Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Нәзира бейнесі және соғыс зұлматы



бет34/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
аширов ответ

Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Нәзира бейнесі және соғыс зұлматы

Тахауи Ахтанов қазақ прозасындағы шоқтығы биік тұлғаламыздың бірегейі. Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге келген. Жазушының соңғы кесек туындысы “Шырағың сөнбесін” атты романы. Онда Тахауи Ахтанов Ұлы Отан соғысының шындығын аша отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігіне назараударады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі шытырман соғыс қасіретінің сұмдығын әр қырынан ашып, көрсетеді. Қанды қырғынның адам басына салған ауыр нәубеті еріксіз ойландырады.
Қазақ әйелі Назира бейнесін кестелеу арқылы талай ойлар айтылады. Роман соғыс алапатына түсіп қалған жас келіншек Назираның атынан баяндалады. Адамның өмір үшін күресі бас қаһарманның бастан кешкендері арқылы әсері ашылады. Бастапқыда өмірдегі күңгей жақтарын ғана көріп,жеңгесіне еркелеп, жігіт сүйіп бақытты жүрген бойжеткен Назира еріксіз соғыс жағдайының бел ортасына түседі. Ол күйеуінен айырылған соң басынан көп зорлық-зомбылық,қатыгез заманның әділетсіздігін,еріксіз соғыс жағдайларын көреді.Ол қай жаққа қашпақ болса да алдынан аңталап соғыс шығады. бас кейіпкер Назираның апасы айтқан “адам баласы ең алдымен шырағын сөндіріп алмау керек”,- деген сөздері Назираға күш-қуат бере алды.Сол себептен осы роман-эпопеясы “Шырағың сөнбесін”деген тақырыппен алынған.
Біріншіден, Нәзира-ұлтжанды, қайсар, «қаһарман» қыз. Бұлай деуімнің себебі-он тоғыз жастағы жас келіншектің қолына қару алып соғыспаса да, жолшыбай жау бомбасының астында қалуы, вагонда «тілсіз жаумен», одан бөлек фашистермен кездесуі, осының бәрінен ұрпақ ұрпақ үшін ерлікпен өтуі. Құрсағындағы баламен: «Қайран туған жер! Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз»-деген сөздері келешектен үміт үзбеген, әрі туған елі үнемі жүрегінде жүретін жан екендігін айғақтайды.
Екіншіден, Нәзира- ана! Енді ғана балалықпен қош айтысқан ару құрсағындағы сәбимен «ауыздықпен су ішеді». Оның «ана» деген мәртебесі тым биік атауды арқалап жүруінің өзі туындының бар мәнін ашып тұрғандай. Кім біледі, ол жай ғана келіншек болса, шығарма осыншалықты әсерлі болар ма еді?
«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан сол. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын сол тірі жан иесі...» Бұл жердегі «сол»- Нәзираның әлі жарық дүние есігін ашпаған нәрестесі. Жары Қасымбектің артынан бала қалсын деп, ұлтының бір ұрпағы үшін Нәзира «ана» деген атқа лайық болып, қиындыққа мойымайды.
Бүгін де Нәзирадай жас аналар қоғамда көп. Бірақ бәрін бірдей ана деп атай алмаймыз. Өмірдің сынағына төзе алмай, не болмаса жастықпен шалыс басып, нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кететін тас бауырлар баршылық. Сол себептен Нәзираны қазақ қыздарының «эталоны» десек артық емес.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет