4.Сабақтың мақсаты:
Дәрігер-интерн білуге тиіс:
Жедел ішек бұзылысының себептерін.
Клиникалық көріністерін.
Жедел ішек инфекциясы кезінде көрсетілетін көмек.
Жұқпалы ауру ауруханасының жұмыс тәртібін.
Жедел ішек инфекциясымен ауыратын балалар күтімінің негізі элементтері.
ЖІА-да ұсталатын диета.
Сузызданған жағдайда көрсетілетін негізгі көмек.
Пероральды регидратация әдістері.
Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:
Жедел ішек бұзылысын басқа аурулардан ажырата білу.
Жедел ішек ауруының себептерін аңықтау.
ЖІА бар балаларға дер кезінде көмек көрсету.
Сузызданған кезде көмек көрсету.
Сузызданудың дәрежесін анықтау.
Пероральды регидратация жүргізе білу.
Инфузиялық терапия жүргізе білу.
5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.
Негізгі білім бойынша:
Ащ және тоқ ішектің АФЕ.
Биоценоз. Дисбактериоз.
Ішек ауруларын зерттеу әдістері (лабороториялық-инструментальді) және олардың жасына сай нәтижелері.
Осы сабақ тақырыбы бойынша:
Ерте жастағы балалардағы асқорытудың жедел бұзылыстары.
Диарея патогенезі, әртүрлі дегидратацияның негізгі көріністері.
Балалардағы дегидратация дәрежесін бағалау.
Балалардағы диарея кезіндегі дәрігердің емдеу жоспары.
Ротавирустары инфекция.
Кампилобактериоз.
Жай диспепсия.
Муковисцедоз.
6.Ақпараттық-дидактикалық блок.
Тітіркенген ішек синдромы және басқа да ішектің функционалды бұзылыстары (диареямен, диареясыз, функционалды диарея,іш қату).
Этиология және патогенезіне байланысты инвазивті (шигеллез, сальманеллез, кампилобактериоз, эширихиоз), секреторлық (ротавирусты инфекция және т. б) және созылмалы диареалар (целиакия, эксудативті энтеропатия, лактозаның, сахарозаның, изомальтозаның жетіспеушілігі, муковисцедоз, тағамдық аллергия, дисбактериоз және т.б.) түрлерін ажыратады.
Инвазивті ішек инфекциялары кезінде қоздырғыштар эпителиоциттер арқылы, ащ және тоқ ішектің шырышты қабатын қабынумен зақымдап, ішке енеді.
Секреторлық диарея ащ ішектің эпителилік функциональды бұзылыстарымен сипатталып, көп мөлшерде сұйық нәжістің бұзылуы мен және сусыздану мен сипатталады.
Секрсторлы диарея емдеудің негізгі қағидалары:
1.Рациональді диетотерапия
2.Переорольді регидратация
3.Энтеросорбентті терапия.
Сондай-ақ этапқа қосымша ферменттік терапия (креон және т.б.), антисекреторлық (имодум, индолятация), қосады.
Антибактериальді терапияны қолдану эффективті емес.
Целиакия – бұл тұрақты стеоториямен, дене массасын жоғалтумен, көптеген дефицитті күймен, ащ ішектің шырышты қабатының екіншілік зақымдануы, глютенсіз (глиацин) диетаны эффектісімен сипатталатын ауру.
Эксудативті энтеропатия – плазмалық белоктардың асқорыту жолдары арқылы жоғалтумен сипатталатын ауру. Бұл жағдай белоктық дефектке және басқа да метоболиттік бұзылыстарға әкеп соқтырады.
Лактозанының жетіспеушілігі – лактозаның дефициті кезінде туындайтын диарея, қортылмаған лактоза ащ және тоқ ішектің дистальды бөліміне барып, онда бактериальді ферментацияға түсіп сутегі органикалық қышқылдарының (уксус және т.б.) түзілуіне әкеледі. Осының әсерінен ішек қуысының гемотогенді қысымы жоғарлайды, яғни қан плазмаснан қысымы жоғары, ол өз кезегінде абсорбцияның төмендеуіне және құсудың жоғарлауына әкеледі. Ауру негізі құсу, іш өтумен, іш аурумен, баланы сүтпен тамақтандырғанан кейін іштің кебуімен сипатталады. Нәжісі сулы, көпіршіктенген, уксус иісіне ұқсас болады.
Муковисцедоз – физикалық дамудан қалу тамақтанудың бұзылысы, ерекше тәбет кезінде, капрограммада нейтральды май мөлшерінің көбеюі, тік ішектің тусуі, бұрындары мекониальді өткізбеушілік болған, терде хлоридтің жоғарлауы, 60 мкм/л жоғары, қазіргі кезде ДНҚ – диагностикасын қолданады.
Муковисцедоз – жиі моногенді ауру, гендік мутациямен шартталған (трнсмембрандық регуляторлық белок), патогенезінде эндокринді бездердің жүйелі зақымдану, өмірге қажетті мүшелердің және жүйелердің, ағымымен және болжамы жатады.
Созылмалы диареалардың диагностикасының алгоритмі
Анамнезі, физикалді зерттеу, ректроманоскопия, рентгенологиялық зерттеу, капрограммалар және нәжістік массаларды бактериологиялық зерттеу нәтижесінде диагноз қойылмаған.
Іш қату – бұл жүйелі түрде ішекті сирек немесе тіптен босатудың жетіспеушілігі кезінде болатын жағдай. Іш қату кезіндегі практикалық жұмыс шудың 48 сағаттан көп тұрақтануы, баланың өзін - өзі ұстауының өзгерісін спазмдарының тұрақтануын санауға болады. Іш қату барысында сирек сондай-ақ, қатты, нәжісі аз сипатта болады. Іш қатудың обьективті критерийі шу массасы 35г/күніне болып есептеледі. 95 -98 % ерте жас балаларда, іш функциональды сипатқа ие болады.
ІШ ҚАТУ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
І) Ұзақтығы бойынша: жедел, созылмалы.
ІІ) Этиологиялық және патогенетикалық сипаты бойынша:
Алиментарлы
Неврогенді
дискенетикалық
рефлекторлық
қалыпты (дефикацияға шақырудың төмендеуіне байланысты)
Гиподинамикалық
Іш қабыну аурулары әсерінен іш қату
Проктогенді
Механикалық
Тоқ ішек дамуының ақаулықтары әсерінен іш қату
Токсикалық
Медикаментозды
Эндокринді
Су – электролиттік алмасу бұзылыстары кезіндегі іш қату
ІІІ) Ішектің қозғату бұзылыстары сипаты бойынша:
Гипермоториканың басым болуы (гиперкинетикалық)
Гипомоториканың басым болуы (гипокинетикалық)
Достарыңызбен бөлісу: |