ФАКТ немесе ПІКІР
Қалыптастырылатын дағдылар:
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір болып (құндылық туралы ойға негізделген) табыла ма, соны шешуге тиіс. Плюралистік қоғамда дәлелдердің негізінде фактілер мен пікірдің ара-жігін ажырата білу маңызды дағды болып табылады. Осы қиын тапсырма оқушыларды білімнің қалай алынатынын түсінуге ынталандырады (көптеген жағдайда бір нақты жауап болмауы да мүмкін). Оқушылар өз ұстанымдарын талқылау үшін топтарда жұмыс істейді. Осы жаттығу нәтижелі болуы үшін одан кейін жауап алу ұсынылады.
Жұмыс алгоритмі
Оқушыларға белгілі бір мәселеге қатысты бірқатар тұжырымдар беріледі. Көптеген жағдайларда олар талқыланып отырған мәселенің екі қырын бейнелейтін пікір болып келеді.
Оқушылар тұжырымдарды талдап, олар факті ме, әлде пікір ме екендігін шешеді. Оқушылар өз шешімдерін дәйектеу үшін дайындалып, кері байланыс кезінде сынып алдында олармен таныстырады. Сонымен қоса оқушылар топтар арасындағы пікірлердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын қарастыра алады.
Тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу кезінде оқушылар осы пікірге тоқтауға ықпал еткен үдерістерге тоқталады. Топтар қандай тоқтамға келді? Әртүрлі пікірлер көп болды ма, бір шешімге, келісімге келуге мүмкіндік болды ма? Пікірлер жеткілікті дәрежеде негізделді ме? Пікірлер дәйекті баяндалды ма? Топтың ішінде рөлдер бөлінді ме?
Кері байланыстың негізінде оқушылар «Барлық факторларды ескеру» сияқты жаттығулар арқылы сұрақтарды одан әрі зерделей алады. Себептер мен салдарларды қарастыру үшін «Салдарлар дөңгелегі» немесе «Себеп-салдарлық байланыстар стратегиясын» пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |