Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі психологизм суреттері



бет17/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
аширов ответ

Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі психологизм суреттері

Ә.Кекілбаев шығармашылығында шоқтығы биік тұратын туындылардың бірі -«Күй» повесі. Автордың талай тарихи шындықтан хабар беретін, оқырманды сол күймен бірге ой шыңырауына түсіретін, ұлттық сана-сезімнің биігіне жетелейтін, кейіпкерлер тағдыры өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп тұратын тың шығарма. Жазушының стилі ерекше, әлемдік әдебиет сахнасында соны образдармен келуге болады, бірақ Әбіш шығармашылығы, әсіресе “Күй» - қазақтың ұлттық тамырымен астасып жатыр, болмысымен біте қайнасқан. Оның қаламгерлік шеберлігі, ұлттық әдебиеттегі орны сонысымен құнды.
Автордың ең бір ұтымды көрсеткен жері уақыт пен кеңістіктіктің күрделеніп келіп, реалдық пен перцептуалдық әлемді қатар алып отыруы. Ол – кейіпкерлердің жай-күйі, ішкі толғаныстарының, психологиялық хал-ахуалының күй арқылы құбылып отыруы. Жазушы повестің басынан-ақ оны:«Құрбан ақсақал басын сонау, ту әріден алатын ұзын-сонар оқиғаға байланысты шыққан бір күйді тартты. Жетпістен асса да, қолына діріл жүгірмеген. Саусағынан төгілген саз әлі тәтті. Сырым жастайынан күй тыңдап өскен қазақ-ты. Баяғы бала кезінде қу тақтайдың бетінен өзінен-өзі өрбіп жатқан сиқыр күйге еліткенімен дәл қазіргісіндей сұғына тыңдамаушы еді. Қазір күй естісе, өне бойының бәрі шымырлап, көкірегіне әлдеқандай бір өзгеше сезім қордаланып, жанарына мұң ынты-шынты кетеді.» , - деп суреттейді. Сол күй ағыны кейде-шалқып төгіліп, кейде бәсеңдеп барып барлық уақыттың жотасынан қылаң береді. Күй - «ешкім көзіне ілмей, оқып көрмеген, шетке ысыра салған көнетөз сұңғыла кітап». Ол сол далада сабылтып жүрген көмескі естеліктерді тірілтті.
«Күй» повесінде адамзат атаулы ойлап тапқан жаза түрлерінің ішіндегі ең қатыгезі, адамдық қасиетке жат жаза «тұтқын басына кепеш кидіру» көшпелі тайпалар арасындағы ежелден келе жатқан шара ретінде суреттеледі. Басына кепеш киген тұтқын жадынан айрылып мәңгүртке айналады.
Қорыта келгенде, Әбіш Кекілбаевтың «Күйі» - оқырманын тап күй тыңдағаннан кейін соның кеңістіген айыға алмайтын, елегізіп, сананы сан саққа жіберетін күшке ие. Сонымен қатар, түркімен мен қазақ арасындағы ежелгі қақтығыс, батырлардың адуынды күресі, «мәңгүрт» ұғымының алғаш қазақ әдебиетінен көрінуі – бұл шығарманың көркемдік табысын айғақтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет