Керей: - Ұлым, ел шабуға асықпа.
Жәнібек: - Қасымжан, сен бірдеме демексің бе?
Қасым : - Иә, көке, рұқсат етсеңіз, бірер ауыз кеңесімді мен де берейін деп едім.
Жәнібек: -Айт, рұқсат.
Қасым: - Өзіміз әне, шабыламыз, міне шабыламыз деп келе жатып, біреуді шабамыз деуіміз ағаттық болар. Және, көке, өзіңіз айттыңыз ғой, ағайын күшіңді көрсе сыйлайды деп...
Жәнібек: - Сөйле, сөйле.
Қасым: - Сөйлесем, жалғастырайын. Біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел тәрізді емес, көшкен ел тәрізді болып баруымыз керек. Жағатай ұрпақтары да, Сайбан, Ақсақ Темір ұрпақтары да ел екенімізді көрсін. Және қалай болса солай шұбыра көшкен ел екенімізді емес, дос болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын жаужүрек қауым екенімізді байқасын. Ермей қалған, не еру- ермеуін білмей отырған жұртқа тарауымыз абзал. «Бізге еріңдер, бірігп ел болып, қазақтың Ақ Ордасының туын қайта көтерелік» деуіміз керек. Қара халық соңымыздан неғұрлым көп ерсе, соғұрлым ісіміздің сәтті болар айқын.
Жәнібек: - Дұрыс айтасың, балам. Соңымыздан жұрт көп ерсе, халықтың тілегіне біздің тілегіміз сай келгені. Онда ісіміздің игілікті болуы хақ.
Керей: - Елдің елдігін, ердің ерлігін көрсететін заман енді туды. Өзің күшті болсаң, өзгемен көшің қатарлассын.
Қасым: - Ал күшті болу үшін, енді қазақ біржолата руға бөлініп бытырап жүруді тыйып, айбынды мемлекетке айналуы керек.
Жәнібек: - Ал жеке мемлекет болу үшін, ел бірлігінен басқа жауың сескенетін әскерің мен халқыңның мұң-мұқтажын, керегін қамтамасыз ететін, өзге жұртпен байланыс жасайтын кәсіпорындары, сауда – саттық жүргізетін шаһарлар керек.
Қасымның түбі ел бастар мінезін жастайынан-ақ таныта береді. Жәнібек көбіне өз баласымен ақылдасатын. Қасым әр кез әр істің, алды-артын жақсы байқап, дұрыс байлам айтады. Оның ақылдылығы, ұстамдылығы романда орынды берілген. Оның уәдеге берік, мәнді мінезі де суреттеледі. Керей мен баласы Бұрындықпен сөйлесуінен қызбалықты байқауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |