Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет3/10
Дата13.06.2016
өлшемі1.99 Mb.
#133982
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11.1 Күнделікті бақылау

Үлгерімді күнделікті бақылауды оқытушы тәжірибелік сабақтар мен оқытушы басшылығымен өткізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) сабақтарының түзілген кестесіне сәйкес жүргізеді. Бағалау критерийі :



Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Ауызша жауап

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады.

Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл

Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады.

Зертханалық жұмысты орындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Зертханалық жұмысты орындау

Аппаратуралармен жұмыс, нәтижелерді талқылау,хаттамаларды тіркеу.



Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Зертханалық және тәжірибелік жұмысты ешқандай қатесіз, өз уақытында орындап, оның есебін уақытылы өткізгенде және жұмыстың нәтижесін талқылауға белсенді араласып, ой-өрісінің биіктігін көрсеткенде қойылады.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Зертханалық және тәжірибелік жұмысты ешқандай қатесіз, өз уақытында орындап, оның есебін еш ескертпесіз өткізгенде және жұмыстың нәтижесін талқылауға белсенді қатысқанда қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Зертханалық және тәжірибелік жұмысты және есебін өткізгенде, жұмыс кезінде белсенділік танытпаса, оқытушы көмегіне жүгінгенде қойылады.

Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл

Зертханалық және тәжірибелік жұмысты және есебін уақытында тапсырмай, орындау барысында көп қателіктер жібергенде, бағдарламадағы тәжірибелік жұмысты түгел орындамай, жұмыс нәтижесін талқылауға қатыспағанда қойылады,


Жағдайлық есептерді шешу

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Жағдайлық есептерді дайындау және шешу.

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде ерекше ой-пікірін көрсеткенде, білімінің тереңдігін байқатып, тақырыпты басқа да салалардағы ғылыми жетістіктермен ұштастыра білгенде қойылады.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Жұмысқа белсенді түрде қатысып, жауап беруде қателіктер жібермей, жұмысқа белсенді араласып, білімінің жақсы екендігін көрсеткенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Сабаққа баяу түрде қатысып, бағдарлама материалдарын жүйелеуде едәуір қателіктер жібергенде қойылады.,

Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл

Топпен жұмыс істеуге қатыспады, оқытушы сұрақтарына жауап беруде көп қателіктер жіберіп, жауап беруде ғылыми терминологияны пайдаланбады.


Тест тапсырмаларын орындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тесттік тапсырмаларды орындау


Өте жақсы

86-100 % дұрыс жауап

Жақсы

75-85 % дұрыс жауап

Қанағаттанарлық

50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлықсыз


50% -дан төмен дұрыс жауап


Рефераттар дайындау және қорғау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Рефераттар дайындау және қорғау


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, тиянақты, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға сенімді, қатесіз жауап береді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, студенттің өз ойымен жазылып белгіленген уақытында жазылып тапсырылған және реферат тақырыбына сәйкес кестелер, таблицалар, суреттермен толықтырылған. Рефератты қорғау кезінде студент тексті оқымай, айтып береді, берілген сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберді.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, бел жазылған Рефератты қорғауда тексті оқиды. Берілген сұрақтарға сенімсіз және қателіктермен жауап береді.

Қанағаттанар

лықсыз
0-49 балл

Реферат кемінде 5 әдебиеттер көзінен алынып, компьютерде басылған, 10 беттен кем емес, компьютерде басылған, ұқыпсыз жазылып, уақытында тапсырылмады. Рефератты қорғау кезінде тексті оқиды. Сұрақтарға жауап беруде бағдарлама материалдарынан ауытқып, дұрыс жауап бермеді.


Тақырыптық презентация

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырыптық презентация


Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтарға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Презентация көлемі 20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.

Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл

Презентация белгіленген уақытта тапсырылған жоқ, көлемі 20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-ден аз. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.


Тест тапсырмаларын дайындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмаларын дайындау

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті және адекватты. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленген.




Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Уақытында тапсырылды. Текст негізі мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дәл, ұқыпты құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес.




Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Тест сұрақтары 10-нан кем емес құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз. Тест тапсырмалары нақты емес, дәл емес, ұқыпсыз құрыстырылған. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дәл белгіленбеген.




Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл

Тест сұрақтары 10-нан кем құрастырылған. Текст негізі мазмұнсыз, сұрақ дұрыс қойылмаған.. Жауаптары бір типті емес. Жауаптар алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптарының жауабы 50%-дан төмен, дәл белгіленбеген.


Аралық бақылау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тестілеу/әңгімелесу

Өте жақсы

95-100 балл

90-94 балл


Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 86-100% дұрыс жауап берді.

Жақсы

85-89 балл

80-84 балл

75-79 балл



Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-85% дұрыс жауап берді.

Қанағаттанарлық

70-74 балл

65-69 балл

60-64 балл

50-54 балл


Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады. Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.

Қанағаттанарлықсыз
0-49 балл

Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% -дан төмен дұрыс жауап берді.

Рейтинг

Пән бойынша үлгерім жалпы бағамен анықталады:

ЖБ ═ ЖРБх 0,6+ҚББх0,4; мұнда:

ЖБ – жалпы баға

ЖРБ – жіберілу рейтингісінің бағасы;

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы.

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) пән бойынша жалпы үлгерімнің (ЖБ) 60 % құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы жалпы бағаның (ЖБ) 40% құрайды:

Емтиханға жіберілу рейтингісінің

бағасы (ЖРБ) ═ АғББ+АрББ ;

2

Мұнда: АғББ – үлгерімді ағымдық бақылау бағасы



АрББ – үлгерімді аралық бақылау бағасы, 2 аралық бақылау:

(АрББ1 + АрББ2)/2

Үлгерімді ағымдық бақылау (АғББ) ═ практикалық сабақтардың орта бағасы + ОЖСӨЖ орта бағасы + СӨЖ орта бағасы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ

САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы




Клиникалық биохимия пәнінен дәрістер жинағы

Пән: Клиникалық биохимия

Мамандығы: 5В110100 «Мейірбике ісі»

Курсы: 4

Дәрісті құрастырғандар:

Профессор: Кенжебеков П.К.

Аға оқытушы: Ордабекова А.Б.

Шымкент 2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген,

Хаттама № __ _________ 2012ж.


Каф.меңгерушісі, м,ғ,к: Есиркепов М.М.

1 дәріс

Тақырыбы: Клиникалық биохимияға кіріспе. Ақуыздардың алмасуын зерттеулердің клиникалық-диагностикалық маңызы.

Клиникалық биохимияға кіріспе. Туылғандағы гендік жетіспеушілік, дұрыс тағамданбау, оттегінің жетіспеуі, улы заттардың әсер етуі, анафилаксия және тағы басқалары биохимиялық реакциялардың жылдамдығының өзгеруіне себеп болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде мүшелердің, ұлпалардың және жасушалардың биохимиялық қызметтерін атқаруға кері әсерін тигізеді. Клиникалық биохимияның мақсатына адам организміндегі биохимиялық реакциялардың жүруінен бұзылуына диагноз қою жатады.

Клиникалық биохимия – бұл адам ағзсында биохимиялық процесстердің жағдайын айқындайтын аурудың даму механизмі және оның денсаулығын бағалау үшін биохимияның қолданбалы бөлімі. Клиникалық биохимия тәжірибелік медицинның негізгі бөлігі болып табылады. Бірақ, себептерді оқып үйрену мүмкіндіктері, чғни аурудың этиологиясы мен оның даму механизмдері, яғни, патогенезі, адамның жасушаларында, тіндерінде және органдарында биохимияның әдістері біршама шектеулі және клинико-биохимиялық зерттеулердің аз бөлігін құрайды. Себебі, бұл зерттеулер адамға зиянсыз жүргізілуі тиіс. Сондықтан, биохимиялық тәжірибелік зерттеулер клиникада, негізінен адамның денсаулығын бағалауда, алмасулардың бұзылуының этиологиясы мен патогенезін эксперименнттегенде, аурудың моделін оқып-үйренуде пайдаланылады.

Бұл міндетті клиникалық биохимия бөлімдеріне негізделген патологиялық биохимия немесе патобиохимия атқарады.

Клинико-биохимиялық зерттеулердің белгіленуі

ауруға диффериенциалды диагноз және алғашқы диагноз қою;

аурудың жүруі мен алдын болжау мінездемесі;

емдеу және алдын алу шараларының жүргізілуіне бақылау;

аурудың дамуының молекулалық механизмдерін оқып-үйрену.
Клинико-биохимиялық зерттеулердің материалдары болып саналады:

ағзаның ішкі ортасының биологиялық сұйықтықтары: қан, жұлын сұйықтығы, лимфа, қантамырыішілік сұйықтық.

экскреттер: несеп, өт, сілекей, ішек және асқазан сөлі, нәжіс, тер, көз жасы сұйықтығы, әйелдің емшек сүті, ұрық сұйықтығы, щырышты бөлінулер.

тіндер бөліктері немесе биоптоптар, яғни тірі адамнан алынған арнайы аспаптармен алынған үлгілері немесе хирургиялық отамалар кезінде алынған.

Клиникада ең кең таралған зерттеулер көздері қан және несеп болып табылады, ал басқа биологиялық сұйықтықтар мен экскреттер, сондай-ақ адам тіні салыстырмалы сирек тексеріледі.

Клиникада анықталатын негізгі биохимиялық көрсеткіштер тобы:


  • макромолекулалар мөлшері, мономерлер мен олардың кейбір алмасу өнімдерін;

  • ферментер мен изоферменттер белсенділігі;

  • витаминдер, коферменттер және олардың алмасу өнімдерінің мөлшері;

  • су мен минерал заттар мөлшері;

  • жасуша сыртылық реттеушілер-гормондар, гормоноидтар, нейромедиаторлар, гуморальді реттеушілер мен олардың алмасу өнімдерінің мөлшері.


Ақуыздардың алмасуы. Ақ уыздар мен аминқышқылдардың алмасу жолдарын түсіндіру. Аминқышқылдардың трансаминдену және дезаминденуінің маңызын түсіндіру.Аммиактың пайда болу және залалсыздандыру жолдарын қарау.Нуклеопротеидтердің негізгі биологиялық маңызын түсіндіру.Көмірсулар, липидтер және ақ уыздар алмасуының байланысы және алмасудың жалпы жолдары туралы білімді қалыптастыру.

Ұлпадағы амин қышқылдарының негізгі көздері және оларды пайдалану. Тағам ақуыздары-амин қышқылдарының негізгі көзі. Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. Азотты баланс туралы түсінік. Ересек кісілерде және жас балаларда ақуызды ашырқаудың себебі мен салдары. Квашиоркор. Асқазан сөліне биохимиялық анализ жасаудың диагностикалық маңызы. Ақуыздардың ішектегі шіруі. Амин қышқылдарының шіру өнімдерін залалсыздандыру.



Ұлпадағы амин қышқылдарының негізгі көздері және оларды пайдалану. Тағам ақуыздары-амин қышқылдарының негізгі көзі. Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. Азотты баланс туралы түсінік. Ересек кісілерде және жас балаларда ақуызды ашырқаудың себебі мен салдары. Квашиоркор. Асқазан сөліне биохимиялық анализ жасаудың диагностикалық маңызы. Ақуыздардың ішектегі шіруі. Амин қышқылдарының шіру өнімдерін залалсыздандыру.

  • Амин қышқылдарының ұлпа ішілік катаболизмі. Трансаминделу, трансаминазалардың арнайылығы. В6 дәруменінің коферменттік рөлі. Қан сарысуында трансаминазаны анықтаудың диагностикалық маңызы. Амин қышқылдарының әртүрлі жолдармен дезаминденуі. Амин қышқылдарының тотыға дезаминденуі. Амин қышқылдарының тікелей емес жолмен дезаминденуі. Амин қышқылдарының дезаминденуінің биологиялық маңызы.

  • Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдер: гистамин, серотонин, g-аминомай қышқылы, катехоламиндер түзілуі және биологиялық қызметтері. Биогенді аминдердің тотығуы (моноаминоксидазалар), МАО-ның тежеушілері. Қабыну мен аллергиялық реакцияларда гистаминнің рөлі. Антигистаминді препараттар.

  • Аммиактың тағдыры. Организмдегі аммиактың негізгі көздері. Азот алмасуының соңғы өнімдері: аммоний тұздары және мочевина. Мочевина биосинтезі. Мочевинаның синтезі мен шығарылуының бұзылуы. Бүйрек циррозы кезіндегі, туа пайда болған, катаболизм кезіндегі гипераммониемия. Амин қышқылдарының алмасуының ерекше жолдары: біркөміртекті фрагменттің алмасуы, құрамында күкірті бар және ароматты амин қышқылдарының алмасу ерекшеліктері, кейбір амин қышқылдарының алмасуының бұзылуы.

  • Ақуыздар, майлар және көмірсулар алмасуларының өзара байланысы.

  • Көмірсулар, липидтер және ақуыздар алмасуының жалпы жолдары. Ортақ энергетикалық көздері. Көмірсулар мен липидтерден амин қышқылдарының биосинтезі. Гликогенді және кетогенді аминоқышқылдар. Көмірсулар және ақуыздардан майлардың биосинтезі. Амин қышқылдарынан көмірсулардың биосинтезі.

  • Аммиак - өте улы зат. Ол әсіресе, жүйке ұлпалары үшін өте қауіпті. Ол ағзада жиналған кезде, жүйке жұйесінің қозуы байқалады. Сол ұшін ағзаларда аммиакты залалсыздандыру механизмдері бар. Аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы – ол мочевинаның синтезі.

  • Өткен ғасырдың өзінде-ақ, орыс ғалымдары М. В. Ненцкий және С. С. Салазкин бауырда аммиак пен көмірқышқылына мочевинаның тұзілетінін анықтады.

  • Кребс пен Гензин-Лейт мочевинаның синтезі циклді процесс екенін дәлелдеді және бұл процесстер каталиттік рөльді орнитін атқаратынын анықтады.

  • Пуриндік негіздер несеп қышқылына дейін ыдырайды. Ол пуриндік нуклеотидтердің соңғы өнімі болып табылады және адам ағзасынан несеппен сыртқа шығарылып отырады. Пиримидиндік негіздердің айналымы в – аланин, CO2 және аммиакқа дейін ыдырайды.

  • β-аланин - бұлшық ет дипептидтері карнозин мен ансериннің синтезіне жұмсалады немесе несеппен сыртқа шығарылады. Несеп қышқылының қандағы мөлшері артқанда гиперурикемия ауруы дамиды.

  • Ол кезде ұлпаларда натрий уратының кристаллдары жиналады, әсіресе жергілікті жердегі pH ортаның төмендеуінен. Подагра ауруы да буындарды және бұйректе ураттардың жиналуынан пайда болады.

  • Заттар алмасуының маңызды мономерлері: амин қышқылдары моносахаридтер (глюкоза), май қышқылдары, мононуклеотидтер бір-бірімен тығыз байланыста болады.

  • Бұл байланыс кілттік метоболиттер арқылы іске асырылады. Олар мономерлердің ыдырау жолдарында немесе синтезінде жалпы звено болып келеді. Мұндай метаболиттерге пируват, ацетил-КоА, а - глицеролфосфат және кребс айналымының аралық өнімдері ( оксалоацетат, малат, фумарат, сукцинил-КоА, 2-оксоглутарат, изоцитрат және цитрат).

  • Мочевина – ағза үшін зиянсыз зат. Ағзадағы оның негізгі тұзілетін жері – бауыр болып келеді. Бауырда мочевина түзілуіне қатысатын ферменттердің бәрі бар.

  • Адам ағзасында 4,5-5,0 г темір бар. Қан гемоглобинінде бұл мөлшерден 60-70%, миоглобин – 3,5%, ферритин – 20%, трансферритин – 0,18% кездеседі.

  • Ағзадағы темірдің мөлшері негізінен сіңірілудің интенсивті тұрде жұруінен реттеліп отырады.

  • Ішектелген ол тағаммен бірге тұсіріліп отырады. Оның артық мөлшері сіңірілмейді. Анемия ауруларында ағзаның темірге деген сұранысы қатты артады, әрі темірдің жетіспеушілігі байқалады.

2 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет