Ананың арманы әңгімесінде:
Әңгіме он жеті жастағы Жеңісбектің атынан баяндалады. Әжесі алпыс үшке келсе де, болып-толған балалары мен келіндерінің жағдайын әлі жасайды. Қай баласының үйіне барса да басынан асқан үй шаруасына тап болады. Үлкен баласы Көсембайдың үйіне тезек теріп, қурай орыл отын тасумен әлек болса,колхоздың маңдай алды шопандарының бірі Әсембайдың үйінде кір-қоңдарын жуып, ескі- құсқыларын жамап, киім тігеді. Ал Есілбайдікіне барса соның балалары үшін күні ұзаққа дүкенде кезекке тұрып, кіші ұлының үйіне азық-түлік тасумен болады. Осының барлығын көріп, ойша түйіп жүрген ең үлкен немересі Жеңісбек қана әжесінің осындай бейнетіне жаны ашып әрі сүйсінетін. Бұл әңгімеде әже немересі үшін рухани жылулықтың үлгісі, адамгершіліктің эталоны, нағыз Батыр-ана әрі сырлас адам. Жеңісбек әжесін қатты жаксы көреді әрі аяйды. «Әжем иегі дір-дір етіп кемсеңдеп, көзіне іркелген ыстық жасты төгіп-төгіп алды. Мен сай сүйегім сырқырап, енді аз болса өкіре жылап, әжемді бас салуға шақ отырмын. Тамағыма тас тығылғандай боп сөйлей алар еместін». Әженің тамағынан ас өтпей, ел қатарлы дастархан басында отыра алмай, қақырынып-жөткірініп, жұтынып әлекке түсуін оқығанда ішкі жан-дүниең алай-дүлей болады. Дәрігер әженің қылтамақ деген өте ауыр ауру түрімен ауратынын естіртеді. «…әжем болса ықылық атып, ақтық демін алып жатыр. Дереу ұшып тұрып бардым да, егеу алып келдім. Әуре болып отырған Мәржапияны ұрысқанына қарамастан итеріп тастап, жүзіктің бір шетінен ептеп егей бастадым. Жіңішке жүзік біраз егеген соң қиылып кетті. Майыстырып әжемнің қолынан шығарып алдым да, ашық терезеден тысқа лақтырып жібердім». Осы көрініс өте әсерлі, әрі кейіпкерлерді жанжалдан, ашкездіктен, менсінбеушілікпен, тойымсыздықтан бір сәтке тияды…«Осы кезде әжемнің қолы сылқ етіп жерге түсіп кетті». Соңғы рет әжесін көруге кірген Жеңісбекке естілген «Уһ!» деген күрсінгендей дауыс, әжесінің оған деген алғысы мен соңы қоштасуы немесе енді бәрі жақсы болады дегені сияқты.
І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романындағы Жәнібек пен Керей сұлтандардың образдары
Образдары: жаугершілік заманда Жәнібек өз(ақыл-айлалы) ақылдылығымен, Керей парасат-пайымдылығымен көзге түсті. Жәнібек хан туысы Керей ханмен бірлесіп Қазақ хандығының негізін қалаған. Жәнібек хан – атақты Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. Барақ ұлы Жәнібек пен оның үш аталас туысы Керей. Өз алдына хандық құрып, таққа отығысы келген Жәнібек сұлтан да – терең ақыл, парасат иесі.
Жәнібек қазақ хандығының тағдыры шешілетін мұндай қысылтаяң мезетте сап алдында болмай, кәрі-құтаң ақсақалдар қасында қалуын кейбіреулердің қылмыс санайтынын да, не қорқақтыққа балайтынын да біледі. Бірақ, ертең қазақтың бытыраған руларының басын қосып, мықтап ұстап хан болу үшін, мызғымас беріктік керек.Өзіңді шабуға жау келе жатқанда, бір сайдың жағасында, қарт жыраудың толғауын тыңдап отыру- көрінген ханның қолынан келмейтін қасиет. Халық алдында мұндай адам аңызға айналады. Өзінің абыржымас тастай мінезімен өзгелердің де үмітіне әл беру- қолына қылыш алып, жауға шабудан анағұрлым артық ерлік. Хан әбігер болмаған жерде, халық та әбігер болмайды. Бұл-жеңістің ең бір керекті шарты.
Кітаптағы ел үшін жандарын беруге дайын Жәнібек пен Керейдің өз балаларына ақыл-кеңес айтуынан үзінді:
Осы күннен бастап сыңсыған қалың ел, малдың күйіне қарай, асықпай көшіп отырған. Бір аптадай өткен шақта Жәнібек пен Керей өздерінің он бес ұл, жеті немере, көптеген аға-інілерін жинаған. Жәнібек жолай «Қызыл жыңғылдан» өтіп бара жатқанда жігіттеріне кестіріп алған жуандығы қамшы сабындай бір құшақ қызыл күрең тобылғыны алдына қойып, үлкен баласы Әдік төре мен Керейдің тұңғышы Бұрындыққа:
Достарыңызбен бөлісу: |