Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті Терапия бакалавриат кафедрасы «ЖҰҚпалы аурулар курсымен ішкі ауру»



бет12/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.28 Mb.
#124551
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

• қан түзу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі.



  • гемобластоздар дегеніміз не, қандай ауруларда қосарланып кездеседі?

  • гемобластоздврдың қандай түрлерін білесіз?

  • гемобластоз ауруын растайтын әдісті атаңыз

  • гемобластоздың емі

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1 бөлім 1;

Н-2 бөлім 8
17 Сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Аллергиялық аурулар туралы түсінік: есекжем

2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: Аралас

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге аллергиялық аурулары кезінде этиопатогенезі, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентер аллергиялық аурулары бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - аллергиялық аурулары, есекжем ауруы кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5.Оқыту әдісі: Кіші топпен жұмыс

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Дидактикалық және көрнекті құралдар; Қағазбен басып шығарылған тесттер; Оқу фильмдері; Тақырыптық плакаттар, кестелер.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.

Қосымша:


1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,5 мин (5%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.12,5 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 30 мин (30%)

«Аллергия» деген түсінікті алғаш рет 1906 жылы Пирке енгізген. Ол гректің allos - басқа және ergon - қимылдау, іс істеу деген екі сөзінен шыққан. Қазіргі ғылымда "аллергия" терминімен адам ішкі және сыртқы ортадағы кейбір заттарға шектен тыс пайда болған сезімталдығын атайды. Аллергияны туындататын заттар аллергендер деп аталады, оларды экзогендік және эндогендік деп екі топқа жүйелеп бөледі.

Экзогендік аллергендер инфекциялық емес (тұрмыстық шаңтозаңдық, дәрілік, химиялық заттарға, эпидермалдық, тағамдық т.б.) және инфекциялық (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.) болып бөлінеді. Эндогендік аллергендер, немесе аутоантигендер ретінде адамның өзінің организмінің кейбір тіндері (қалқанша безі, көздің әйнекше қабаты, нерв тіні, ерлердің жыныс жұмыртқасының тіні) болуы мүмкін.

Қарсыген (антиген) организмде антидененің түзілуіне әкеліп соғады. Қарсыденелер - бүл гамма-глобулиндер фракциясына жататын сарысулық белоктар. Олар физикалық және химиялық құрылысына, молекулярлық салмақтарына қарай бес класқа бөлінеді (Ig, М, G, А, Е, D), аллергиялық қарсыденелер Ig Е тобына жатады. Қарсыгеннің әсеріне организм иммун жүйесінің қызметімен жауап қайтарады.

Аллергиялық реакциялар екі түрге бөлінеді: шапшаң және баяу. Қазіргі терминология бойынша - шапшаң түрдегі аса сезімталдық (ШТАС) және баяу түрдегі аса сезімталдық (БТАС). Шапшаң дамыған аллергиялық реакциялар антигенмен жанасқаннан кейін 20-30 минут ішінде, ал баяу болса ол бірнеше сағаттан соң дамиды. Олардың негізгі айырмашылығы ШТАС кезінде қанның сарысуында, кейін жабысқан тіндерде қарсыденелер анықталады. Ал БТАС кезінде қанда спецификлық қарсыденелер болмайды, мұндай реакция сенсибизацияланған лимфоциттермен жүзеге асады.

Ескеретін жағдай: аллергендер организмге алғаш енгенде оның зиянды қасиеті болмайды. Аллергияның клиникалық көріністері аллергендердің белгілі бір уақыттан соң қайтадан сол организмге тап болуы кезінде ғана пайда болады. Аллергеннің организмге алғаш және қайта енуі аралығындағы уақытын сенсибилизация (латынша «sensybilis» -сезімтал) кезеңі деп атайды. Аллергендердің түрлері өте көп.

Организмге аллергендердің ену жолдары әр түрлі: ауыз, мұрын арқылы, тыныс жолдары, тері арқылы, кейде дәрілер еңгізген кезде дамиды. Аллергияның клиникалық көріністері аллергеннің сипатына, оның организмге ену жолына, дамыған имунндық реакцияның түріне байланысты болады. Адамның кез келген ағзасы аллергиялық үдеріске душар болуы мүмкін. Әсіресе тыныс жолдары осы өзгеріске жиі ұшырайды: аллергиялық тұмау, аллергиялық ринит, тыныс демікпесі, аллергиялық тері қабынуы, ангионевротикалық ісіну т.б. Ал жүректің және қантамырларының (миокардит, васкулит, бас сақинасы), асқазан-ішек жолдарының (аллергиялық гастрит, колит т.б.), нерв жүйесінің аллергиялық зақымдануы сирегірек кездеседі.

ЕСЕКЖЕМ

Есекжем - аллергия ауруына жатады.

Бүл адам терісіне күлдіреп қышып, бөрітіп шығып, денеге тез тарайды. Теріде ісік пайда болып ісініп тұрады. Көбінесе әйелдерде 20 мен 60 жас аралығында жиі кездеседі.



Негізгі себептеріне жататындар: дәрі-дәрмектер, көбіне антибиотиктерді, егу арқылы берілетін сұйық дәрілерді қабылдағанда, тағамдық көкөністерді қабылдағаннан кейін пайда болады.

Клиникалык белгілері: науқас аяқ астынан пайда болады. Теріде қьшыма пайда болып, дереу күлдіреп ісіп шыға келеді. Бүл өзгеріс адам денесінің қай жері болса, сол жерінен шыға береді, кейін тарап бүкіл денені алып кетуі мүмкін. Күлдіреген ісік теріден көтеріліп, қызарып шығып тұрады. Көлемі әртүрлі болады. Негізгі ерекшілігі ол пайда болып тарауы да жоғалуы да тез арада болады (бір, бірнеше тәулік ішінде). Пайда болған кезде науқастың басы ауырып, әлсіздік пайда болып ыстығы көтерілуі (38° -39° С) мүмкін. Бұл жедел түрі орта есеппен 5-6 тәулікке созылады. Кейін ол созылмалы түріне өтуі мүмкін (20-30 жылға).

Емдеуі. Наукасты ауруханаға жатқызу керек. Барлық беріліп жатқан дәрі-дәрмектер дереу тоқтатылуы тиіс. Кейбір сезіктенген тағамдар да берілмейді. Ішекті клизма арқылы тазалайды. Дереу гистаминдерге қарсы дәрі-дәрмектер берілуі тиіс. Оларға жататындар: димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, диазолин т.б. Бұларға қайтпаса гормонды дәрілер беріледі (преднизолон, дексаметозон т.б.).

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 33,5 мин (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

• қан түзу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі.



  • гемобластоздар дегеніміз не, қандай ауруларда қосарланып кездеседі?

  • гемобластоздврдың қандай түрлерін білесіз?

  • гемобластоз ауруын растайтын әдісті атаңыз

  • гемобластоздың емі

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1 бөлім 1;

Н-2 бөлім 8

18 Сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Квинке ісігі, Анафилактикалық шок.

2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: Аралас

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: - студентерге аллергиялық аурулары кезінде этиопатогенезі, симптомы және синдромдарын анықтауды үйрету.

тәрбиелік:- студентер аллергиялық аурулары бар науқастарды дұрыс күтім жасауды таныстыру.

дамыту: - аллергиялық аурулары, Квинке ісігі, анафилактикалық щок кезінде зерттеу әдістері мен емдеу қағидаларын жетілдіру



5.Оқыту әдісі: Кіші топпен жұмыс

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Дидактикалық және көрнекті құралдар; Қағазбен басып шығарылған тесттер; Оқу фильмдері; Тақырыптық плакаттар, кестелер.

б) оқыту орны: оқу бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

Қазақ тілінде:

1. Ішкі аурулар. Б.С. Калимурзина. - 2005.

Орыс тілінде:

1. Внутренние болезни: учебник: в 2-х т. + CD. Мухин Н.А., Моисеев B.C., Мартынов А.И. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2009. Т. 1 - 672с; Т. 2 - 592 с.

2. Терапия с курсом ПМСП. Смолева Э.В - Ростов-на Дону «Феникс», 2008.

3.Внутренние болезни. В.И.Маколкин, С.И.Овчаренко. – М., Медицина, 2005г.

Қосымша:


1. Акушерство и гинекология. Г.К. Степанковский, Б.М. Венцковский. - М., 2008.

2. Лекарственные средства. Машковский М.Д. - М., 2009.

3. Новые технологии в образовательном процессе. УчебнН-методическое пособие. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. - Алматы, 2003.

4. Синдромная патология дифференциальная диагностика и фармакотерапия. Г.Д. Тобулток. - М., 2006.

5. Скорая медицинская помощь. Руководство для фельдшеров А.Л. Верткий. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 400 с.

6. Терапия с курсом ПМСП. Э.В. Смолева. - Ростов-на Дону, «Феникс», 2008.

7. Туберкулез легких и его дифференциальная диагностика (клиникН-рентгенологический атлас). В 2-х т. Муминов Т.А. -Алматы, 2003.- 808 с.

8. Фельдшер скорой помощи. Шелехов К.К. - «Феникс», 2007.

9. Болезни оргонов дыхания. Палеев Н.П. - М. - Медицина. - 2000. - 728 с.

10. Фельдшер общей практики. Э.В. Смолева, Степанова Л.А. - «Феникс» 2003.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 4,5 мин (5%)

• Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

• Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

• Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.12,5 мин (15%)

Білімді тест арқылы бағалау


10. Жаңа сабақты түсіндіру : 30 мин (30%)

Квинке ісігі.

Бұл да сол есекжем ауруының бір түрі, ауыр түрі деп айтуға болады. Есекжемде науқастың терісі өзгеріске ұшыраса, бұнда тері және тері асты майы мен қоса өзгерістерге ұшырайды.



Себептеріне жататындар әртүрлі тітіркендіргіш (аллергендер) заттар, көбінесе солардың қосарлана әсер етуінен болады. Оларға жататындар: тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер, бактериялар, кір жуатын ұлпалар, әртүрлі бояулар т.с.с.

Клиникалык белгілері:

Науқас аяқ астынан тері, тері асты майымен қоса қатайып, қалындап іскенін байқайды. Бұл өзгеріс көбінесе науқастың ернінде, қабағында, бетінде, тіпті жыныс мүшелерінде пайда болады. Іскен жерді басқанда із қалмайды, өйткені қалыңдап қатты болады. Ең қиыны ісік тамақта, жұтқыншақта, кеңірдекке жақын жерде пайда болса. Бұл кезде ауа жетпей жөтел пайда болады. Кейін бетінің бозарып көгеруі байқалады. Бұл жағдайда науқастың өліп кетуі мүмкін. Кейде тіпті ішкі ағзаларға да таралуы мүмкін, бұл өте ауыр жағдай.



Емдеу. Науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылып жедел жәрдем берілуі тиіс. Тынысы тарылып, ауа жетпеген жағдайда кеңірдекке трубка салу керек (трахеотомия). Басқа емдеулер жоспарлы түрде жүргізіледі. Оларға жататындар: 0,3-0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісі тері астына жіберіледі; 2мл 2%супрастин немесе 1-мл 1% димедрол ерітінділері бұлшық етке жіберіледі. Науқастың беті қайтпаған жағдайда 60-90 мг преднизолонды қанға құяды. Бүл кезде 2-4 мл лазикс дәрісін қанға құйған орынды болады.

АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК

Өте қатерлі аллергияның әсерінен пайда болатын анафилактикалық шок аурудың өте жедел асқынуы. Бұл аллергендердің ауру ағзаларына қайта түсуіне байланысты аяқ астынан пайда болатын науқас адамның қорғаныштық жауабы болып табылады. Сонымен қатар анафилактикалық шок кезінде бастапқы қозғыштық пен орталық нерв жүйесінің алдымен қозып, кейін тежелуімен бронхоспазммен және артериалды қысымның күрт төмендеуімен сипатталады.



Себебі: бұл жауап (шок) әртүрлі вакцинамен дәрі-дәрмектер, сол сияқты жанды-жәндіктердің шағып, ұлы заттардың қанға қайта енуіне байланысты өрбиді. Көпшілік жағдайда бұрынғы пайдаланған дәрі-дәрмектер: пенициллин, стрептомицин, новокаин, В тобының витаминдері, сульфаниламидтер т.б. қайта қабылдағаннан кейін пайда болады. Аллергиялық аурулардың барлығы дерлік қайсыбыр жағдайда осындай асқынуға душар болуы мүмкін. Шок ішкі ағзаларға түскен аллергендер көлеміне байланысты болмайды.

Өңеш тарылып, асфиксия дамиды, ішке қан көп мөлшерде жиналады, әсіресе миға қан кетуі қауіпті. Ауыр жағдайда науқас ес-түссіз болып, асфиксия мен жүрек -қан тамыр жеткіліксіздігінен аурудың өліп кетуі мүмкін.



Клиникалык керіністері:

Бұл шок бірнеше секундтан екі сағатқа дейін созылады. Науқастың ыстығы көтеріліп қорқынышты үрей пайда болып әлсіздік, шаншу, дене қышуы мен жалғасады. Кеуде қысылып ентігеді, тілі аузына сыймай, басы ауырып, айналып, жүрегі айнып, лоқсып құсқысы келеді. Кейде науқастың іші де ауыруы мүмкін. Кейде осындай арыз-шағымдарды айталмай есінен таныпта қалады.



Қарап тексергенде: науқастың терісі бозарып, қызарып, кейде көгеріп тұруы мүмкін, қабағы, беті ісініп, тершеңдік байқалады. Дененің қалтырауы, дірілдеуі мүмкін. Бұл кезде еріксіз зәр мен нәжіс шығуы мүмкін. Көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа өзгермейді. Тамыр соғуы жиілеп әлсірейді. Жүрек тондары нашарлап, ритмі бұзылады. Қан қысымы анықталмайды. Тыныс алуы нашарлап кеудеден сырылдар пайда болып аузынан ақ көбік шығып тұрады. Өкпені тыңдағанда ылғалы сырылдар болуы мүмкін, кейде тіпті ештеңе естілмейді, өйткені бронхтардың барлығы дерлік қысылып ауаның кіріп шығуы нашарлайды, тіпті тоқтап қалады.

Емдеу. Емнің нәтижелі болуы дәрігерлік көмектің дұрыс ұйымдастырылуынан болады. Кейде бәрін жасағанмен науқасты ажал құрығынан алып қалу мүмкін болмай қалады. Мүны білген жөн.

Негізгі емдік шараларға жататындар:



  1. Аллергендердің түсуін тоқтату

  2. Ауру төсекте жатуы тиіс. Науқастың тілін қысып тартып қою керек.

  3. Егер жәндіктер шаққан болса улы заттың түскен жерінен жоғарғы жерінен таспамен байлау керек.

  4. Дәрінің немесе улы заттың түскен жері көрініп түрса 0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісімен оның айналасына шаншу керек.

  5. 0,5 мл адреналин ерітіндісі тері астына жіберілуі тиіс.

  6. 60-90 мг кейде одан да көбірек преднизолон жіберіледі.

  7. Науқастың қан қысымын өлшеп тұру керек. Егер көтерілмесе 1 мл 0,1% тавегил, немесе 1 мл 0,1% димедрол ерітіндісін бұлшық етке қайта жіберіледі.

  8. Тынысы тарылған науқастарға 10-20 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісі қанға құйылады.

  9. Егер ісік пайда болса қанға 2-4 мл лазекс жіберіледі.

10) Жүрек ритмі бұзылса қанға 0,5-1 мл корглюкон жіберіледі.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 33,5 мин (35%)

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

• қан түзу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі.



  • гемобластоздар дегеніміз не, қандай ауруларда қосарланып кездеседі?

  • гемобластоздврдың қандай түрлерін білесіз?

  • гемобластоз ауруын растайтын әдісті атаңыз

  • гемобластоздың емі

13. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1 бөлім 1;



Н-2 бөлім 8






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет