Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет3/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
аширов ответ

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».
Шыңғыс Хұсейінов: «Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады».

“Көшпенділерді” жазғандағы себебін: „…қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан айрылған сияқты. „Көшпенділер“ – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады“- деп, жан сырын ашады.



  1. М.Мақатаев лирикасындағы ақын бейнесі және автор

Мұқағали өлеңдері, міне, 60-70 жыл болды халықтың эстетикалық талғам-талабынан шығып, олардың рухани сұраныстарын қанағаттандырып келеді. Сондықтан болар, Қазақстанда «ғасыр ақыны» Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтпайтын адам жоқ. Оның себебі ақын өлеңдерінде көрікті ой да, дауыс ырғағы мен буын, бунақ әуезділігі де, дыбыс үндестігі де тұнып тұрғандығында. Кез келген өлеңінен, оның шумақтарынан Мұқағалиға тән сөз таңдау, сөз қолдану, сөз түрлендіру шеберлігін, олардың үндесіп, үйлесіп келуі мен оқырмандардың сезіміне әсер ету қарымы мен күшін байқау қиынға түспейді.
Ол қандай тақырыпқа өлең жазса да, оны қиюын тауып, қисынын келтіріп, жұп-жұмыр етіп шығарады. Біздің ойымызша, оның бірден-бір себебі – ақын әр уақыт өз ойын түсінікті етіп дәл жеткізуге ұмтылады. Бұл аздық етіп жатса, түрлі көріктеуші құралдарды пайдалану арқылы ойын одан да гөрі бейнелі түрде беруге күш жұмсайды. Өйткені, өлең (поэзия) көп ойды аз сөзбен көрікті етіп жеткізудің көрнекті үлгісі.
Мұқағали Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде дер едік.
Әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды («Тауда өстім», «Тау бір аңыз», тағы басқалар):
Өлмесін деп берген ғой тауды маған,
Мен күрсінсем, күрсініп тау жылаған.
Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген», -- дейді ақын. 
Мұқағали Мақатаев өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Оның поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді:
Су сұрасам сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсыз-ау, қайран жеңгем.
Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған:
О, Муза, маған алыс сөреңді бер,
Ғайыптан кел де мені демеп жібер.
Мұқағали Мақатаев адам жанының ішкі құбылысына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді («Жапырақ жүрек-жас қайың»). Ол күнделіктерінде өзі жайлы, ақын хақында былайша толғанады: «... Енді өзім туралы. Жыр түсінер қауым өлеңдерің жақсы дейді. Әр тұстан қолпаштаған хаттар да алып жүрмін, бірақ сенуім қиын. Жаман жыр жазу қиынға түсіп барады. Жақсы жыр басылмаса, жарық көрмесе қайтем?!» -- деп мұңаяды (17 наурыз 1973 жыл). Ол «Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды (10 ақпан 1976 жыл). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде деуімізге болады. 
М.Мақатаев Абай үлгісімен өзіндік «мен» автор образы арқылы ұлтына үгіт насихат, сын айтатын сипатынан оның жаршы, насихатшы, ақын екендігі аңғарылады. Ақынның өзіндік «мені» күрделі ұлттық талғам.
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден,..
...Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, дейді, ақын ақындық табиғат, биік бітіммен.
Поэзияда негізінен Абай салған дәстүр -- адам сезімін табиғаттағы бейкүнә тіршілік иелерінің жанды бейнесі арқылы көрсету дәстүрі Мұқағали Мақатаев поэзиясынан заңды жалғасын тапты:
... Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген.
... Терезеңнің алдына келіп тұрмын
Көгершіндей
Қысты күн... жем іздеген...
Мұқағали Мақатаев -- өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан ХХ ғасырдағы санаулы саңлақтардың бірі һәм бірегейі. Оның өз сөзімен айтқанда:
... Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын. –
деген ерен жырдың жаратушысы. 
Қазақ дәстүрі бойынша үйдің тұңғыш баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Бұл туралы өзінің «Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?» атты өлеңінде жазған.
...Сенің қандай аңсаймын
«тамашаңды?»
Соғыс келді: жүрекке жара салды,
Шапан еттім төсенген алақанды,
Қамқор тұтып, қауқарсыз қара шалды.
Сағынам ба суық пен талқаныңды?!
Суығыңды, сұрқия қаңтарыңды.
Әжем байғұс мезгілсіз ораза ұстап,
Бізге беріп талқанын қаңтарылды...
Осылайша, соғыс жылдарындағы әжесінің жанында өткен қиын-қыстау күндерді суреттеген Мұқағалидың майдан даласына аттанған әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза болған.
Қалақтай едің,
Қабіріңде қалақ тұр.
Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.
Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып,
Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.
Қызым менің,
Гүлім менің,
Аяулым!
Жатыр молаң жотасындай қоянның.
Құлпытастың құны маған бес тиын,
Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын?!
Бұл өлең жолдары ақынның өмірден ерте озған қызына деген сығыныш пен қайғыны жеткізеді. М.Мақатаевтың өмір жолы оңай болған жоқ. Тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен Майгүл есімді қызы да көлік апатынан қаза табады. Өзінің перзенттеріне деген сағынышын өлеңмен жеткізген ақынның бұл шығармалары қазақ әдебиетінің классикалық туындыларының қатарында.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет