Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет107/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

С. С. Воскресенскийдің жіктемесі бойынша беткейлердің: нағыз 
гравитациялық беткейлер, блокты қозғалысты беткейлер, бос 
жыныстардың жаппай сырғу беткейі жəне делювийлік беткей-
лер сияқты типтері бар. 
Жас ерекшелігіне қарай беткейлік жер бедерінің пенеплен, педи-
плен педимент деп аталатын түрлері, сондай-ақ тасты шөлдер мен 
террасалары да ажыратылады (63,64-суреттер).
64-сурет. Еуропа жеріндегі ежелгі педиплендер
Флювийлік процестер əрекетінен қалыптасатын жер бедері
Флювийлік (латын тілінде, өзен, ағын деген мағына береді) процесс 
əсерінен қалыптасатын жер бедері құрлықтағы тұрақты жəне 
уақытша ағын сулардың əрекеті нəтижесінде түзіледі. 
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл 
атқарады. Олардың əрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан 
түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі деп те атайды. Ағын 
сулардың əрекеті алдымен судың шаюынан, шайылған заттардың 
судың ағыны көмегімен тасымалдануынан, ең соңында, олардың
жинақталуынан құралады. 
Уақытша ағын сулардың əрекеті жəне олар құрайтын бедер 
пішіндері. Уақытша ағын сулар əрекетінен пайда болған бастапқы 
эрозиялық пішіндер – жылғалар мен атыздар. Жыртылған жерлер 
мен өсімдігі сирек беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 


149
1,0-2,0-м, ені 2,0-2,5 м жететін эрозиялық жырмаларға айнала-
ды. Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала 
бермейді. Ол үшін су ағысы жылдам, жиналған судың көлемі мол 
болуы тиіс.
65-сурет. Жыралардың біртіндеп кеңеюі
Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір 
бөлігі тереңдей жəне кеңейе келе, бірте-бірте жыраларға айналады. 
Жыра жылдам өзгеретін эрозиялық пішіндер болып саналады. Жыра 
ұзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан судың 
эрозиялық күші азая береді, біртіндеп жыралар сайларға айналады 
(65-сурет). 
Жыра эрозиясы – халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін 
табиғи апат. Олар ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлердің 
біразын істен шығарады да, өңдеуге жарамайтын аймақтарға ай-
налдырады, жол құрылыстарын бұзады. Жыра эрозиясымен күрес 
жүргізу үшін алдын ала сақтандыру əрекеттеріне назар аудару керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет