Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы



бет27/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
аширов ответ

Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы

XX ғасырдың 60-жылдары қазақ прозасына адам жанының сан алуан құбылысын, қуанышы мен мұңын қатар бейнелеген Тахауи Ахтанов «Махаббат мұңы» повесімен келді. Повестің сыршылдығы, адам жанын терең суреттей білген шыншылдығы мен психологизмі қазақ əдебиетіне əкелген басты жаңалығы болды.
Шығармада бас кейіпкер Лəззат əдебиет үйірмесінің жетекшісі, жас ақын Ниязға ғашық болады. Жүрегіне ұялаған махаббат сезімі жас қыздың жан дүниесін аласапыран етіп, ерекше бір күйге бөлеп, алабұртқан ішкі сезімін жыр жолдарымен ағытып сыртқа шығарады.
Жазушы табиғаттың сұлулығы мен тылсым сырын алғаш жан жүрегімен сезінген, көңілінде тұңғыш ақындық сезім бұлқынып оянған Лəззат басындағы айрықша күйді əдемі суреттейді. Бұл күйін өзгеге айтайын десе келістіріп жеткізе алмайды, үндемей қалғанға ішіне сыймаған Лəззат өзінен-өзі жымиып езу тартады. Көңілі тынышталып, алдағы өмірінің мағыналы боларын сезіп қуанады.
Мектепті жана бітіріп келген, «ақындық – табиғаттың ерекше сыйы, ақындық дарыған адам – ерекше адам» деп есептейтін Лəззат жас ақын Нияздың өлеңдерін жоғары бағалап, оны барынша биіктетіп қабылдайды.
Автор Нияз образы арқылы үлкен ой айтады. Ол – əдебиеттегі талантсыздық. Қай кезең əдебиетінде де арам шөптей өскелең келетін бұл мəселе Т.Ахтановты да шығармашылық ғұмырында терең толғантты. Сонау 70-жылдары əдебиетте тым белең ала бастаған осы келеңсіздікке кезінде қарсы майдан ашқаны да белгілі. Тасқын судай ағытылған ағынға бөгет болу да оңай емес-ті. Жазушылық ортада өзі терең сезінген дарынсыздық пен өлермендіктің, ынсапсыздықтың психологиясын автор Нияз образы арқылы ұтымды бейнелейді. Шығарманың басында Лəззаттың ой – танымымен өрілетін Нияз биіктен көрінгенімен, бірақ Лəззат – Нияз қатынасы өрістеген сайын адамдық тұрғыдан төмендей түседі. Ол, біріншіден, өзін құлай сүйген Лəззатқа опасыздық жасауымен байланысты болса, кейіннен сарқылып қалған көлшіктей талантының бірте – бірте таяз тартуы. Ізденісі жоқ, жеңіл жол, арзан атаққа ұрынған ол бойындағы жылт еткен аз талантының ұшқынын да сөндіріп, өнердегі көп тобырдың біріне айналады. Шығарма ақырында соңғы кезге дейін Лəззат көңілінде ақтауға, қамқор болуға ұмтылған, күйі болмаған дарын деп ұғынған Нияздың шын кейпі ашылады. Ол дарынсыздығының үстіне Лəззаттың соншалықты таза көңіліне титімдей де жанаспайтын пасық, күйкі жан екенін танытады.
Повесть тек махаббат мəселесіне ғана құрылмай, ақындық өнер, талант жəне дарынсыздық проблемасымен іштей ұштасуы шығарма тынысын кеңейтіп, образдарды тұлғаландыра түскен. Лəззат, Нияз бейнелерінен өнердің барынша күрделілігі, өнер ортасының күнгейі мен көлеңкесі қатар көрінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет