Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Т. Ахтанов прозасының тақырыптық ерекшелігі



бет9/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
аширов ответ

Т. Ахтанов прозасының тақырыптық ерекшелігі



Тахауи Ахтановтың ең алғашқы көлемді шығармасы – «Қаһарлы күндер» шығармасы. Романнан данқты 28-гвардиялық панфиловшылар дивизиясының 1941 жылы соңғы ширегінде Мәскеудің жан жүрегі Кремельге тура келетін Волокалам тас жолынан жауды өткізбеген ерлік істерінің сұлбасын дәл түсірілгені сезіліп тұрады. Сол шайқастың бас қаһармандары генерал Панфилов пен қазақ офицері Б. Момышұлының бейнелері дивизия командирі Панферов пен капитан Мұрат Арыстанов образдарында берілген. Ал Ержан, Раушан, Көжек, т.б. образдар автордың қиялынан туған. Бұл Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең қатерлі де, шешуші кезең. Қиын уақыттағы жауынгерлер өмірін суреттеу арқылы жазушы өр характердің жасалу тарихын көрсетеді. Басты кейіпкерлер өсу, өрбу үстінде көрінеді. Шығарманың алғашқы беттерінде соғысқа аттанып бара жатқан балаң жігіт пен соңғы беттерінде соғыстың от жалынында шыңдалып, есейген азаматтың арасындағы күндер, айлар Ержанның жауынгер, азамат, адам ретіндегі өзгеруімен, есеюімен өтетіні секілді, әрбір қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп отырса, ерлікпен қаза тауып жатқаны да бар. Бұлардың барлығы динамикалық сипатта көрініс табады. Осының өзі роман сюжетінің мінсіздігіне дәлел болуымен қатар композициясының шымырлығын танытады. Төрт тараудан тұратын үлкен романның бірінші тарауында белгілі дайындықтан кейін Панферов дивизиясының майдан шебіне аттануы, екінші тарауда жау күшінің басым келіп кеңестік соғыс күшінің кейін шегінуі, үшінші тарауда жау қоршауында қалып қойған Мұрат батальонының қоршауды бұзып шығуы, төртінші тарауда Москва түбінде болған шешуші ұрыс, сол ұрыс кезіндегі Ержан взводының ерлігі баяндалады. Осы арқылы суреткер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жеке адамдар тағдырына үңіле отырып, тың образдар жасайды. Романдағы басты кейіпкер - Ержан. Ержан образы толық ашылған. Автор оның ішкі жан-дүниесіне ене отырып, адамгершілік келбетін ашады. Шығармада Ержанның айналаға, табиғатқа ғашық көзімен, адал сезіммен қарайтын асқақ арманды жас екендігі оның туған елімен, даласымен, орман, көлімен қоштасқандағы эпизодтарынан көреміз. Мәселен: "Ержан бұл даланың күзін де сүйеді. Еркін өскен қоңыр жел, ақшыл бояуы оңған бұйра боз, кермек иісі аңқыған құрғақ жусан балалық шағының тәтті елестерін көз алдына әкелді. Көңіліне сағыныштың самалын желпіп ынтықтырады, бір кезде сәби көкірегіне өзі құйған үнсіз күйді оятады, соны қайта толықсытады". Жастық асаулығы басылмаған, өмір тек асыл армандар мен балғын махаббаттан тұрады деп ұғынған Ержан алғаш ұрыс кезінде іштей бір түсініксіз күй кешеді. Одан кейін Уәлимен екеуінің арасында болған кикілжің, жанындағы жолдастарының көз алдында жан тапсыруы, өзі жақсы көрген Раушанды Уәлидің алдап кетуі, осының бәрі оның жан-дүниесіне әсер етіп, өзінің армандарының жәй қиял екенін, мынау өмірде адамзат баласының ойлап таппайтын пәлесінің жоқтығын, жүріп жатқан қан майданның өзін бәзбіреулердің өз пайдасына шешпекші болып жанталасып жатқанын көреді. Ержан – типтік образ, Ержан арқылы соғыс жылдарындағы өр рухты жастардың айрықша тұлғасын көреміз. Шығармадағы басты тұлғаның бірі - батальон командирі Арыстанов Мұрат. Мұратты автор өмірді көрген жігіт ағасы жасында алған. Ол майданға дейін облыстық военкоматта істеген, қысқаша айтқанда Ержан секілді арман қуып жүрген жас емес, өмірдің қиындығы мен қызуына қайнаған, ой-санасы өскен адам. Мұратпен алғашқы таныстықтан-ақ оқырман бір сөзді, өткір, ақылды, жүректі ер екендігін біледі. Романның аяғында ол рухани жағынан өсіп жетілген, батальон командирінен полк командирі қызметіне жоғарылаған, қандай іс болса да сеніп тапсыруға болатын адамшылық қасиеті жоғары, парасатты азамат биігіне жеткен. Романда жазушыны ең алдымен, қызықтыратын мәселе кейіпкерлерінің рухани өсуі мен кері кетуі. Т. Ахтанов қаһармандарын осы тұрғыда іштей тартысқа түсіреді. Шынында да романды оқу үстінде азаматтық парыз пен қарызды биік адамгершілік мақсат тұтқан Мұрат пен Ержанның рухани өлемінің биіктеп бара жатқанын көрсек, қара бастың қамын Отан алдындағы жауапкершіліктен жоғары қоятын, бүкіл болмысын мансапқорлық дерт жайлаған Уәлидің кері кетуінің куәсі боламыз. Романның алғашқы беттерінен-ақ Уәли образынан соғысқа белгілі бір ішкі мақсатымен, яғни шен алу, атақ пен даңқ үшін кетіп бара жатқан штаб офицерін көреміз. Адам баласының бойындағы тоғышарлық дерті бейбіт күнде ғана емес, қан майданда да мазалайды екен. Автор одан әрі Уәлидің қорқақтығы мен сатқындығын ашып көрсетеді. Ол алдымен, пәк сезімді Раушанды алдап кетсе, өзі сұранып барған алғы шептегі ротаны қорқақтығымен тастап. кетеді. Батальонға қайтып келген Уәлиге абыройын ақтауға мүмкіндік берілген соңғы кезде де ол өзін-өзі ақтай алмайды. Жау танкісімен алғашқы ұрыс кезінде опасыздық танытады. Жазушы романда Ержан-Уәли, Мұрат-Купцианов ара қатысы арқылы жақсылық пен зұлымдықтың, ерлік пен ездіктің, ара салмағын көрсетеді. Романда өсу, қалыптасу үстінде бейнеленген образдар: Көжек, Кәкібай, Қартбай. Бұлар романда ұлттық сапа мен өрнек қалыптастырған. Аңғалдығымен, адалдығымен ерекшеленіп тұрған Көжек образы қызықтырады. Ол майданға аттанғалы тұрғанда эшелоннан қалып қояды. Әрине, бірақ ол мұны әдейі істемейді. Өзінің аңқылдақ, аңғалдығымен білмей қалады. Жазушы мұны басқа кейіпкеріне істетсе нанымды шықпаған болар еді, Көжек образы біздің көз алдымызға қазақтың қарапайым, ақ көңіл, адал азаматын елестетеді. Т. Ахтанов "Қаһарлы күндерде" соғыс атты үлкен тарихи шындықтың тек саяси мәнін ғана емес, моральдық психологиялық кескінін де терең көрсетті. Соғыс сияқты кеселмен бетпе-бет келе отырып адамгершілік сапаны сақтап қалу орасан зор рухани күш екенін айтты.
Көп жылдардан соң (17 жылдан кейін) жазушы соғыс тақырыбына қайта оралып, «Шырағың сөнбесін» романын жазды. Автордың бір жазылған тақырыпқа қайта оралып соғуының үлкен себептері бар еді. Елдегі елеулі бетбұрыстар, Сталиннің жеке басына табынушылықтың әшкереленуі тоталитарлық саяси жүйенің іргесін шайқалтты. Осыған байланысты жазушының көп нәрсеге көзі ашылды, соғыс кезіндегі, одан кейінгі кейбір жайттарға көзқарасы өзгерді, сондықтан да ол кейбір адамгершілік құндылықтарды қайта қарап, жаңаша суреттеуге тас түйін болып бекіді. Автор «Шырағың сөнбесінде» айтайын деген ойын ірікпей, ақ жүрегінен сөйлейтін қаһарман іздеп, ақыры қарапайым ауыл қызы Нәзираны өзінің бас кейіпкері, әрі шығарма баянының иесі етіп алады. Нәзира өз жайын, соғыс жайын бүге-шегесін қалдырмай, ағынан жарылып, ақтарыла әңгімелейді. Орта мектепті бітіруге тақаған шағында батыс өлкеде әскери қызметін өтеп жүрген кіші лейтенант Қасымбектің етегінен ұстап, танымайтын өлкеге сапар шегеді. Көп ұзамай соғыс өрті лау етіп, басқа командирлердің жұбайларымен бірге жау тылында қалып қояды. Соғыстың от-жалынында шынығып, ой- сезімі толысып, шыңдалады. Романның «Шырағың сөнбесін» деп аталуында үлкен философиялық ой, астар жатыр. Бұл идеяның мәні Нәзираның әжесі Қамқаның аузымен түсіндіріледі. Нәзира анасынан ерте айрылады. Әжесі сол анасының қабіріне шырақ жағып, бата оқиды. «Шырағың сөнбесін!..» деп күбірлейді. Жас бала Нәзира оған: « Жаққан шырағыңыздың майы таусылып, әрі-беріден соң сөніп қалмай ма?!» дейді. Сонда әжесі басын шайқап: «Әй, балам-ай, әлі баласың ғой... Сенсің ғой оның шырағы. Сенің тілеуіңді тілеп жатқан жоқ па ол бейшара» — деп, жауап береді. Бастапқы күйеуі Қасымбектен, одан соң шыққан Абан деген жігіттен айрылып, бір баласын жетектеп, екіншісіне жүкті болып ел шетіне іліккен Нәзира жасы жиырма бірге іліксе де, көпті көрген көнедей ой түбіне сүңгитін мінез табады.
Т. Ахтановтың суреткерлік талантының табиғатын, адамгершілік позициясын, жазушылық беталысын саралаған алғашқы шығармасы – «Күй аңызы». Мұнда автор адамдық бақыт пен жеке бастық эгоизм арасындағы тартысты көрсетеді. Егер «Күй аңызы» көзсіз эгоизмді адамдық бақыт жолындағы саналы құштарлық, арман-тілек жеңгенін айтса, «Алыстан жеткен сарын» әңгімесінде адамзат баласы ғасырлар бойы арыла алмай келе жатқан рухани кесел – нәпсіқұмарлықты сөз етеді. Өз өзін жақсы көретін, өз бақытын ойлайтын, өз жан рақатын бәрінен жоғары қойған ақылсыз, ерке хан қызы жау елінің батырына өзін бір аймалату үшін әкесін, халқын, отанын құрбан етеді. Сөйтіп атағы жер жарған Аяз қала бір ғана адамның нәпсісінің астында қалады.
Жазушының психологтық талантын танытқан әңгімелерінің бірі – «Жоғалған дос». Мұнда автор адамгершілік арды, азаматтық парызды аяқ асты еткен опасыз Мырзахмет пен оның арбауына түсіп, адал махаббатын қор еткен ана – Ғайни өмірінен әңгіме қозғайды. Бұл шығармасында адалдық пен опасыздықтың қарсылықты образын жасайды.
Т. Ахтанов прозасы – психологиялық проза. Сондықтан да жазушы адамдық іс-әрекеттердің сыртқы формаларынан гөрі оның ішкі мәніне көбірек бойлайды. Тахауи шығармаларын оқып отырғанда, өмір дегеннің мәңгілік майдан екеніне көз жеткізгендей боласыз. Сол майдан біздің сынақ алаңымыз, кімнің кім екені сонда ашылады. Ар алдында да, Құдай алдында да әйтеуір жауап беретін күн туады. Сол күнді ұялмай, қасқайып қарсы алуға дайынбыз ба? Міне, Т. Ахтанов шығармалары осы сауалдарға жауап іздейді. Т. Ахтанов ұлттық кейіпкерлерді суреттеп отырып та солардың өмір тәжірибесінен адамзаттық мәні бар көркем ойларды айта біледі. Оның прозасы сол кездегі совет әдебиетінде кеңінен белең алған жадағай насихатшылдық, құрғақ дидактизм секілді замана ауруларынан ада. Жазушы бар асылды партия съездерінің трибуналарынан айтылатын ақылды сөздерден, көсемдердің ауыздарынан шыққан өсиеттерден емес, өз кейіпкерлерінің қарапайым жүрек дүрсілінен іздейді. Сол арқылы оқушысын алғаусыз сендіреді, тебірентеді, белгілі дәрежеде оның жанын тазартып, катарсиске түсіреді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет