Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Жәнібек: - Алдарыңдағы тобылғыдан бір-бірден алыңдар. Олар алады. Жәнібек



бет38/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
аширов ответ

Жәнібек: - Алдарыңдағы тобылғыдан бір-бірден алыңдар.
Олар алады.
Жәнібек: - Енді сындырыңдар.
Олар қолдарындағы тобылғыларын шытыр-шытыр сындырған.
Жәнібек: - Енді үшеуден алып сындырыңдар.
Олар үш тобылғыдан алып бәлендей күш жұмсамай бұл жолы да сындырған.
Жәнібек: - Енді бесеуден алып сындырыңдар.
Олар бес-бестен тобылғыны алып, әжептәуір күш жұмсап сындырған.
Жәнібек: - Енді сегізден алып сындырып көріңдер.
Әдік пен Бұрындық тобылғыны сегізден алған.Тізелеріне де салған, табандарына да салған, маңдайларынан сорғалап тер де аққан, әйтеуір қиналып барып, балуан тұлғалы қос арлан әзер дегенде сындарған.
Жәнібек сәл күлімсіреп: - Ендіоннан алып сындырып көріңдер.
Сындыра алмайтындарын білсе де, Әдік пен Бұрындық тобылғыны оннан алған. Сындырмақ боп әрі-бері мықшыңдап көрген. Күштерінің жетпейтінін білген соң тобылғыларын лақтырып жіберген.
Бұрындық: - Құрып қалғыр, болатын емес.
Жәнібек үндемей сәл ойланып отырған да:
Жәнібек: - Міне, ел бірлігі деген осы. Жалғыз адамды жау алады. Ал көп біріксе ешкім де жеңе алмайды. Көп қорқытады. Терең батырады. Егер екі қолдың он саусағындай қазақтың бар рулары қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауына болса да қауіпті күш.
Бұрындық : - басқа рулар қайда қалады? – мысалы найзасының ұшы алтын Алшын...
Жәнібек: - Алыстағы ағайын өзі шешсін өз тағдырын. Еш уақытта да хан мен билердің бірігуімен ғана хандық құрылмаған. Орда шаңырағын халық көтерген. Қазақ елі егін еккен отырықшы жұрт емес. Бар шаруашылығы мал өсіру. Мұндай көшпелі елдің халқы-рулары. Олардың көсемдері – батыр, билері болғаныменен, дені жай шаруа, кедейлер.
Керей: - Жәнібек сұлтанның ойы, ісін сәтті ету үшін, осы қара халықты өз жағына көбірек тарту. Қазір ол соның жолын іздеп отыр.
Бұрындық: - Жақсы. – Алшынды қоя тұралық. Сонда борышымыз не болмақ?
(Жәнібек Бұрындыққа ойлана қарады да.)
Жәнібек: - Түсінсең, борышыңды өзің айт. Тісі шыққан балаға шайнап берген жем ас болмайды.
Бұрындық: - Білмеймін. Бізге ергісі келмейтін руларды шабамыз ба, қайтеміз...
(Тұңғышының ойланбай айтқан сөзінен намыстанып қалса да, оның тез шамданатын мінезін еске алып, сөзге сараң Керей)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет