Білімнің түрлері
Репродуктивті білім
|
Конструктивті білім
|
Жоғарыдан қысым жасау;
Қатаң тәртіп сақтау;
Кітаптан оқу
Жүйесіз іскерлік пен дағдыны қайталау арқылы қалыптасу;
Белгісіз, бұлынғыр келешекке дайындау
Статистикалық (өзгермейтін) мақсат және материалдар.
|
Тұлғаның өзін - өзі дамытуы, өзіне-өзін ашу;
Еркін қарым – қатынас;
Өмірлік тәжірбиесі арқылы оқу;
Өмірлік мақсатына жету үшін іскерлік пен дағдыны игеру;
Қазіргі күннің мүмкіндіктерін пайдалану;
Күнделікті өзгеріп отыратын әлемнің динамикасы.
|
-
Конструктивті берілген білімде:
1.Білім алушылар факті, ереже, принциптерден өз бетінше мәтін конструкциялайды
2. Білім алушы рефлекция арқылы өзін-өзі өзгертіп дара тұлғасын дамытады.
3. Конструктивтік білім адамның өзін-өзі өзгерту мақсаты мен құралдарын нақтылап қана қоймай, адамды өзімен өзін жетілдіру бағытында жұмыс істеуге жұмылдырады.
Конструктиивтік білімнің тұлғаны өзгерту әсерінің тиімділігі сол алған білімнің адамның өзін - өзі өзгерту процесіне жұмылдыру мүмкіндігіне, қабілетіне байланысты. Сондықтан конструктивтік білімнің негізгі құрылымдық белгісі оның тартымдылығына, мәнді, мазмұнды болуына байланысты.
Конструктивті, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулуда қазіргі таңда білім беру процесінде ақпараттық технологиялар, білім берудің белсенді әдістері кеңінен пайдалануда.
Инновациялық оқыту технологиясы білім берудің эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс-әрекетін ұйымдастыру және оқушы тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті бақылау. Адамның әрекетін, біліктілігін, тәжірибесін еңбекке қажетті заттарды, әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі технология деп аталады. Ақпараттық технология (АТ, ағылшын тілінде . information technology, IT) — іс-әрекет саласындағы пәндердің жиынтығы сонымен қатар есептеу техникасын қолдану арқылы басқару технологиясына жататын мәліметтерді талдау, өңдеу және сақтау.[2] Соңғы кездерде көбіне ақпараттық технология деп компьютерлік технологияны түсінеді. Ақпараттық технология ақпаратты алу және беру, қорғау, өңдеу, сақтауды бағдарламалық қамтамасыз етуде компьютерлік технологиямен жұмыс істейді. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша АТ - ақпаратты өңдеп, сақтайтын адамдардың еңбегін ұйымдастырудың тиімділігін арттыратын әдістерді зерттейтін ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің тығыз байланысты кешені. Қазіргі АТ-негізгі сапалары:
-
Берілген алгоритм бойынша ақпаратты компьютермен өңдеу;
-
Тасымалдаушы машинада көп көлемде ақпарат сақтау.
«Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады» деп есептейді «Ақпараттық технология» терминін қолданысқа енгізген академик В.М.Глушков.
Ал А.Горячев Білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды деп тұжырымдайды. «Ақпараттық технология» - мәтінідік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады.
«Ақпараттық технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі.
Н.Апатова «Ақпараттық технология » ұғымына екі түрлі анықтама береді;
1.«Ақпараттық технология» - қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер.
2.«Ақпараттық технология» - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы.
Әлеуметтік ғылымдар факультеті білім беру процесiн ұйымдастыру барысында мынадай ақпараттық қызмет типтерiн пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
-
мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
-
гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
-
Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)
-
видеоконференциялар
Ақпараттық қызмет құралдары WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция өткізу арқылы пән бойынша түрлi талқылауларды жүзеге асырады.
Электрондық пошта көмегiмен оқытушы мен студент арасында оқу материалдарын жiберу және оқытушыға өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол оқытушының жұмысын жеңiлдетедi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Оқытушы пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады. Аталған типтердiң көмегiмен оқытушы білім алушыларға білім береді, оны талдап, жіберілген қателіктердің туу себептерін талдайды. Сөйтіп, студенттің білім алу барысында материалды өз бетімен саралауына, білім саласындағы өз күшін байқап көруіне мүмкіндік туғызылады.
FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсындағы гипермәтiн түрiнде орналастырылған көрнекi және анықтамалық материалдарды пайдаланады. Оқытушы iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындай алады. Студенттердің үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi.
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
-
компьютерлiк үйрету бағдарламалары
-
электрондық оқу құралдары
-
компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
-
электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
-
аудио және видеоматериалдар
-
Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сөйткенмен оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс, ол қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды.
Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.
Білім беру процесінде кеңінен қолданылатын активті оқыту әдістері:
1Пікірталастар
2.Ойын әдістері
3.Рейтинг әдістері
4.Тренингтік әдістер.
Ақпараттық кеңістік, ақпараттандыру құралдары үнемі даму, жетілу үстінде. Мәселен Ресейлік компаниялар мемлекеттік органдардағы электронды құжат айналымында өз көмектерін ұсынумен қатар ABBY PDF Transforms» бағдарламасын қазақ тіліне аударып, интерфейсін де қазақ тілінде жасауды қарастыруда.
Сингапур және Малайзия тәрізді ақпараттық технология саласында әлемде көш ілгері келе жатқан елдердің озық үлгілерін саралап, білім беру процесінде пайдалану өте қажет мәселе.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді [3]. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің жалпы білім беру пәндерін оқытудың маңыздылығы және оның өзектілігін көтерудегі күшті жақтары:
1.Оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-практикалық деңгейінің жоғарылығы;
2. Оқытушы-профессорлар құрамының жаңалыққа жақындығы;
3.Оқытушы-профессорлар құрамының студенттердің білімі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына талпыныстарын қолдап, басшылық жасауы;
4.Факультеттегі мамандықтарға студенттердің қызығушылығының басымдығы;
5. Оқытушы-профессорлар құрамының студенттерді мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудегі жұмыстары;
6. Оқытушы-профессорлардың әлемдік оқу орындарымен байланысының артуы,Темпус және Болашақ бағдарламалары бойынша тәжірибеден 4 оқытушы-профессорлар өтсе, 2011 жылы бұл сан екі есеге артып отыр.
7.Деканаттың кредиттік оқыту жүйесі жағдайында жалпы білім беру пәндерін оқытудың маңыздылығы және оның өзектілігін арттыруға басымдылық беріп, жағдай жасауы.
әлсіз жақтары:
1. Оқытушы-профессорлардың оқу жүктемесіндегі пәндердің көп болуы/7-11 пән/;
2.Импакт –фактор журналдарға мақалалар жариялаудың аздығы.
3.Ғылыми-зерттеу жұмысының жүйелі жүрмеуі.
Ұсыныстар:
1. Оқытушы-професорлардың жүктемесін әлемдік талаптарға сәйкестендіру;
2.Мемлекеттік тілде оқулықтар мен оқу -әдістмелік құралдар дайындауды оқытушылардың жүктемесіне енгізу, немесе арнайы уақыт беру;
3.Дәріс оқитын оқытушылардың дәріске дайындығына апта ішінде бос күн беру;
4.Оқытушылардың әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу-орындарымен байланысын, өзара тәжірибе алмасу ауқымын кеңейту;
5.Оқытушы-профессорлардың студенттермен СӨЖ, СОӨЖ жүргізу әдістері бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
6.Білім беруді бақылау комитетінің тізіміндегі және импакт-фактор журналдарына мақала жазу.
7.Оқытушылардың оқитын пәндері бойынша силлабусы және сабақ кестесінде өткізетін уақыты көрсетілгендіктен жүктеме журналын толтыру бос уақыт алатын артық жұмыс. Сондықтан ондай журналды толтыруды талап ету артық.
8. Магистратура мамандықтары бойынша бақылау, бағалау кезіндегі ведомостарды бір орталықтан беру жолға қойылса, себебі оқытушы әр семестрде кемінде 8 факултеттен ведомость жинап, оны қайта апарып өткізуі тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030». Алматы: Білім,1997.-176 б.
2.«Қазақ Совет Энциклопедиясы», 2010-168 б.
3. Әл - Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1975.-382 б.
ТАРИХШЫ ЕМЕС МАМАНДЫҚТАРДА «ҚАЗАҚСТАН
ТАРИХЫ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Ибраева А.Г. т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының
доценті
Тәуелсіздік алғаннан кейін республикамыздың білім беру жүйесіндегі ізденістер мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталды. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. 2004 жылдың ақпан айында Үкіметтің «Білімді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдауы жоғары мектептегі оқу үдерісін ұйымдастыру мәселесіне түбегейлі өзгеріс енгізіп, кредиттік оқыту жүйесіне көшу қолға алынды. Жаңа жүйеге көшу жоғары оқу орындарында мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және оның негізінде құрастырылатын типтік оқу жоспарларын қайта жасауды талап етті.
Бүгінгі күні еліміздің жоғарғы оқу орындарының студенттері таңдаған мамандықтары бойынша 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және типтік оқу жоспарлары негізінде білім алуда. Типтік оқу жоспарындағы жалпы білім беретін пәндердің қатарына Қазақстан тарихы курсы ерекше мәнге ие болып, жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына енгізілді. Пәннің мәртебесін өсіру ең алдымен халықтың бұрмаланған тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмге тәрбиелеу мақсатын көздеген мемлекеттік саясат болып отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен жоғарғы оқу орындарының студенттері “Қазақстан тарихы” пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушылар мен білім алушы студенттерге үлкен міндеттер жүктеуде. 2005 жылдан бастап университетімізде емтихан компьютерлік тестілеу әдісі арқылы алынады.
Мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес Қазақстан тарихы пәні ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі ірі-ірі тарихи оқиғалар мен уақыт өлшеміне байланысты мынадай кезеңдер негізінде оқытылады: 1. Көне заманнан, палеолит дәуірінен ХІІІ ғасырдағы монғол шапқыншылығына дейінгі кезең; 2. ХІУ-ХУІІІ ғасырдың басын, яғни Қазақ хандығының ұлттық мемлекет ретінде құрылып, дамуы мен қазақ этносының қалыптасу уақыты; 3. ХУІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 жылға дейінгі кезең; 4. 1917 жылдан 1991 жылға дейін; 5. Тәуелсіз Қазақстан.
Пәнге мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша 135 сағатқа тең 3 кредит бөлінген. Оның 45 сағаты (30 сағат – дәріс, 15 сағат – семинар), 45 сағаты студенттің өздік жұмысы (СӨЖ), 45 сағаты студенттің оқытушымен өздік жұмысы (СОӨЖ) түрінде өтіледі. Пәнді жүргізу Қазақстан тарихы кафедрасының белді оқытушыларына жүктелген. Атап айтсақ, т.ғ.д., профессор С.И. Ковальская, т.ғ.к., доценттер С.Ә. Мәкен, Д.Н. Баймағамбетова, К.М. Жақыпова, А.Қ. Рақымбекова, А.Ғ. Ибраева, А.М. Жәркенова, Ө.Ж. Бекмағанбетов, семинар және СОӨЖ-на аға оқытушылар және оқытушылар Ж.О. Хасенова, Қ.О. Сейтқазина, Н.Ж. Исабаев, Д.М. Маратова, Г.Қ. Битниева, Қ.А. Сарин және Ә.М. Молдашева жұмылдырылған. Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Т.С. Садықовтың жетекшілігімен пәннің оқу-әдістемелік кешені, Мемлекеттік емтихан бағдарламасы және тест сұрақтарының базасы қазақ және орыс тілдерінде әзірленді. (Проектордан көрсету)
Болашақ маман жоғары оқу орны аудиториясында қалыптасады, одан болашақ түлектің біліктілік деңгейі анықталады. Оқытудың дәстүрлі әдісі студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты ұсынады, оқытушы студенттің оқу қызметіне үнемі бақылау жасап, оқу материалын студенттерге дұрыс меңгертуі керек. Бір сөзбен айтқанда сабақтың нәтижелілігі оқытушыға байланысты. Оқытудың бұл түрі директивті болып есептелінеді. Директивті оқытуда білім деңгейі оқу үрдісінің мазмұнын ұйымдастыра отырып ақпарат беру үлгісіндей саналады. Бір жақты сұхбат (диалог) болған кезде ақпараттың көпшілігі беріледі бір жағынан оқытушы сөйлейді. Директивті оқыту үлгілерінің негізгі критерийлері нақтылы қорытынды бақылау, сабақтан тыс уақыттағы өзіндік жұмыстарға болжам жасау, жазба жұмысы қарастырылмайды.
Қазіргі таңда компьютер және интернет – жаңаша технологиялар Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беруде маңызды роль атқаруда. Бұл жағдайда қазақстандық студенттер жастардың жаңаша танымдық көзқарастары қалыптасатыны анық. Әсіресе инерактивті әдістерді оқу үрдісінде қолдануда компьютер және интернет технология пайдаланылады. Жаңаша әдістерді түсінуде, мүмкіндігінше жаңа технологияларды пайдалануда, оқытудың интерактивті әдістері қолданылады.
Сондықтан, бүгінгі таңда оқу үдерісіне енгізіліп жатқан инновацияның түріне интерактивті оқытуды жатқызамыз. Интерактивті оқытудың үлгілері: материалды еркін мазмұндауда дисскуссия ұйымдастыру, дәріс санын қысқарту, семинар санын көбейту, топтық тапсырмалардың түрлері, бақылау жасау, ауызша, жазбаша жұмыстар орындау т.б. жатады.
«Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болған. «Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact» («inter» – «өзара», «act» – «әрекет ету») деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі – оқу процесінің өнімділігін арттыратын білім алушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жағдай тудыру
Жоғары оқу орнында қолдануға болатын оқытудың қазіргі әдістерінің аспектілеріне келетін болсақ: көкейкесті – мазмұнды әдіс, тұсаукесер (презентация) пікір-сайыс (дискуссия), кейс – стади, топта жұмыс істеу, мимен ойлау әдісі (мозговая стака), викториналар, сыни ойлау әдісі, кіші – зерттер, іскер ойындар, ролдік ойындар, Insert әдісі (студенттер 10 минутта ассоциативті эссе жазады), блийц – сұрақ, дебат, анкета алу әдістері жатады.
Қазақстан тарихы барынша кең ауқымды, гуманитарлық және сөз өнеріне тоқталатын пән. Оқу курсы ретінде тарихтың мақсаты – танымдық тапсырмаларды шешу, студенттердің тарихтың ғылыми түсініктерін қалыптастыру жолында жұмыстар жүргізу, онсыз тарихты жан-жақты түсіну мүмкін емес. Оқытушының міндеті бұл жағдайда белгіленген білімнің ара қатынасын аша білу, бір жағын студенттің өзге жақтарын біліммен байланыстыра отырып дамыту болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін кафедра оқытушылары жаңаша (инновациялық) әдістерді қолдануды тәжірибеге енгізуде. Кафедраның әдістемелік секциясның мүшелері Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану түрлеріне байланысты семинар өткізіп, онда т.ғ.д., профессор С.И. Ковальская мен т.ғ.к., доцент А.Ғ. Ибраеваның арнайы тақырыптар бойынша баяндамалары тыңдалып, тұсаукесер жасады.
Қафедра оқытушыларының интерактивті технологияны оқыту үдерісінде пайдалану әдістерін жан-жақты зерделей келе үшке бөліп қарастыруға болады:
-
техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай өту әдісі,
-
техникалық құрал-жабдықтарды жарым-жартылай қолдану әдісі;
-
техникалық құрал-жабдықтарды қолдана (аудиовизуалды) оқыту әдісі.
Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай өту әдісіне жұптасып жұмыс істеу, ротациялық (ауыспалы) үштік, карусель–айналмақ, шағын топтармен жұмыс, аквариум, аяқталмаған сөйлем, миға шабуыл (мозговой штурм), броундық қозғалыс, есептеу ағашы, өз атынан сот, азаматтық тыңдау, ролдік (іскерлік) ойын, сығымдау әдісі, өз позицияңды ұстан, пікір-сайыс (дискуссия), дебаттар т.б. жатады. Кафедра оқытушылары тарапынан бұл әдістер неғұрлым кеңінен және тиімді пайдаланылуда. Атап айтсақ, т.ғ.к, доцент К.М. Жакупова «ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер» семинар сабағын конференц сабақ түрінде өткізсе, аға оқытушы Қ.О. Сейтқазина «Тәуелсіз Қазақстан» семинар сабағын дебат түрінде, оқытушы А.М. Молдашева «Тәуке хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы» СОӨЖ сабағын миға шабуыл әдісін қолдану арқылы өткізген. (Проектор арқылы көрсету)
Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолдана оқыту әдісіне компьютерді, мультимедиалық проекторларды немесе бейнемагнитофондарды пайдалану жатқызылады. Аталған құралдардың барлығы білім беру секторларында, оқыту орталықтарында жиі қолданылады. Осыған байланысты Smart technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде бірінші болып интерактивті тақтаны ұсынды. Интерактивті тақта оқу пәндерін түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни бастауыш, орта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруға ықпал етуде.
Интерактивті тақтаның көмегі оқу барысында өте зор екені зерттеу жұмыстарында айқын көрсетіліп жүр. Бұл – жаңашыл аудиовизуалды техникалық құрал-жабдықтар мен оқытудың үдемелі де қарқынды әдістерін қолдану арқылы тыңдаушыларын қызықтырып, сабаққа белсенді түрде қатысуын арттыратын, материалдарды меңгеруді жеңілдететін, студенттерге ауқымды оқу материалдарымен көмектескісі келетін оқытушыларға өте тиімді таңдау. Сонымен қатар, интерактивті тақта арқылы Power Point бағдарламасы негізінде оқу файлдарын және бейне-роликтер әзірлеуге, оқу прцесінде DVD, бейне-кассеталарды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндіктер 2009 жылы Қазақстан тарихы кафедрасына интерактикті тақтасы бар кабинет бөлінген кезде тиімді пайдаланылған еді. Өкінішке орай, бір корпустан екінші корпусқа көшу барысында кафедраға тиесілі техникалық жабдықтар берілмегендіктен кафедра оқытушылары оңтайлы мүмкіндіктен қол үзе бастады. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде интерактивті тақта деканаттар мен кафедраларға берілгеніне біраз уақыт өткенімен іске қосылып, қызмет көрсетіп жатқаны шамалы. Оған бірнеше себептерді көрсетуге болады: 1. Оқытушылар тақтамен жұмыс істеуді әлі де жете меңгермеген; 2. Қазақстан тарихы сияқты үлкен аудиторияларда өтілетін пәндердің ерекшеліктері сабақ кестесін жасау кезінде мүлдем ескерілмейді және сабақ өтілетін аудиторияларда тақта түгілі микрофон да болмайды; 3. Кезінде оқыту үдерісіде интерактивті тақтаны қолдану арқылы ақпараттық технологияны пайдалану деген жақсы бастаманың аяқсыз қалғаны.
Дегенмен, кафедра оқытушылары дәріс, семинар, СОӨЖ сабақ материалын Elluminate Live және Power Point бағдарламасында слайд әзірлеу және оны тұсаукесер (презентация) түрінде дайындауда. Материалдардың құрамына кесте, сұлба, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер ендіру мүмкіндігі бар. Осыған орай, кафедра оқытушылары тарапынан тарихшы емес мамандықтардың студенттеріне Қазақстан тарихы пәнінен өтілетін семинар, СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларының кесте, сұлба, тест сұрақтары түріндегі әдістемелік нұсқаулары жасалды. (Проектор арқылы көрстеу). ElluminateLive бағдарламасы әр түрлі бағдарламаларды (Паскаль, Visual Mind, офистік т.б. бағдарламаларды) бірлесіп қолдану, дауыс беру, тестілеу, файлдармен алмасу мүмкіндіктерін беретіндіктен, алдын-ала қажетті материалдарды басқа бағдарламада да әзірлеп қолдануға болады. Кафедра оқытушылары тарапынан жиі қолданылатыны Power Point бағдарламасы. Себебі бұл бағдарлама арқылы әзірленген материалды көрсету үшін кафедра арнайы техникалық жабдықпен (ноутбук, проектор) қамтамасыз етілген. Осыған орай, тарихшы және тарихшы емес мамандықтарда сабақ жүргізуші оқытушылар Қазақстан тарихының бірқатар тақырыптарын аталмыш бағдарлама негізінде құрастырып, жаңаша әдіспен дәріс, семинар, СОӨЖ сабақтарын жүргізуде. Мәселен, т.ғ.к., доцент А.Ғ. Ибраева «Қазақстан территориясындағы тайпалық бірлестіктер», «Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан», т.ғ.к., доцент А.Қ. Рақымбекова «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс», т.ғ.к., доцент Ө.Ж. Бекмағанбетов және аға оқытушы Н.Ж. Исабаев «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан», аға оқытушы Ж.О. Хасенова «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы» тақырыптарындағы дәріс сабақтарын ақпараттық технологияны пайдалану арқылы интерактивті түрде өткізуде. (Проектор арқылы көрстеу қажет). Кафедраның басқа оқытушылары тарапынан мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Қазақстан тарихы курсында пайдалануға тиімді әдістердің бірі – (мәселелі) проблемелы оқыту болып табылады. Бұл әдісті дәріс, семинар, СОӨЖ сабақтарында қолдануға болады. Сабақтың өтілу барысы диалогке (сұхбақа) ұқсас келеді. Бұл әдіс студенттің танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырып, қызығушылық тудырады және оқыту үрдісіне енгізеді. Мәселені ашуда қайшылықтар туындап, студенттің білімін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Сабақ алдында студенттерге проблемалы сұрақ қойылады немесе проблемалы тапсырма беріледі. Мәселені шешу үшін оқытушы материалдағы қарама-қайшылықтарды студенттің қабылдауына дайындайды. Мұның тиімділігі жеке мәселелерді студенттердің өзі көрсетеді. Бұл әдістің басты жетістігі оқытушы аудиториядан қойылған мәселенің студенттің «өзіндік шешімін» тыңдау мүмкіндігіне жетеді. Проблемалы оқытуды ұйымдастыру – дәріс оқушының күрделі, маңызды дайындығының негізінде жүзеге асады. Қазақстан тарихы курсында проблемалы тақырыптар және мәселелер көп болғандықтан С.Ә. Мәкен, К.М. Жақыпова, Д.Н. Баймағамбетова, А.Ғ. Ибраева, А.М. Жәркенова, Ж.О. Хасеновалар тарапынан бұл әдіс дәріс кеңінен қолданылуда. Мысалы, т.ғ.к., доцент К.М. Жақыпова Халықаралық қатынастар факультетінде шежіре құрастыру, «Менің туған қалам» атты тақырыптарды шығармашылық тапсырмалар әдісін қолдану арқылы жүргізсе, т.ғ.к., доцент Д.Н. Баймағамбетова сабақта көрнекі құралдарды тиімді пайдалану арқылы интерактивті дәріс сабағын өткізді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары ҚР Тұңғыш Президенті музейіне, «АЛЖИР» мемориалды музей-кешеніне экскурсиялар ұйымдастыруды тәжірибеге айналдырып, студенттердің білімін жетілдіруде.
Қазақстан тарихы кафедрасында оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану мақсатында 050203 – «Тарих» мамандығын игеретін студенттерге «Тарихи информатика» және 6N0203 – «Тарих» мамандығының 2 курс магистранттарына «Оқытудағы инновациялық технологиялар» таңдау бойынша пәндері оқу жоспарына енгізілді. Аталмыш пәндердің оқу жоспарына енгізілу мақсаты – кредиттік оқу жүйесі бойынша білім алатын студенттерге ақпараттық технологиялар жөнінде білім, іскерлік және дағды қалыптастыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздеуді көздеп отыр. Мәселен, «Тарихи информатика» пәні бойынша СОӨЖ Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныпта өтіліп, студенттердің интернет қорын пайдалану арқылы реферат, курстық жұмыс, ғылыми жобаларды әзірлеуге мүмкіндіктерін әлдеқайда арттыратыны сөзсіз. Тарих мамандығын игеретін студенттерге арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені оқу құралы ретінде жарық көрді (С.И. Ковальская. Тарихи информатика. – Астана: Изд-во Национального центра археографии и источниковедения. – 2007. – 120 с., 7,5 п.л.)
Дегенмен, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары студенттердің білімін жетілдіру мақсатында атқарып жатқан іс-әрекеттері қаншалықты қажет, әрі тиімді болғанымен әлі де болса шешімін табу қажет қордаланған мәселелер жеткілікті. Осыған орай, бүгінгі жағдайды пайдалана отырып, кафедра тарапынан мынадай ұсыныстарды білдіргенді жөн көрдік:
Достарыңызбен бөлісу: |