу үшiн баяу, соқпай жүргiзiледi.
-
Құбырларды көтерiп-түсiру жұмысындағы үзiлiстерде ұңғыманың сағасы герметикаланады.
-
Құбырларды көтергенде флюидтiң, ерiтiндiнiң шашырап төгiлуiне қарсы құрал орнатылады.
-
Сағада ұшқын түзiлумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ жазбаша рұқсатсыз от жағу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.
-
Құм тығынын сумен жуып шайғанда жуу сұйықтығы өнеркәсiптiк кәрізге немесе ыдысқа шығарылады. Тығынды мұнаймен шаю тұйық цикл бойынша жүргiзiледi.
-
Құм тығындарын ұңғымаларда шайғанда шығарындыларға қарсы жабдық, домалақ кран, қайырмалы клапан орнатылады.
-
Ұңғымада вентилi және шлангi бар су желiсi жүргiзiледi.
-
Мұнай-газ дақтары көрiнгенде құбырдың және құбырдың сыртында қысым болғанда жұмыстарды бастауға жол берiлмейдi.
-
Көтергiш тракторлар мен жылжымалы агрегаттар жарық және дыбыс сигнализацияларымен жабдықталады.
-
Объект осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.
-
Жұмыс процесінде ұңғыманың жағдайы үнемi бақылауда болады, газ, мұнай, су дақтарының белгілері байқалғанда бригада сағаны герметикалайды және аварияларды жою жоспарына сәйкес іс-қимыл жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |