1960-2000 жылдардағы тарихи роман жанры
Бұл дәуірде негізінен тарихи роман өзгеше тездікпен дамыды. Ол басқа жанрлардың бәрінің алдына шықты. Халықтың өткен тарих пен оның негізгі оқиғалары, ел болу, дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, сол бір тұстарда ел басқарған, ел намысын қорғаған азаматтар жайында білуге құмарлығы артты. Ұлттық сананың оянып, қазақтардың елдік салты жайында ойлана бастауы да коммунистік режимнің жібі босай бастағанының белгісі еді. Тарихи роман жанрындағы М. Әуезов дәстүрін жалғастыра отырып, қазақ романшылары осыған ұқсас әлемнің озық әдебиетінен сабақ алды.
Осы бір тұстағы тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқы елдігін, арғы-бергі тарихын кең толғап, көркем талдауда І. Есенберлин, М. Мағауин, Ә.Кекілбаев, С. Мұқанов, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Д.Әбілев, С. Сматаев, Ш. Мұртаза, 3. Ақышев, Ж.Молдағалиев, Д. Досжанов, т. б. жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ой-пікірдің басқа салаларына ықпал етуі осы авторлар еңбектерімен тікелей байланысты
Бұл дәуірдің бірталай тәуір шығармалары қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі. Жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып табылады. Бұл салада Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» (1957), «Көз көрген» (1963), С. Мұқанов «Есею жылдары» (1963), Х.Есенжановтың «Ақ жайық» (1957-1965), Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1961-1970), Ғ. Слановтың «Асау арна» (1962) І Есенберлин «Көшпенділер» Ә Кекілбаев «Үркер», «Елең алаң» Т. Ахтанов «Шырағың сөнбесін» сияқты романдарының атап айтарлық маңызы бар.
X. Есенжановтың «Ақ жайық» атты үш томдық романы – қазақтың революцияшыл әдебиетіне өз жаңалығын ала келген шығарма. Сталиндік репрессияға ұшыраған автор ерте ойланған тақырыбын тек 50-жылдардың орта кезінен бастап жазуға мүмкіндік алды. Онда Қазақстанның батыс аймағында болған әлеуметтік тартыстардың тарихы суреттеліп, соған қатысқан адамдар тағдыры ашылады.
Қазақтың бұл тұстағы тарихи романында тарихтың әр кезеңінде өмір сүрген ұлы тұлғалардың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесін негізге ала суреттеу дәстүрі қалыптасты. Сәбит Мұқановтың Шоқан Уәлихановқа арналған «Аққан жұлдыз» (1967-1969), Ж. Молдағалиевтің Ыбырай Алтынсарин туралы «Алғашқы қоңырау» (1978), Д.Әбілевтің «Сұлтанмахмұт» (1965-1971), С. Жүнісовтің «Ақан сері» (1971-1978),
Достарыңызбен бөлісу: |