«Менің қарындасым» әңгңмесінде: Астанада оқитын студент аға мен енді есейе бастаған қарындас арасындағы белгілі сурет бейнеленеді. Қысқы демалысты пайдаланып, ауылға келе жатқан студент, жалғыз қарындасы Әлиманың еркелігін, өжет мінезін көруді сағынып келгенде сүйікті қарындасының есейе бастағанын «Жүгіріп кеп құшақтап алар деп тұрғанымда, салмақты басып келіп амандасуы ойымдағыдай болып шықпады» деген бір ғана сөйлем аркылы суреттейді. Дәл осы сөйлем арқылы біз студент жігіттің карындасының есейе бастағанына таңырқай көз жеткізуін, өзінің де рухані сілкіну сәтін бастан кешіріп, қайта келмес балалық дәуренге сағынышын, туыстық махаббатқа сәлде болсын кіршік түсуіне наразылығын, ал мектепті бітіруге таяп қалған бойжеткен қыздың психологиясын, көңіл-күйі мен әр қимылы, жүріс-тұрысының бұрынғыдай емес өзгеріп, салмақтана түскендігін байқаймыз. Одан бөлек, анасының «Әлимаға қатты сөз айтып жүрме», «мен жанына жақындасам ұялатын болуы керек, әр нәрсені сылтауратып Әлима тайып тұрады» деген секілді қарапайым бірақ шебер құрылған сөйлемдер аркылы ананың баласына деген махаббаты, қыз баланың ағасына, жалпы ер адамдарға, жақыны болса да ақтарылып сыр айтпайтындындығынан хабар береді, нағыз ауыл қызының ұяң, ұялшақ әрі тұйық келетін мінезді портретін де көз алдымызға әкеледі.
«Отау үй» әңгімесінде: Бір үйде төртеу тұрады. Мінездері де төрт белек. Олар әкесі, шешесі, баласы, келіні. Әкесі сөзге жоқ, әріден, терең ойлайтын адам. Оған қоса өте сабырлы. Ал, Ұзақтың шешесі болса адуын, қатал қазымыр кісі. Осы мінездерімен шектен шығып кетеді. Ұзақ пен Тананың, бөлек шығуының бас себепшісі де өзі. Ұзақ - сөзге сенгіш, аңғал жігіт. Адалдығы да негізгі қасиеті. Ол «ашуы алдымен, ақылы сонынан» дейтіннің тап өзі. Тана - тіпті бейкүнә жан, неге болса да мақүл. Қарсылығы да, құптауы да іштей болады. Жалпы бұл әңгімесі жазушының кейіпкер психологиясын шебер жеткізуге әбден төселгендігінің айғағындай.
“Қызғаныш” әңгімесінде: Екі баласы бар жесір әйел Бағила мен қолхоз председателі Дауылбай және оның әйелі жайлы сөз қозғайды. Бағила -поштаның жаңа бастығы. Ауыл адамдарының сөзімен айтсақ, ұзын кірпікті, қой көзді, тік ұстайтын әсем мүсінді өз жұмысына берік әйел. Дауылбай тоң мойынды, қызғаншақ, көрсеқызар сол ауылдың председателі. Бағилаға деген көңілі бөлек. Ал Дауылбайдың әйелі Мағия Бағиладай емес, үйде отырып қалған,өзінен он алты жасқа үлкен күйеуінен таяқ жеп, түрі кекселік қалыпқа жеткен, қызғаншақ, ұрысқақ,бейбақ келіншек. Әңгіменің соғында поштаның жаңа бастығынан күйеуін қызғанамын деп көзі қанталап, не істеп, не қойғанын білмеген жас келіншек Бағиланың жалғыз сиырының ішін жарып өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |