Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет29/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
аширов ответ

Бұқар жырау(1684-1781 Кенесарымен бір уақытта өмір сүрмеген! Романда аты аталады)- жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдатырушысы, Абылай ханның ақылшысы. Бұқар жыраудың романдағы бейнесі көрініс табатын тұсы Кенесары мен Иосиф Гербурт арасындағы әңгіме барысында Абылай ханның көрген түсін Бұқар жыраудың жорып бергенін айтуы. Бұқар жырау заманында “көмекей әулие” атанған. Жыраудың жорыған түсінің шындыққа жанасуы осыны дәлелдей түседі. Бұқар жыраудың сөз табар шешендігі, ақылгөйлігі романдағы мына сөздерден білінеді. “Қыран қартайып өлмейді, қайғырып өледі”( үлкен ұлдары Есенгеді мен Саржанның өлімін естіген Қасым төренің жай-күйін жеткізуде) , “Қатын алма төреден, Қатын алсаң төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды”(Қоңырқұлжаның әйелі Зейнептің опасыздығы жөнінде сөз болғанда).


Досқожа ақын(1801-1866 ) - жырау. Оның есімі “Кенесары қонысынан ауғанда Досқожаның айтқан” деген жырымен елге мәлім болған. Жыр ата мекенін тастап ауа көшкен елдің туып өскен жерін мекенін жылап айырылысқан қоштасуын бейнелейді. Жырда Сарыарқаның жасыл орманы, көгілдір таулары, көк үйірім көлдері мен өзендері көркем тілмен суреттеледі. Бұл Қоңырқұлжаның орнынан түскен уақытта(қызметінен) соңынан қуғыншы шықпасын деп, қыс түсе көшкен кезі.


Арыстан ақын - Атығай руынан шыққан кедей ақын. Бір кездері Кенесарының ағасы Саржанның жасағына ерген. Тілге шешен, сөзге бай, әсіресе қазақтың қисса дастандарын жақсы білетін, түні бойы жыр айтуға болдырмайтын қарадан шыққан дарын. Кенесарыға жоқ жерден өкпелеп, аға сұлтан Қоңырқұлжа жағына шығып кеткен. Қазақ ауылдарын шабатын патша жасақтары мен қазақ жерін картаға түсіретін орыс саяхатшыларына жол көрсетіп әбден байып кеткен. Солай өз еліне опасыздық жасап, біраз жұрттың обалына, қарығысына калған. Романда Ақмоланы алуға байланысты Ағыбай, Наурызбай, Бұқарбай және тб қатысуымен болған кеңес үстінде ұсталады. Кенесары оны сатылған санап, қолына түскен бойда басын алармын деген-ді. Алайда, Арыстан ақын сөз тауып, былай дейді:
«Кенеке, жақсы көрсең қарашыңмын,
Жек көрсең де өзіңнің алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген
Атығай Қарауылдың баласымын.
Осылай оның тілмар, шешендігі көрініс алады.
— Аталы сөзге арсыз тоқтамас. Абылай атама бабаларының істеген
жақсылығын алдыма тартты ғой, қоя беріңдер, — деп қоя бергенмен, үш күннен кейін “ат теуіп өлтіріпті” деген лақаппен Кенесарының айтуымен, жендеті Қараүлектің қолынан қаза табады.


Масан би - Қарқаралыға аты шыққан би, Қаракесек қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы, Жамантайдың ақылшысы. Масан ақсақалдың да бір бүйі­рі Кенесарыға тартып тұратын... туған не­мересі Есіркенге де осындай тәлім-тәр­­бие беретін. Жазушының ойынша Ма­сан ақсақалдың немерелеріне өсиет қылып айтар тәрбиесінің негізі «Не бол­саң да жұртыңмен бол, егер жұртың Ке­несарыңа еріп кетсе, далада қалған жалғыз қаздай не қызық көресің? Онан да у ішсең де, су ішсең де өз үйіріңнен айрылма» деген қағидаға негізделген болса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет