АР-ОЖДАН АЛЛЕЯСЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
Жалпы сипаттама
Бұл рөлдік стратегия оқушыларға тез арада белгілі бір тақырыпқа қатысты барлық сұрақтарға қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді. Оның басқа «стандарттық» рөлдік ойындарға қарағанда артықшылығы сол, едәуір тез өткізілуі мүмкін. Ол төменгі сыныптың оқушылары немесе қабілеттілігі төмен оқушылар үшін ерекше қолайлы бола алады, өйткені олардың ұзақ уақыт бойы рөлде болуы талап етілмейді. Сондай-ақ оларға сұрақ бойынша ауқымды ақпаратты білу керек емес, өйткені рөлдері бар карточкаларда олардың кім екендігі және талқыланып отырған белгілі бір жағдайға қатысы жазылады.
Сыныпты жоспарлау
Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет.
Жұмыс алгоритмі
Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған үлкеннің кішкентай балаға күш көрсету оқиғасы жергілікті жастар клубында қайталанды. Мектептен осы іспен айналысу сұралды).
Бұдан кейін әрбір оқушыға олардың кім екендігі жазылған және осы жағдайға олардың қандай қатысы бар екені қысқаша сипатталған рөлдері бар карточка таратыңыз (мысалы, жәбірлеуші, жәбірленуші, жәбірленушінің досы, жәбірлеушінің достары, жастар ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі, т.б.).
Ортада өтетін жол қалдырып, оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға
қойыңыз.
Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз.
Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.
Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше рет қайталау қажет).
Таңдап алынған оқушыдан қандай өтінішті сенімді деп есептейтінін, сондай-ақ жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.
«Ар-ождан аллеясы» арқылы өту үшін басқа оқушыларды таңдап, тапсырманы қайтадан өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |