Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тұрақты ағын сулардың əрекетінен қалыптасатын жер



Pdf көрінісі
бет108/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Тұрақты ағын сулардың əрекетінен қалыптасатын жер 
бедері. Өзендер негізгі арнадан жəне оның тармақтарынан тұрады. 
Өзен барлық тармақтарымен бірге қосылып өзен жүйесін, ал белгілі 
бір аумақтағы өзендер саны сол жердің өзен торын құрайды. 
Өзендердің жер бедерін құрудағы басты факторларына өзен 
ағысы мен өзен ағысының жылдамдығы жатады. Өзен ағысы өзінің 
ағу барысында арна айналасындағы тау жыныстарын бұзып, ағызып 
əкетіп, жаңа өзен арнасын қалыптастырады, арна эрозиясы жүреді.


150
66-сурет. Өзен эрозиясының базисі
Өзендер мен жылғалар суы құйылатын су қоймасының (өзен, 
көл, теңіз, мұхит) деңгейі эрозия базисі деп аталады (66-сурет). 
Эрозия базисінің белгілі бір деңгейде орналасуы өзеннің эрозиялық 
жəне аккумуляциялық əрекетіне байланысты. Жалпы өзен эрозиясы 
ағын ерекшелігіне байланысты тереңдік, бүйірлік, регрессиялық 
жəне трансгрессиялық эрозияға бөлінеді. Əрине, бұл бөлу шарт-
ты түрде ғана, өйткені эрозия механизмі табиғатта күрделі сипатта 
жүреді.
Өзен аңғарының морфологиялық элементтеріӨзен аңғары – 
жер бетіндегі аса кең емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан 
жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған
теріс пішінді жер бедері.
1 - арна, 2, 3, 4 - терраса, 5, 6, 7 - жайылма
67-сурет. Ассимметриялық аңғардың негізгі элементтері: 
Аңғардың негізгі морфологиялық элементтеріне арна, жайыл-
ма, терраса, аңғар жəне жағалауындағы аңғар беткейлері жатады 
(67-сурет).


151
Арна – өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең 
тереңделген бөлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет