Осы сабақ білім алушылардың



бет3/194
Дата26.01.2023
өлшемі2.71 Mb.
#468775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   194
белсенди адистер-1

КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау.



Жалпы сипаттама

Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.




Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.




Жұмыс алгоритмі

  1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.




  1. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.




  1. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.




  1. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.

  2. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға

болады.

5


ӘТКЕНШЕК (КАРУСЕЛЬ)


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау.



Жалпы сипаттама

Бұл белгілі бір сұраққа қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық тізімін жасауға көмектесетін, құрылымдалған, ақпараттық немесе ойлау қабілетін арттыру әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді. Сондай-ақ олар басқа топтардың идеяларын бірлесіп бағалап, сұрақтарға өздерінің жауаптарын қалыптастыру үшін осы идеяларды әлеуетті негіз ретінде пайдалана алады. Шағын топтардан ақпарат жинақтауға арналған тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе «Стикерлер жинағын» қараңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   194




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет