БЕС СҰРАҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.
Жұмыс алгоритмі
Үлкен қағаз бен маркер керек.
Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.
Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.
Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.
Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.
Зерделеніп отырған мағына: Жергілікті қоғам, қауым
Жастарды қауымдастыққа қалай тарта аламыз?
Жастарды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек.
Осы мәселелерді қалай алға жылжыта аламыз?
Жастар проблемалары туралы хабардарлықты арттыру арқылы.
Хабардарлықты қалай арттыра аламыз?
Онлайн-форум жүргізу арқылы.
Онлайн-форумды қалай жүргізе аламыз?
Достарыңызбен бөлісу: |