Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Оның үшінші қасиеті – әкелік қырында



бет21/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
аширов ответ

Оның үшінші қасиеті – әкелік қырында. Кенесары ел тізгінін ұстап қана қоймай, шаңырақтың тірегі, өнегелі әке де бола білді. Ұрпақ тәрбиелеуде баласының бойына ер жігітке тән қасиеттерді дарытуға, оған бар жақсыны беруге тырысты. Кенесары бейнесі тек ұрыс басталарда ғанаемес оның өмірлік ұстанымдары арқылы да шебер суреттелген. Соның бірі – баласы Сыздықты сынауы. «Өткір кездіктің үстіне кеудеңді төсей құла! Егер қорықпасаң батыр боласың», - деп шарт қойған ол ұрпағының жаужүрек боп өсуін тілейтін. Кейіннен Сыздық әке жолын жалғап, Түркістан, Шымкент қалаларын қорғап, Ресей мен Бұхар әмірлігіне қарсы күрескені тарихта мәлім. Оның ерлік істерін Жамбыл, Майлықожа ақындар жырға қосқан. Әке даналығы, қаттылығы, жанашырлығы, болашақты дөп басып көздей алған көрегендігі осы тұста анық ашылады. Сұлтан тұқымын «қасқыр текті» деп жұрт неге айтатынын жат жұрттық Жүсіп, яғни Иосиф Гербурт енді түсінді. «Бұлар қатарларында тек күштілерді ғана сақтайды екен...» деген ойға келді ол.



  1. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері

Жалпы адамдардың бәрінің бірдей шын ғашық болуға тәуекелі жете бермейтіні болмаса, махаббат — ұлы сезім. Бүгін қол жетпес асқар болып көрінген тұлғаның кейін түкке де тұрғысыз біреу екеніне көз жеткізуің ғажап емес. Ол — оның кінәсі емес, өз деңгейіңнің өскені болуы да мүмкін…
Повест шағын болғандықтан, кейіпкерлер саны да көп емес.
Ләззат – басты кейіпкер. Ауылда өскен, даланың, құстың, желдің, судың, гүлдің сыбырын тыңдап, солармен «тілдесіп» өскен «қияли қыз» ретінде суреттеледі.
Ләззаттың апасы – қызын үнемі қолдап отыратын аяулы ана.
Қуантай – Ләззаттың кішкентай күнінен бірге өскен досы, ауылдасы.
Бағила – жатаханада бір бөлмеде тұратын үш қыздың бірі. Қалға жаңадан келген жас қыз.Студент. Бар мақсаты – күйеуге шығу,бала табу. Беті томпақ, жағы алдыға шығыңқы, естіген әңгімесін айтпай қоймайтын қыз ретінде суреттеледі.
Салиха – жатаханадағы үш қыздың бірі. Арық, аққұба, сүйкімі сұрсыз қыз ретінде суреттеледі.
Нияз – ақын,әдебиет ұйымының көшбасшысы, кербез жігіт ретінде суреттеледі.
Нияз бен Ләззаттың кездесуі — талант пен өлерменнің арасындағы диалог. «Бір кезде мен сенің өлеңдеріңе баға беріп ем, енді менің «тағдырым» сенің қолыңда…». Бұл — Нияздың әңгімесі. Оның өлеңдерінің нашар екендігін айтып, түсіндірмек болған Ләззатты ол тыңдағысы да келмейді: «Өлеңді бұлай талдауға болмайды…». «Өлеңді бұлай жазуға болмайды…» — деп шырылдайды Ләззат. Өзінің әрекетін Нияздың «кек қайтару» деп ұғатынын көрген Ләззат бір кезде өзіне арман болған, өле сүйіп, абыройын сыйлаған адамның ортақол ақын ғана емес, пенделігі басым, тіпті жеке басының мүддесі үшін кез келген қадамға баратын өлермен екенін (немесе соған айналғанын — ред.) ұғады. Ол үшін ең ауыры да сол еді…



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет