Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі



бет24/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
аширов ответ

Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі

Боран — Тахауи Ахтановтың 1963 жылы жазған романы. Алғашқыда «Дала сыры» повесі болып шығып, кейін өңделіп, толықтырылды.
Роман үшін авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді
Романның бас кейіпкері Қоспан қойшы өз өмірінде талай қиындықты бастан кешірген, соғыста болған, жау қолында тұтқын лагерінде болып қашып шыққан, әйтсе де қиын тағдырына ашынып езілмеген, адамдық ізгілігін жоймаған күрделі тұлға. Романға қарапайым еңбек адамының тағдыры, 1950-1960 жылдардағы кеңестік қоғамның өмір шындығы тақырып етіп алынған.
Шығарма кейіпкерлері

  • Қоспан - шопан

  • Құмар - колхоз председателі.

  • Жаңыл - әйелі

  • Қасболат - әр түрлі қызметтегі адам

  • Қаламұш - Мінайдар шалдың кіші баласы. Жаңылға көбірек үйір боп, бауыр басып кетті. Қоспанды аға, Жаңылды апа деп өз үйінен гөрі көбіне осылардың қолында болды. Сол кезде елуден асқан өз әкесі Мінайдарды ата дейтін. Шын аты — Ғалымжан. Еркелетіп кішкентайында Қаламүш деп атаған, биыл он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр.

  • Мұрат - Атын әкесі қойған. Үй ішін қуанышқа толтыра келген бала. Өзі толық және сүйегі ірі болғандықтан шомбал қара. Өскен сайын әкесінен аумай барады. Ол да Қоспан сияқты томпақ, қой көзді. Тек көз құйрығында бір қуақы ұшқын жылтырап тұрады. Мінезі сотқар, ойнап жүрген балаларды сабап тастайды. Мұрат тентек болғанымен ақкөңіл, бауырмал. Қолындағы кішкентай нанын бірге ойнап жүрген балаларға бөліп береді. Өзі зерек.

Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.
Бұл шығармада 20 ғ басындағы қазақ халқының басынан өткен ауыртпашылық,асыра сілтеудің арқасында қазақ халқы көрген ауыр жылдар, неміс конслагерьі,ашаршылық жалпы айтқанда тағдыры ауыр қазақ халқы көрінісі
Жазушы романға ауыр тағдырына шағынып езілмеген, адамдық қасиетін жоймаған Қоспан қойшының өмірін өзек етіп алып, сол арқылы өзі өмір сүрген қоғамның, әлеуметтің айнасын жасаған. Шығармада табиғат апатымен алысқан шопанды ғана суреттемейді, Қоспанның өміріндегі белестерді, әділетсіздікпен ұштасқан өмірдің сабақтарын көрсетіп отырады. «Боран» романының басты идеясы – адам басына қандай қиындық түссе де адами қасиетті сақтау керегі көркем тәсілмен шынайы жеткізілген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет