Оқулық " Экология"мамандығы



бет92/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125
treatise95823

Гидрографиясы. Қазақстан трансшекаралық аймақтардағы және соңғы ағысы болатын 22 ірі өзендер аумағында орналасқан (Кесте 1.1) және уақытша су көздері , әрі теңіздер (Каспий, Арал,Балқаш), 20-дан асатын ірі өзендер, 50-ден астам ұсақ көлдер және 4 мың жасанды суқоймалары су тапшылығын болдырмайды. Көпшілік көлдер ұсақ, тұзды, үнемі кеуіп қалады. Тұщы су көздері тау көлдерінде болады. Өзендер мен су көздерінің табиғи гидрологиялық режимі шаруашылықтарда толық дерлік игерілген.
Су ресурстары. Мемлкетіміздің жер бедері мен климат ерекшеліктері су көздерінің жер бетінде бір тегіс орналаспауына да байланысты. Республикамызда 85 мыңға жуық өзендер бар. Өзендердің 90% жуығы ұзындығы 10 км –ден асатын кішкене өзендер және уақытша су көздері болып табылады. Көктем мезгілінде пайда болып, жаз мезгілінде құрғап қалады және бірнеше құрғақшылық жылдары қалпына келе алмайды. 155 өзендердің ұзындығы 100 км, тек қана 7 өзеннің ұзындығы 1000 км –ден асады.Еліміздің оңтүстігі және шығысында тау өзендері ағады, мұздықтар мен қарлардан бастауын алады. Олардың толығуы көктем-жаз мезгілдері. Өзендердің көп бөлігі ішкі тұйық бассейндер Каспий теңізі (Орал және Ембі өзендері) және Арал теңізі (Сырдария өзені) және Балқаш көлі, Тенгиз, Шалқар, Қарасорғаға барып құяды. Ең үлкен ірі өзендер –Ертіс, Есіл, Тобыл Обь өзенінен бастауын алады. Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Аякөз өзендері Балқаш-Алакөл көл жүйелерін толтырады; Ертіс, Бұқтырма,Күршім және Көлжір Зайсан көліне және Бұқтырма су қоймасына құяды. Ірі өзендер Орал, Іле , Ертіс, Шу өз бастауларын басқа мемлекеттерден алады, алатын су ресурстары көлемі , 42-44 % құрайды. Айтарлықтай су көлемі көрші мемлекеттерден келеді: Қытайдан- 18,9 км3/жылына; Өзбекстаннан-14,6 км3/жылына; Ресейден- 7,5 км3/жылына; Қырғызстаннан- 3,0 км3/жылына.Судың келуі мен жұмсалуын реттеу мақсатында өндіріске және ауылшаруашылығына қажеттік үшін 4000 жасанда суқоймалары жасалды., бұл табиғи су көздерінің табиғи ағысын өзгертті, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына және қосымша су қорын жоғалтуға әкеліп соғады.
Қазақстанда құрамындағы су көлемі 45 мың км2болатын 48 мыңнан астам көлдер құрайды. Олардың 94% -ның аумағы 1 км2 аспайды. Негізінен бұлар бөлектенген көлдер. Құрамындағы су көлемі 100 км2 асатын 2 мыңға жуық көлдер бар. Оларға Балқаш, Зайсан, Алакөл, Тенгиз, Селетытенгиз, Сасықкөл, Күшмұрын, Марқакөл, Үлкен Қарой және басқаларынің су көлемінің деңгейі тұрақсыз келеді. Бұлардың су көлемінің деңгейі жыл мезгілдеріне байланысты құбылмалы, көлемі мен пішіні мезгілдерге сәйкес ауысып өзеріп тұрады. Шөлдерде және құрғақ зоналардаорналасқан және кең көлемді алып жатқан ,үлкен және кішігірім көлдер ландшафт қалыптастырғыш қызметін атқарады, далалы және шөлейтті биоценоздарды жасай отырып қалыптастырады.
Көпшілік өзен – көлдер кешені сулы-батпақты болуының ғаламдық сипаты бар, өйткені олар афро-евроазиаттық көшіп-қонушы құстардың көбейетін және қоныстанататын мекенін қамтамасыз етеді. Жер беті суларының жалпы қоры 390 км3, оның шамамен 100 км3 жылдық айналымға қатынасады.
Еліміздің көптеген аудандарында тұщы су (40 км3) және тұздылығы әлсіз жер асты сулары (21 км3), бір бөлігі өндірісте және ауылшаруашылығында (2,9 км3 шамамен бір жылда) пайдаланылады.
Климаты. Орталық Азияның солтүстік-батыс бөлігіндегі құрлықішілік жағдайға байланысты, мұхиттарға тіке шығатын жолдардың болмауы және солтүстік және оңтүстік-батыс территорияларының ауа массалары арқылы ластаушы заттардың өтуіне ашық болуы, атмосфера циркуляциясының дұрыс болмауы тұмандардың пайда болуына ықпал жасайды.
Типті кішігірім бұлттар және радиацияның жоғары деңгейі, гидротермиялық жағдайдың әртүрлілігі (0,2-1,2 коэффицентте), климаттың континенттілігі, аридтті және семиаридті ландшафтарды қалыптастырады. Республикамыздың әртүрлі климаттық жағдайын 3,4,5 суреттерден бағалауға болады.
Құрлықішілік жағдайларға байланысты теңіздер мен мұхиттардың оқшаулығы, жер бедерінің жалпы жазықтығы, кеңістіктің кеңдігі мен ұзындық бағыты , табиғи –климаттық жағдайдың әртүрлілілігі- Қазақстан ландшафтары мен экожүйелерінің көптүрлілігін көрсетеді.




3-шi сурет. Климаттық мiнездемелердiң диапазоны


4-шi сурет. Қазақстан республикасының аумағындағыжауын-шашын және температураларының таралу аймақтары.
Қазіргі таңда Қазақстан флорасында 68 түрлер ағаш тектес өсімдіктер, 266 түрлер бұталар, бұтатәрізділер және жартылай шөптесін өсімдіктер, 2598 түрлер көпжылдық және 849 түрлер бір жылдық өсімдіктер (сурет 5).

5-шi сурет. Флораның әр түрлiлiгi

Мемлекеттік есеп бойынша, орман қорының аумағы және ерекше қорғалатын табиғи территориялар 01.01.2002 ж. бойынша 26,08 млн. гектарды құрайды, сондай-ақ орман жамылғысы -11,47 млн. гектар . Қазақстан ормандары сексеуіл ормандары мен бұталарды қоса есептегенде 4,2%, ал оларсыз 1-2% -ды ғана құрайды. Қазақстан территориясындағы ормандар біркелкі таралмаған. Жекелеген облыстардағы орман қорлары 0,1 %-дан 16%-ға ауытқиды. Кішігірім орман жамылғылары аумағы ( егілген сексеуіл және бұталарды қоса есептегенде - 69,3%), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста (15,5%) және еліміздің солтүстік периметрінде (12,1%). Негізгі орман қорын түзуші тұқымдастарға: қылқан жапырақты- қарағай, шыршы,самырсын, жұмсақ жапырақты -қайың, қандағаш, терек, тал, сексеуіл және бұталардан - арша, тобылғы, тал, итмұрын, акация т.б жатады. Ленталы бор орманында қайың мен көктерек таралған, Ертіс өзенінің оң жағалауында құмды топырақтарда өседі. Алтай тауының Қазақстандағы бөлігі қылқанжапырақты және жапырақты ормандар,Қазақстан орман қорының 60% құрайды. Самырсын тау беткейінің жоғарғы бөлігін алады, төменгі бөлігіндегі беткейінде қандағаштар мен шыршалар жақсы таралған.


Қарағайлар көбінесе Калбин жотасы мен оның беткейінде, Үлбі өзенін бойлай жақсы таралған. Оңтүстік беткейі көбінесе бұталы өсімдіктер жамылғысына бай.
Жоңғар Алатауы және Іле Алатауы солтүстік және ортазиялық ағаш тектес тұқымдастар ареалының таралу шекарасы болып табылады. Ормандардың орналасуында көлденең зоналылық анық байқалады. Төменгі бөлігінде бұталар таралған болса, жоғарғы бөлігінде жабайы алмы мен алмұрт ағаштары, ортаңғы бөлігінде жапырақты (көктерек, қайың), ең жоғарғы бөлігінде қарағайлар кең ауқымға таралған.
Батыс Тянь-Шань бөліктеріндегі орман қоры көптеген қазіргі мәдени жеміс ағаштары мен жидекті бұталардың байырғы тұқымдасы, шығу тегі болып табылатын орталығы. Ормандар ғаламдық сипатқа ие генетикалық резерваттар болып табылады, алма, өрік, фисташки , алша, облепиха, қарақат, бүлдірген, барбарис, итмұрын, миндаль сияқты өсімдіктердің жабайы түрлері жақсы сақталған. Жеміс ағаштары таралған белдеуден жоғары, 2-3 мың м2 биіктікте тау бөктерлерінде арша тұқымдастары жақсы таралған. Сексеуілді орман Зайсан көлінің шығысында Арал теңізінің батысында шөлейтті жерлерде жақсы өседі, құмдарды бекітіп, ары қарай өсуіне жол бермейді. Сексеуілдің жас өскіндері дәстүрлі шабындық ретінде , ал сексеуіл ағаштары құнарлығы жоғары отын ретінде сұранысқа ие болғандықтан , елімізде сексеуіл массивтерінің құрып, жойылуына қауіп төніп тұр, оның басты себебі аяусыз кесіп отын ретінде жаппай пайдалану. Тоғай ормандары оңтүстік аудандардағы өзен жағалауларында жақсы таралған. Оларға лоха, ивы, тополя, тамарикса, чингила, джузгун, барбарис, курчавки жатады.Бұл жерлерде сондай-ақ тополяның ерекше түрі турганга және реликтік ясень , ылғал сүйгіш (немесе согиданский) көптеп кездеседі. Орман жамылғысы сонымен қатар солтүстіктегі Ертіс, Есіл, Тобыл , ал батыстығы –Орал өзендерін бойлай жақсы таралған. Негізінен бұл жерлерде терек, көктерек, тополь, вяз гладкий, қайың, черемуха, ольха , ал Орал өзені бойында дуб ағаштары көптеп кездеседі. Бұл ормандар суды қорғау мен судың белгілі бір режимде сақталуында өте маңызды қызмет атқарады.
Табиғат кешендерінің айтарлық зардап шегуінің мынадай басты себептері болды: аулшаруашылығы мақсатында жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру, өндірістік мақсатта және азаматтық құрылыс нысандарын салу, өзен ағыстарын бұрмалау, тау аралық және дала кеңістіктеріндегі қазындылар мен үйінділер, тау етегіндегі және өзен бойындағы ормандардың кесілуі болды, соның салдарынан керемет табиғат кешендері және реликтік биологиялық қауымдастықтар аз-ақ жойылу үстінде тұр.
Еліміздің табиғи –климаттық жағдайын ескерсек, Қазақстанның көптеген бөліктерінде аридті климат қалыптасқан,жоғары дәрежеде температуралық құлдырау, үздіксіз соққан жел, құрғақшылық және су ресурстарының әркелкі орналасуы т.б. Территориямыз орман қорына өте тапшы. Доминантты дала және жартылай шөлейтті табиғи кешендер өзін-өзі қалпына келтіру жағдайы өте төмен және техногендік әсерлерге төзімсіз келеді. Еліміздің құрлықішілік орналасуы, су және ауа массаларының трасшекаралық жағдайда ашықтығы, территориямыздың экологиялық тұрғыда ластануға бейімдігін білдіреді және көршілес мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет