Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет68/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
аширов ответ

«Сағыныш» өлеңі универді бітіріп кеткен достарыма арнаймын деп басталады
Ай қарады көгілдір көл бетіне
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.


Осы шумақтағы ақындық параллелизм – көгілдір көл бетіндегі ай сәулесі мен қыз келбеті, мөлдір толқын бетінде тербетілген ғашықтардың мөлдір сезімі адам өміріндегі тазалықты бейнелейді, оқырманым да оған іңкәр етеді.

Тұманбайдың сыршыл ақын екендігі оның табиғат туралы жырларынан да жақсы көрінеді. Ақын жырларында табиғат қуанып, күрсініп, күйзеліп, ойланып дегендей, адам секілді әралуан күйге бөленіп тұрады. Жинаққа енгген табиғат лирикасына байланысты өлеңдері: «Күз» «Гүл» «Бір шоқ емен» «найзағай ойнап аспанда» «өзең» «күздегі көрініс»


Бұл жинақта Тұманбай Молдағалевтің аудармалары да кірген: Мысала Гейнеден «Түсімде көрдім күңгір туған айды» (2 өлең аударған)
Арнау өлеңдер: «Әкеме» «ана туралы жырлар» «ақын ағаға»
Диолог арқылы жазылатын өлеңі: «Қазбек»



  1. С.Мұратбековтің «Жусан иісі», «Жабайы алма» повестеріндегі авторлық позиция және баяндау

Сайын Мұратбек-балалар жазушысы
«Жабайы алмадағы» балалар Сайынның ауылындағы «Қызыл жұлдыз» бригадасының балалары. Ал «Басында Үшқараның» деген әңгімедегі Әсет – Сайынның өзі. «Жабайы алмадағы» Қанат та өмірде бар адам. Қанаттың тағдыры - Сайынның ауылындағы Науқан деген баланікі. Оның да әкесі соғыста қайтыс болған. Шешесі соғыс уақытында колхоздың жұмысынан зорығып өлген. Қазір Науқан ауылда тұрады. Ақсақал болды. Он алты баласы бар.
Негізінен, «Жабайы алма» повесі екі бөлімнен тұрады. Осыдан 19 жыл бұрын жазушы Сайын Мұратбеков дәл осы шығармасы үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері атанды.
Жазушы Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" (1972) повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.
Сұрапыл соғыс уақытында бала­лық шақтың қиындық пен ауыртпалыққа толы кезеңі суреттелетін шығарманың басты кейіпкері – Қанат деген бала. «Тау бөктерінде тұтасқан жабайы алма болатын» деп басталатын шығарма тілі жатық. Қанат пен достары күн сайын жабайы алманың саясына келіп таңнан кешке дейін ойнайтын. Бірақ балалар ауыл жұртына белгілі «Көкінай» атты иттен қорқатынды. Бірнеше жыл әлгі ит жабайы алманың жанын­дағы үң­гірді мекен етеді. Қан майданға аттанған Бәсеннің тазысының киесі бар еді. Бір күндері күшіктеріне азық іздеген «Көкінай» Бүбітай есімді әйелдің үйіне кіріп, сүтін төгіп, нанын алып кетеді. Кейіннен ашуға булыққан қарулы әйел «Көкінайдың» күшіктері жатқан үңгірдің аузын көміп тастайды. Осыдан кейін күшіктерінен айырылған тазы ауылдан мүлдем жоғалып кетеді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін тау бөктеріндегі жабайы алма уылжып пісе бастады. Бір топ бала талды жағалай алма теріп жүрген еді. Бір кезде ойын баласы Сыпатай кәрі ағаштың ұшар басына шыға бергенде жерге құлап түсті. Биіктіктен құлаған бала сол мезетте жан тәсілім етті. Сыпатай Бүбітайдың ұлы еді. Осылайша, кезінде жеті қазынаның бірі – тазыға қиянат жасаған ана ұлынан көз жазып қалды. Иттің киесіне ұшыраған Бүбітай баласын жоқтап, жынданып кеткен болатын.
Бірінші бөлімде балалардың соғыс уақытын­дағы қиындықтары мен қызықтары ерекше баяндалады. Өздерінен ересек келген Әжібекке ерген олар талай қиындықты еңсеріп шығады. Соғысқа кеткен әкесінен «қара қағаз» алған Қанат анасы Бағила мен әпкесі Назираға тіршілік істеуге болысатын. Бағила бастаған қыз-келіншектер қырман мен егістік басынан табылады. Үйге қас қарая келетін немесе қо­нып қалатын бұларға балалар да қосылды. Жоғарыдан келген межені орындау үшін балалар пішен орды. Әйелдер масақ теріп, егінді шашпай-төкпей жинауға міндеттелді.
Әрине, соғыс жылдары әрбір отбасында жоқшылық белең алды. Ақиқатында бір алақан тарыны балалары үшін ұрлап әкелетін ауыл әйелдері жазықсыздан сотталып жатты. Балалардың буыны қатайып, талай ауыртпалықты көтере білді.
Шығармада соғыстан жаралы оралған Ырысбектің тағдыры әсерлі бейнеленеді. Соғысқа кеткенде әйелі басқа біреуге үйленіп кетеді. Құдай қосқан зайыбы өзгенің әйелі болуы жанына аяздай батады. Ырысбек ауыл балаларын қайсар жүректі, мықты болып тәрбиеленуі үшін әскери тәртіпке үйретеді. Сонымен бірге Ырысбектің бірнеше әйелге үйленуі, тылдағы еңбекке араласуы жақсы суреттеледі. Соғыс тұсындағы балалар өмірі расында аянышты еді. Назира мен Тоқтардың махаббаты да бая­сыз аяқталады. Повесть желісінде ауыл өміріндегі маңызды рөлге ие қариялардың әкесіз, шешесіз қалған балаларды жеткізуі өте әсерлі көрініс табады. Мәселен, «майданға астық жіберемін» деп жүргенде әлдебіреулердің соққысынан қаза тапқан Бағила нағыз ер мінезді еді.
Әке-шешесінен айырылған Қанаттың кейінгі өмірі шығарманың екінші бөлімінде суреттеледі. Тек әжесі мен апасына арқа сүйейтін бозбала зорлық пен зомбылықтың, асқан жауыздықтың куәгері болады. Жетімдіктің кермек дәмін татқан ол ерте есейеді. Өзінен кейінгі бауырларына тілеуқор, қамқор болу керектігін сезінеді. Қанат пен достары мектеп қабырғасында сабақ оқып жүріп, елі үшін, Отан үшін қызмет етті. Осылайша, соғыс жылдарында ата-анасынан айырылған балалардың өмірі, қыз-келіншектердің тағдыры баяндалған
Автор осы шығарма арқылы сол кезеңді нақты бейнелеген. Бұл – автордың көркемдік шеберлігі.
Авттор Көкінай атты итті образдау арқылы, жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі. Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет