Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т. Молдағалиев поэзиясының көркемдік ерекшелігі



бет6/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
аширов ответ

Т. Молдағалиев поэзиясының көркемдік ерекшелігі

Тұманбай Молдағалиев – поэзия әлеміне өз үнімен, өзінің лебімен, жүрек дүрсілімен келген ақын. 1957 жылы жарық көрген алғашқы еңбегі «Студент дәптері» деп аталатын еді. Сол кезде небәрі 20-дан асқан Тұмағаң қазаққа лирик ақынның келгенін әйгіледі.

Біріншіден, Тұмағаң – поэзияға келгеннен өмірден өткенше бір қалыпты тыныспен, бір қалыпты поэзиялық қуатпен өзінің шығармашылығын жасап кеткен адам. Шығармашылығының өсуі де, өркендеуі де, көркемдік тұрғыдан кемелденуі де сол лирикалық әлемнің ішінен табылды. Лирик болып өмірден өтті.


Екіншіден, өлеңіндегі қарапайымдылық оқырманның жүрегіне жылулық табатын, жылулық себетін. Поэзиясының өзіндік ерекшелігі философиялық тереңдікке бойламай-ақ рухы асқақ жырлар жазуға болатынын дәлелдеді.


Көптеген өлеңдері сол махаббатқа, сезім күйіне, достыққа арналды. Туған жеріне, өзінің өскен жері – Жетісу өлкесіне арналды. Сонымен бірге халықаралық тақырыпта жазған өлеңдері де бар. Саяхат сапарынан алған әсерлерін қағазға түсіріп отырды. Өз замандастары Қадыр Мырзалиев пен Жұмекен Нәжімеденов немесе Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсыновалардан ерекшеленіп тұрады. Өзі тыңнан соқпақ тауып, ғажайып жаңалықтарымен айшықталды деуге келмес. Жоғарыда айтылғандай, қайталанбас сұлу сазды, айрықша назды өлеңдері оқырманның көңіліндегі бір құпияны ашу арқылы өзгелерден оқшау тұрды. Сөйлемдердің бір-бірімен байланысы, сөздерді тауып, ұғып қолдануы Тұмағаңа тән стиль еді.


Зерттеушілердің айтуына қарағанда, 300-ден астам өлеңдеріне ән жазылған. Бұл деген – үлкен жетістік. Оның көбін белгілі әншілермен қатар қарапайым халық та орындайды. Өмірдегі философиялық дүниелерді өлеңде ұғыныңқы тілмен жеткізе білген. Мысалы:


Көрініп тұрған көмбеге,
Қол созым жетпей құлаппын.
Бәйгелер тағы бар ғой деп
Өзімді-өзім жұбаттым, – дейді.

Оның «Өмір маған» атты туындысы тұтас теңеуге негізделген. Өмірді шыңы биік тауға да, жауға да, гүлге толы белге де, шөліркеп жатқан шөлге, жылытатын отқа да, жоққа да, керуен көшке де, адал жарға да, сұлу қызға да, апасына да, сезімге де, тіпті өзіне де теңейді. Өлең қайталаулардан құралса да, әр тармақтың, әр шумақтың айтар сыры бар.

...Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді.
Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз болып күлкім келеді.
Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет