Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы



бет25/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
аширов ответ

Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы

«Соңғы парыз» шығармасы мәңгілік тақырыптар мен адамзатқа ортақ үлкен проблематиканы көтеруімен ғана емес, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан да айтулы жетістікке жеткендігімен ерекшеленеді. Қайталанбас қаһармандардың құндылықтар жүйесін ашып беру жолында автор әртүрлі жаңашылдықтарға бара білген. Бұл тұрғыдан қарағанда, аталмыш романда дәстүр мен жаңашылдықтың жарқын үлгілерін көруге болады. 
Оқиғалар жиырмаға жуық кейіпкер айналасында өрбиді дегенімізбен, негізгі үш кейіпкер – Жәдігер, Бәкизат, Әзімдердің төңірегінде баяндалады. 
«Соңғы парыздағы» үшінші кейіпкер -Әзім. Жазушы шығармасындағы Әзім бүгінгі заманның өзін ойлаған ақылды әрі ақымақ кейіпкері.
Әзім - Жәдігердің антиподы, зұлымдықтың символы. Егер Жәдігер адал өмір сүруді мұрат тұтса, Әзім өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін ештеңеден тайынбайды. Мансаптың жолында ар-ұят сынды өлшемдерден аттап кетіп, Жер-Анаға қиянат жасаудан да еш шімірікпейтін нағыз зұлымның өзі. Әзімнің сыртқы келбеті сұлу болғанымен, ішкі дүниесі құбыжық. Әзім өз ісіне мығым қорқынышты құбылыс. Ар-ұят түгіл, туған Отаны Аралды саудаға салудан да Әзім шімірікпейді. Бірақ Әзім көп наданның бірі емес. Қалай сөйлеу керек екендігін жақсы білетін, жұртты өзінің сөзіне иландыра алатын алаяқ, Көп оқыған, алайда «ақылына сәуле қонбаған»(Абай) зұлымдықтың көрінісі.
Ол зұлымдық жасай жүріп адал, қиянат жасай жүріп мейірбан болып көрінуді жақсы біледі. Егер Жәдігер адал жүріп бақытты бола алмаса, оза шауып бәйге алғысы келген Әзім де армандаған мақсатына жете алмады.
Жазушы шығармасындағы Арал жоғалған жұмақтың символдық бейнесі болса, Жәдігер, Бәкизат, Әзім осы мекенде өмірдің мәнін іздеп адасып жүрген тағдырлар. Шығарманың соңында, оқиға кульминацисына жетіп, осы үш тағдыр бір сеңнің үстінде қалып, Ажалмен бетпе-бет кездескенде сүрген өмірлерінде ешқандай мән болмағандығын түсінеді.
Жәдігер мәнсіз өмір сүрген екен. Адал өмір сүрем деп, ақыр соңында ажалға жолықты.. Бақытсыз тіршілік кешіпті. Шын махаббатты сезіне алмапты. Өмірге бақытсыз ұрпақ әкеліп, айдыны сарқылыпты.
Оза шауып бәйге алам деп аласұрған Әзімнің өмірінде де мән жоқ екен. Досын алдап, сүйген қызынан айырылып, ағайын-туысын жоғалтыпты. Жалған тіршіліктің алдамшы құштарлығына дәндеп алған мансапқұмар Әзім ақыр соңында бәрінен айырылды.
Айлакер Әзім амалын тауып, сең үстіндегі сергелдеңнен сытылып шығып, Ажалдың құрығынан құтылса, адалдықтың символы Жәдігер қаза табады. Шығарманы оқып шыққаннан кейін, расымен де зұлымдықтың күшті болғаны ма деген ойға батасыз. Ал, шындығында зұлымдық жеңген жоқ. Адамгершілік жеңді. Өмірдің алдындағы өзінің шындығы мен адалдығын дәлелдеу үшін Жәдігер өлді. Әзім болса тағы да өзінің зұлымдығын дәлелдеп аман қалды. Ғұмыр бойы зұлымдықтың жалына жармасып өмір сүрген бейшаралар үшін ғана өлім қорқынышты, ал жүрегі таза, иманына берік жандарға о дүние қорқынышты емес. Шығарманың соңында рухтың өлмейтіндігі символдық деталь арқылы шеберлікпен суреттеліп, Бәкизаттың көз алдында Жәдігердің жаны құсқа айналып ұшып кетеді.
Романның екінші тарауында қала халқының тұрмыс-тынысы, құндылықтары Әзім бейнесі арқылы ашылады. «Соңғы парыздағы» қала тұрғындары дәстүр-салтынан қол үзіп қалған болса, ал ауыл тұрғындарында әлі де ата-баба культі үстем, қала халқында индивидуалдық құндылықтар биік қойылса, Аралды мекендеген ауыл адамдары ұжымдық құндылықтарды бәрінен биік санайды. Ауыл адамдары барынша адал да ақкөңіл келсе, қала адамдары сайқалдау әрі қорқақ, ал балықшылар кезі келгенде, басына қауіп төнсе де, тәуекел етіп, ерлік жасауға бейіл боп тұрады. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет