Кеңістік: кірпіштен соғылған кішкене бір терезесі бар үй, ауыл-аймақ арасында
Уақыт: шамамен соғыстан кейінгі 60-жылдар
Жанры: Әңгіме
Кейіпкерлері: Ұлтуған, Майдан, Сәндібала, Орақ, әйнек салғыш Иван, Сайлан (Майдан баласы, одан бөлек 3-баласы бар)
Қозғалатын тақырыптар: Әлеуметтік мәселе, отбасының бұзылуы, ішкілік мәселесі, кәрі қыз боп қалу, ұлдың қоғамдағы орны (ұлды болу үшін Ұлбала, Ұлтуған т.б. қою), адамгершілік, өз өмірін құрбан ету, опасыздық жасау, өткенге өкініш және т.б.
Идеясы: Адамгершілік пен ар-ұяттан аттамау және отбасы құндылығы, өз амалының тұтқынына айналған адам тағдыры
Фабуласы: Әңгіме 3-бөліктен тұрады. 1-де Ұлтуған әкесі өлуі, отырып қалғандығы, еркекшора боп өскені, Орақты (бұрынғы махббаты) еске алуы, көрші баланы қасына әкеп жатуы. 2-де Майданның қайта ішіп келуі, екеуінің әңгімесі жарасып көңіл қосуы,Сәндібала (әйелі) кеп үйдің терезесін сындырып, айқай шығаруы, екінші келгенінде Майданның әйелін ұрып түрмеге түсуі. 3-те Ұлтуғанның аудан орталығына түрмеге іздеп баруы, Ұлтуғанды пішен шабуға жұмысқа оралуға шақыруы, жұмыста оны мазақ етуі, Майданның босап шығуы, олардың үйде қамалып уақыт өткізуі, Ұлтуғанның дүкеннен Майданның ұлын көріп, әйелінің аурып жатқанын естуі, сосын Майданды үйіне қайтуын өтініп, өзі ауылдан бір түнде көшіп кетуі.
Шарықтау шегі: Майданның түрмеге түсуі
Конфликт: Сәндібаланың күйеуімді қайтар деп шу шығаруынан басталады
Шешім: Ұлтуғанның көшіп кетуі
Бәрі де Майданның – долы әйелі Сәндібаладан қашып, Ұлтуғанның сарайына паналауынан басталады. Майданның аузынан арақ исі бұрқырап, сүмірейген тұрысы, өз әйелін жамандай сөйлеуі Ұлтуғанға ұнамаған. Тіпті жиіркенген. («Ауыз бөлмеде Майдан жоқ, кетіп қапты. Қолқаны атар арақтың иісі білінеді. Тыжырынған Ұлтуған сыртқы есікті шалқасынан ашып тастады.» (С.Мұратбеков. «Көкорай», 91-бет).
Ал онан кейінгі түні тағы да паналауға келгенінде – мұның соншалықты басынғанына ашуланған қыз Майданды қамшымен осып-осып жібереді. Әйтсе де Майданның жас балаша өкіріп жылауы қыздың аяныш сезімін оятып, сол күні де дәлізден жатар орын береді. Мұнан кейін біз мынандай жолдарды оқимыз: «Бұл түні Ұлтуған ешбір оянбастан, таң атқанша шошымай жақсы ұйықтады. Осы түннен бастап ол анда-санда Майданның мас болып кеп қонуын іштей тілейтінді шығарды. (С.Мұратбеков. «Көкорай», 96-бет)
Ұлбосын басындағы бұл сезім түсінікті. Иланымды. Әкесін ақтық сапарға жөнелткеннен соңғы тұлдырсыз жетім тірлігіне әлі мойынұсына қоймаған, төрт қабырғаның ортасындағы жалғыздық қамауына түсіп, еліктей елегізген қызға – түн баласында кім де болса біреудің қара тұтарлықтай болып, өз үйінің бір бұрышында жатуы – үлкен демеу. Осылайша, жалғыздық қорқынышынан Майданды жақын тұтқан Ұлтуған көңілі енді бірте-бірте шын жақындық сезіміне ауысады. Ол Майданның жаны мейірімді, ниеті адал жан екенін таниды. Енді біз Майдан мен Ұлтуғанның, торығып жүріп табысқан екі жанның бір-біріне деген ыстық ықыласының куәсі боламыз. Соған қалтқысыз сенеміз де. Қиын шақта кездесіп, бір-біріне рухани демеу бола білген жандардың тағдыры өзіне еріксіз баурап алады.
Әңгіменің басындағы Майданның Ұлтуған үйіне кездейсоқ паналайтын сәтін, сол кездегі арақ иісінен тыжырынған Ұлтуған сезімін еске түсірейік. Ұлтуғанның «жан диалектикасы» бір әңгіме бойында ешқандай жалғаны жоқ табиғи ( және сонысымен де нанымды) суретін тапқан.
Әңгіменің финалында Майданның шиеттей жас балаларының тағдыры жүрегін шымырлатқан, өз қара басының тілегінен адамгершілік парызын жоғары қойған қарапайым мейірбан әйел өзінің барша жүрек ықыласын арнаған, аз күн махаббат қуанышын бірге тойлаған жанмен – Майданмен қош айтысады.
Ұлтуған шешімі – берік шешім. Иланымды шешім. Жек көру мен сүю. Іңкәр көңілдердің табысуы мен мәңгі қош айтысуы. Шығарма қаһармандары осындай қайшылықты күйлер мен іс-әрекеттерге куә етеді. Өзінің қиын тағдырымен, барша қуаныш-күйінішімен баурап отыратын –мұң-сырына еріксіз ортақтастырып жіберетін Ұлтуған әңгіменің соңында биіктеп сала береді. Характер дамуының диалектикасы соншалықты дәлдікпен берілген. Оны тұлғаландырып жіберген де – шешуші сәттегі батыл байламы. Жер басып жүрген барша жандарға тән қуаныш-мұң, қайғы-қасірет, шаттық-бақыт сияқты сан түрлі сезімдердің дәмін татқан, әсіресе соңғысының дәмін енді ғана алғандай болған жан ең шешуші сәтте екінің бірі бара бермейтін ірілік танытады. С. Мұратбеков өз кейіпкерін адамның адамгершілік қасиеті танылар сынға салу арқылы танытып отыр.
Қарапайым, тіпті елеусіз жанның шын мәніндегі үлкен адам екенін ашу және мұның бәрін характердің іс-әрекеті арқылы психологиялық дәлдікпен бейнелеу – «Ұлтуған» әңгімесін тұлғалы туындыға айналдырған.
Онейрикалық кеңістіктер бар аздаған (түс көру-Ұлтуған түс көреді бір), реалды уақытта өткен және осы шақта баяндалады, әңгімеде диалог, монолог (ішкі ойы), автордың баяндауынан (3-ші жақ) тұрады, шығарма кейіпкерлері реалистік образдар (өмірде кездесетін), тақырыбы мәңгілік (барлық уақытта болуы мүмкін, қайтала алатын оқиға).
Достарыңызбен бөлісу: |