ОҚУ Әдістемелік кешен “Информатика” пәні бойынша 050301 “Құқықтану” мамандығының студенттері үшін силлабу с


Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу



бет9/29
Дата09.03.2016
өлшемі2.39 Mb.
#47391
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу


Ағымдағы каталогтардағ,ы файлдарды сығу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

F: [Student/Basic] arj.exe A [архив аты]

Мұндағы: F: [Student/Basic] – ағымдағы каталог, [архив аты] - өзіміз қалауымызша қойған ат, А – архивке қосу дегенді білдіретін параметр.

Архивке бір-екі файлды қосуға да болады. Ол үшін командадан соң қосылатын файл атын жазу керек.

[a.k.] arj.exe A <архив аты> <қосылатын файл аты>

Архивтің мазмұнын көру үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:

[а.к.] arj.exe L <архив аты>

Архивті ашу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe Х <архив аты>

Архивтен бір – екі файлды шығаруға да болады. Ол үшін командадан соң шығарылатын файл атын жазу керек.

[а.к.] arj.exe L <архив аты> [шығарылатын файл аты]

Ішкі каталогтарды қоса архивтеу үшін командалық жолда төменндегідей команда берілуі керек:

[а.к.] arj.exe A-R [архив аты]

Архивтен шығару үшін берілетін команда

[а.к.] arj.exe Х [архив аты]

Файлдар архивтен шығарылады. Ішкі каталогқа келгенде “Create this directory?” – бұл каталогты құрайын ба?” хабарламасы шығады. У-ді бассақ ішкі каталог құрылып файлдары ішіне жазылады, N- ді бассақ ішкі каталог құрылмайды, файлдар бірінші деңгейлі каталогтағы файлдар қатарынан орын алады.

Өзі ашылатын arj - архиві н құру үшін командалық жолда төмендегідей команда беріледі:

[а.к.] arj.exe A-jE [архив аты]

Мысалы: [а.к.] arj.exe A-jE INF

Архив аты INF.exe болады. Архивтелген файлдарды архивтен шығару үшін INF.exe программасын қоссақ болғаны, яғни [а.к.] arj.exe INF.exe
Лекция 8

Тақырыбы.Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Жоспар.


    1. Операциялық жүйенің негізгі ұғымдары мен атқаратын қызметі.

    2. Windows жүйесінің негізгі функциялары.

    3. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.

    4. Windows жүйесінің стандартты программалары.


Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және

компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.


Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS – DOS операциялық жүйесі болатын. MS – DOS операциялық жүйесінің бір адамның ұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты шешетінін, оның үстіне MS – DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Әрине MS – DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб – тан артық едем жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін , кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі інтерфейс ролін MS – DOS операциялық жүйесінде командалық жол атқарады.

Қазіргі кездегі барлық дербес компьютерлер сұхбаттық режімде жұмыс істейді. Бұл режимде компьютер қолданушымен және техникалық құрылғылармен тікелей қарым – қатынаста болады. Компьютер сұхбаттық режімде болуы үшін, онда алдын - ала программалар жүйесі Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы қажет. Бұл программалар жүйесі пернетақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс жасап отыруы керек. Бұл жүйе қолданбалы программаларға бақылау жасап, түрлі программалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы қажет. Мұндай программалар жүйесі операциялық жүйе деп аталады. Операциялық жүйе жүйелік және қызметтік программалық жасақтамалар кешені болып табылады. Қандай да бір нақты операциялық жүйенің қолданбалары деп берілген жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге негізделген программаны айтады.

Барлық операциялық жүйенің ең негізгі қызметі:


  • қолданушы мен программалық жабдықтар арасындағы байланыс түрлерін қамтамасыз ету;

  • аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету;

  • аппараттық және программалық жасақтама арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

  • әр түрлі программалар арасындағы арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.


Windows жүйесінің негізгі ұғымдары.

Терезе

Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді.


Терезе- төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез-келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орна ласа береді. Мунда кез-келген программаның өзіне тән жұмыс Істру терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның да жұмысы аяқталады.

Алдағы уақытта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болсада, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп. аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.

Экран бетіндегі программалармен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:



  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен Альп тұрады;

  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экрапнның белгілі бір бөлігін Альп тұрады;

  • белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет