Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет30/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
аширов ответ

Ырым ақын. Масан бидің немересі Есіркеген Петерборға жол жүргенде қасында пұшық сары және денелі ат жақты қара сұр екі жігіт еріп шығады. Пұшық
сары даусы кернейдің үніндей созылған әнші, қара сұры жамбасы жерге тимеген
балуан. Есіркеген өлең айтқан сайын атын
тоқтатып қойып, қалтасынан қойын дәптерін алып әр өлеңнің сөздерін, кім
шығарғанын, қандай жағдайда айтылғанын жазып алады.
— Қайтесің пұшық сарының айтқанының бәрін қағазға түсіріп, — дейді оң
жағындағы қара сұр, — бұда не көп, өлең көп...
— Үрім-бұтаққа керек, — дейді Есіркеген, — халық мұрасынан қымбат қазына
жоқ, бәрі қағаз бетіне түсірілуі қажет.
Пұшық сары Есіркегеннің сөзінен қанаттанып кетіп, кенет ер үстіне бір
жамбастай қоқилана отырып алды да, тағы да бір әнді шырқап кетті.
Бүлдірді ала ауыздық ел арасын,
Найза мен сойыл шешті дау таласын.
Соншама өштескенде, бауырларым,
Тозудан, айтшы, басқа не табасың?
Ат төбеліндей аз қазақ
Бір-біріңді қырғанда
Қай мұратқа жетесің?!
Мойныңа бұғау онсыз-ақ
Түсейін деп тұрғанда.
Кімге ерлік етесің?
Еcіркеген өлеңді естігенде түсі бір түрлі қуқылданып өзгере қалды.
— Бұл кімнің өлеңі?
— Атығай Ырым ақынның.
— Қай жағдайда шығарған?
— Ана жылы Атығай Қарауыл мен Алтын, Тоқа жерге таласып көп жігіттер
сойылға жығылғанда...
Есіркеген одан әрі ештеңе сұраған жоқ. Өлеңді жазып та алмады. Кенет қалың
ойға шомды. “Ырым ақын?.. Мен естімеген ақын екен... Сірә, бай мен батырды, би
мен сұлтанды, ру бастықтарын мақтап күн көрмейтін жан болуы керек. Ел арасында жүріп айтысқа түсіп жүлде алудан да алыс болар... қазақтың ала ауыздық зиян екенін түсінетін мұндай сөз шыққаны бір жақсы ырым екен…” Ырым ақынның ормандағы бейнесін осы Есіркегеннің сөзінен ақ байқауға болады.

  1. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Алтай бейнесі

Жазбасынан үзінді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет