Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет61/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
аширов ответ

М. Мағауиннің «Қара қыз», 
Басқаны менсінбеу, өзін біреуден жоғары санау сияқты көзқарастардан көбінесе сол адам ғаға емес, айналасындағылар зардап шегеді. Бұл жерден автордың «Қара қыз» әңгімесінен айтуға болады. Жеке басының мансабы мен жетістігін көздеген Бексейіт өз от басына көңіл бөлмейді. Бұл жағдай жас шаңырактың күйреуіне әкеледі. Басында сүттей ұйыған от басының шайқалуы кезінде өзі ұнатып қосылған жары Айгүлден алыстауына Бексейіттің жеке проблемасын себеп болып отыр. Ұзақ уақыт еңбектеніп жазған диссертациясының Алматыда қолдау көрмеуі Бексейітті Москваға барып жұмысын жалғастыруға итермелейді. Оның бойындағы мұндай табандылық алғашкыда оқырманды сүйсінтуі мүмкін. Алайда, осы жолда өз кара басынан басқа ешнәрсе толғантпай, ақырында биік мансапқа қолы жеткен тұста жасаған қылықтары Бексейітті оқырман алдында ақтап ала алмасы хақ. Бексейіт диссертациясын Алматыда қорғар тұста сол кездегі ақсақал ғалымдардың кас ізденушілерге қолдау көрсеткеннің орнына жаппай қарсы шығуында да үлкен астар бар: бұл жерде біреудің жетістігіне қызғана қарайтын күпшілдік сыр бергендей.

“ Қара қыз” әңгімесіндегі Бексейіттің Айгүлдің


жазған хатын оқу үстіндегі толғанысы, суретші жайында автордың сөзімен: «…Ол өзінің жартылай ғана бакытты екенін жақсы білетін» [10, 31], деген тұжырымы адам бойындағы эгоизм сияқты келеңсіздікке байланысты жазушының өзіндік поэзициясын айқын танытып отыр.

Адамның адамгершілік сұлулығын оның әрекетінен көреміз. Мәселен, аталмыш әңгімедегі Айгүл өзінің жан сұлулығымен оқырманды бірден баурап алады. Жас шағынан еңбектеніп үйренген ол жұмысының


қандайынан болмасын қорықпайды. Керісінше, еңбек Айгүлдің жанын қуанышқа гоятырады. Өйткені жасаған жұмысының нәтижесі отбасы үшін материалдық кетістіктің көзі болмақ. Алыста оқуда жүрген жары - Бексейіттің ақшадан таршылық көрмеуі Айгүл үшін өз қара басының жағдайынан әлдеқайда маңыздырақ. Айгүл Бексейітті шын сүйеді, өз сезіміне сенімді қандай болсын қиыншылықты көтеруге әзір. Жас келіншек жарының жасаған әрбір жағымсыз қылығына кешіріммен қарайды. Бұл Айгүл жүрегінің тазалығы, пейілінің кеңдігінің айғағы. Н.Ғабдуллин «Замандас келбеті» атты еңбегінде: «Кімде-кім сынды ащы болса да қабыл алса, мінін айтқанға-қиналса да шыдаса, кек тұгпаса, ол - қасиеті биік адам. Оның жаны бай болмақ» дейді [11, 132]. Бексейіттің Айгүлдің қалалық мәдениетінің жетіспеушілігін киім киісі, шаш қоюының заманға сай еместігін айтып мұқатуы оның бойынан өз кемшіліктерін түзетуге талпыныс білдіруінен баска ашу немесе реніш сияқты мінез туғызған жоқ. Демек, Айгүл сынға төзе білетін парасатты адам. Айгүл сүйген жарына адал. Сондай адалдық ол Бексейіттен де күтеді. Алайда, әйелінің көзіне шөп салған. Айгүлдің жанына бататын ауыр сөздер айтқан Бексейітпен бірге өмір сүре берсе, кейіпкер образы шынайы ашылмаған болар еді. Өйткені қандай қиыншылықка шыдаса да, Айгүлдің сатқындықты кешіре алмауы жазушының эстетиқалық мұратының көрінісі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет