Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба


Өзін өзі бақылау сұрақтары



бет32/75
Дата21.06.2023
өлшемі318.94 Kb.
#475276
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75
Кадрлық менеджмент пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

Өзін өзі бақылау сұрақтары
1.Ұйым дегенімізді түсіндіріңіз
2.Ұйымның қызметі қандай ?
3.Ұйымның ішкі функциялары қандай ?
4.Ұйымның сыртқы функцияларын анықтаңыз
5.Формальды ұйым дегеніміз
6.Формальды емес ұйымға түсінік беріңіз

Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
16 - Дәріс. Ұйымдағы басқару процесі
Жоспары :
1.Ұйымның басқару жүйесі
2.Ұйымды басқару функциясы
Басқару — адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасын берейік.
Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесіңде мақсатты жүйелі ықпал ету. Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді. «Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін — ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті. «Жүйелік» анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. Әрекетгің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Басқару процесі — бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады. Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол «басқару қызметі» деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінегі тұрады. Басқару қызметі — басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады. Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметі барлық қызметтің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау. ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бакылау». Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ біржақты емес.
Функция — көп мәнді термин. Философияда бұл екі обьектінің (топтық) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социологияда — белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды. Функция — бұл сонымен қоса әрекет, міндет жұмыс Бұл мағынада функция ұғымы басқару қызметінің категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа қызметтерінде — өндірістік, әлеуметтік т.б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады. Басқару қизметінің өгіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез-келгені басқару саласындағы адамдар қызметіне тендестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орыңдалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет. Басқарудың барлық қызметі бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Бізге басқару процесінің торт қызметі белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру. мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау процестерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет