Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


С.Мұратбековтің "Басында Үшқараның" повесіндігі лиризм



бет66/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78
аширов ответ

С.Мұратбековтің "Басында Үшқараның" повесіндігі лиризм

Повесте тоғыз жыл бойы туған ауылына ат ізін салмаған басты кейіпкер – Әсеттің ендігіде өз еліне, әпкесінің тұңғыш қызының ұзатылу тойына келеді. Қызмет деп, жұмыс деп туған аулы мен әпкесін соншама жылдар бойы көрмеуі де ұлттық болмыстан бірте-бірте ажырауымыздың сыры деп ұғынамыз. Осы жылдар ішінде Әсет үйленген. Ғылым жолын қуған. Кандидаттық диссертациясын қорғап шыққан. Балалы да.
Әйтсе де, Әсеттің осынау повесте адами қасиеттерден кеңде еместігі анық байқалады. Поезда келе жатқанда жолсерік қыздың қазақ қызына тән барша әсемдікті бір бойына жинап алған тұла бойына өзінің ынтық көңілі арта түседі. Күтпеген кездесудің өзі Әсеттің жанына көрген түстей әсер қалдырады. Оны станциядан Әбдібай деген туыс інісі күтіп алады. Ауылына барып тойдың үстіне түскен Әсет амандасып, шаршап ұйықтап қалады. Оянса оны іздеп келген бұрынғы мектеп кездегі махаббаты Зағипа кепті. Зағипа отбасылы, 6-балалы әйел болған, толысқан, бала кезден бірге өскен, бала махаббаты, 8-сыныпта малшы біреуге тұрмысқа шығып кеткен. Онымен амандасып, оның өзгеріп кеткеніне таңғалады, өз әйелімен іштей салыстырады. Кейіннен Сәулетай деген бұрын өзі ғашық болған қызды да көреді. «Сәулетайдың сонау жылы күйеуге шыққанын, ол күйеуінің аттан жығылып өлгенін, сонан кейін екі баламен жесір қалып бір жылдай отырып, тағы да біреуге күйеуге шыққанын, ол күйеуінің сотталып кеткенін – бәрін естіген.» Оны көріп тағы баяғысын еске алады, «Орта мектепті бітірген Әсет, апасы аурулы болған соң, оқуға бара алмай қалды. Бір қыс колхозда істеген. Бірде, қыс кезінде ол апасынан ұрлап ақша алып шығып, өзі сияқты екі-үш жас жігітпен бірігіп бір жарты сатып ап, соны бөліп ішіп, клубқа қызып келді.Сәулетай оны алғашқыда менсінбейді. Бірақ, Әсет оның мазақтағанына қарамастан, онымен балаша алысатын. Сөйтіп жүріп, не ойынға, не шынға жатпайтын қызық қарым-қатынас арқасында Әсет ер азаматқа тән мінез көрсетіп, Сәулетайды клубтан кейін бейтінен сүйіп алады. Бірақ, бұл сүйіспеншілік пе, махаббат па, екеуі де түсініксіз болатын. Сол бір көктемде ауыл шаруашылығы институтынан ауылға практикаға келген бір студент жігітке Сәулетайдың көңілі ауып кетеді. Әсет қаншама рет қызды өзіне қайтармақшы болсада ештеңе де шықпайды.
Практикант жігіт кетіп қап, ол екіқабат боп қалады. Ауыл адамдары Сәулені Әсет бұзды деп оған үйлен деп жала жабады. Кейін ол ауылды қайта көрместей боп оқуға кетеді.
Әсет ауылға келгенде оның сезімін оятқан қыздың бірі – Шынар. Шынардың бейнесі автордың суреттеуінше сүйкімді-ақ. Секпілдеу жүзді болса да тартымды. Шынардың нағыз құлпырған шағы. Балғын кезі. Піскен уақыты. Уыздай уылжыған шағы. Әрі сөзге ұтқырлығы, әрі әдемі қылығы жазушы тілінің көркемдігі арқылы өте шебер өрнектелген. Мысал келтірелік: «Қыз денесінің балғындығы, піскендігі керемет еді. Әсеттің әзілдегісі келді, оны кішкене балаша аяғын жерге тигізбей тік көтеріп тұрғысы, мазақтағысы келді, қыздың мектепті бітіргенін біле тұра:
– Айналайын, нешінші класта оқисың? – деді. Қыз жымың ете қалды, қу қыз іші бәрін сезіп тұр».
Және де үзінді келтірелік.

«– Айналайын, жасың нешеде?


– Айналайын, он сегіздемін.


– Айналайын мен жиырма сегіздемін.


– Маған жасыңыздың керегі жоқ. Нүкте.»


Әсет ендігіде үйлі-жайлы, балалы болғанына қарамастан, ауылға келгенде осынау әсем де сүйкімді, сөзге шешен де қылықты Шынарға ғашық болып қалады. Тіпті, оның үйіне барады да. Бірақ, оның үйіндегі әкесі Шалғынбай мен жасы кіші інісінен қаймығып, үйіне кіруге бата алмайды. Әйтсе де, Шынармен ауыл тойында кездеседі. Бірақ, Шынар ендігіде Әсетке көз қырын салмайды да. Ол бұл жолы Әсеттің нағашысының баласы Әдібаймен бірге билеп жүреді. Соның еркінде болады.


Әсет сол түннің ертесінде қалаға аттанады. Бірақ, өзімен бірге сыныпта бір кезде бірге оқыған, бүгінде алты баланың анасы, қой бағумен өз тірлігін тербетіп жүрген Зағипаның той соңында айтқан әні көкірегіндегі талай мұң мен шердің, сырдың құлпын ашып кеткендей әсерге бөленеді.
«Басында Үшқараның қос барабан,
Сол таудан дария шалқар су тараған,
Сұлу қыз, көркем жігіт бәрі сонда,
Апырмай, неге келдім сол арадан...
Оның той үстінде ағыл-тегіл жылап отырған сәті де соншама шыншыл. Онысы жылау емес, Зағипаның қайырылмастан өтіп бара жатқан жастық шағын аңсауы, жастық дәуренін сағынуы, соны қимауы деп білеміз.
Шынында да, Үшқараның басында су болып аққан дария, сұлу қыз бен көркем жігіттің бәрі сонда болса, сол арадан япырым-ай неге келдім деген сауал Әсеттің де көңілін сол сәтте ойсыратқан еді. Бәлкім, сол Үшқарада да Әсеттің туып-өскен Ешкіөлмесінің бір жотасы шығар. Қалай десек те, туған ауылға келіп, балғын балалық шақтағы, бозбалалыққа өтер кездегі, ендігіде ес жиып, отбасылы болған уақыттағы Әсеттің санасын жарқ еткізген, жүрегіне от жаққан сәттер, туған жерге деген перзенттік борышының ешуақытта да түгесілместігін аңғартатындай.
Әсет сұлулықты, әсемдікті сүйеді,ғашықтық сезім адам баласына тән. Бірақ ғашықтықты көрсеқызарлықпен салыстыруға болмайды. Мәселен, повестің бастапқы бетінде-ақ Әсет жолсерік қыздың сүйкімділігіне, қазақ қызына тән ибалығы мен адам баласын үйіріп әкетер тәтті де өзіне тартар бойжеткен қылығына қызығады. Сонымен бірге, ауылға түсіп қалмай-ақ кетіп қалуға пейілді де еді. Бірақ, оқиға олай дамымайды. Әсет өз аулында қалады. Себебі, қалай дегенмен де, Әсет жігітшіліктің аулымен қоштасқан шақ еді ол кез. Уақыт бәрібір өз дегенін істейді емес пе.
Ал, Зағипамен арадағы сүйіспеншілік – адам өміріндегі балалық шақта болған балаң махаббат. Оның өмірі келте, яки баянды болатындығы да басқа мәселе. Алайда, Әсет пен Зағипа ортасындағы балалықтан айырылмаған махаббаттың ғұмыры ұзаққа бармайды. Бірақ, осынау сәт екеуінің де жүрегіне өшпестей із қалдырғаны көркем шығармада еске түсіру, өлең жолдары арқылы оқырманның жадын жаңғыртады. Бозболалық шақтағы Сәулетайға ғашық болу да – Әсеттің махаббат қамалын алудағы сәтсіз амалдарының бірі. Бұл ретте Сәулетайдың жүрегі басқа адамды қалайды.
Ал, отбасылық болған шақта бойжеткен Шынармен арадағы жылы қарым- қатынас, әрине, мүлдем өзгеше. Әсет үйленген. Алайда, оның жүрегінің отына Шынар әдемі де ұтымды, тапқыр да қылықты мінезімен, сөзімен алау жағады. Адам табиғаты да қызық. Әсет Шынармен одан әрі де кездескісі келеді. Жүрегі соны қалайды. Бірақ жалт етіп, жарқылдаған мінезімен көрінген Шынардың бейнесі де ерекше. Ол ендігіде өзімен қатар-құрбылас жігіттің көңіл иірімдерінің құшағында болады.

Сайын Мұратбековтың тарихы өзгеше шығармасы – «Басында Үшқараның» әңгімесі. Әңгімесі бір туғандай тату, адал дос болған Әкім Таразиге арналған. Шығарманың басты кейіпкері Әсет – жазушының өзі. Туған ауылын, оның әсем табиғатын сүйетін қаламгердің суреткерлігі ерекше байқалады.


Сайынның бойындағы тағы бір ерекшелік әлеуметтік жайларға лирикалық нақыш қосып, ішкі нәзік әуендер арқылы жеткізе білуі.
Әңгімеден үзінді: «Бір сәтке Әсет қазіргі өз күйіне сырт көзбен бір қарап өткен дей болады. «Түу, ұят-ай!.. Есіріктік пе, есерлік «пе?.. Жастық па, әлде мастық па? Ғылым кандидаты, ақыл-ойы бар, өскен жігіт... Сөйте тұра істеп жүргені мынау!.. Ұят-ай! Ешкім білмей-ақ қойсын. Тек Алматыға қайтқан соң жолдастарына айтып, күледі ғой әлі.
«Қарағаның қандай жақсы, қарағым...» Ақындар да айтқыш-ау!»





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет