157
75-сурет. Оңтүстік-Шығыс Қытайдағы Юннань карст құрылымдары
Судың тік бағыттағы циркуляциясы
мейлінше қарқынды болса
карст тау жыныстарының еру процесі нəтижесінде
оқпандар (по-
норлар) деген қуыс пішіндердің пайда болуына əкеліп соғады. Бұл
жердің бетінде тік келген табиғи құбырлар іспетті беті ашылған
жарықтар мен індер тəріздес көрініс береді. Тереңіректе оқпандар
судың тік бағыттағы циркуляциясы нəтижесінде əртүрлі қуыстардың
жүйесіне ауысады.
Оқпандар ұлғайған сайын екінші карстық пішіндерге,
карстық
шұңқырларға (воронка) ауысады. Карстық шұңқырлар жер бетінде
жиі тараған. Олардың көлемі жəне сыртқы бейнесі карстқа ұшыраған
тау жыныстарының түрлері мен геологиялық құрылымына тəуелді.
Карстық шұңқырлардың пайда болуы тау жыныстарының еріп,
сумен шайылып кету процесімен бірге сазды жəне
ұсақ құмайтты
бөлшектердің төмен сүзіліп кетуімен орайласа жүреді, яғни суф-
фозия процесімен тығыз байланысты. Мұндай пішіндерді
карсты-
суффозиялық шұңқырлар деп атайды.
Карстық пішіндерге тəн ерекшеліктердің бірі – олардың сыртқы
бейнесінің
тұрақсыздығы, бір пішіннен екіншісіне жиі ауысуы.
Кішігірім жайпақтау келген тұйық көлшіктер тереңдей бере карстық
шұңқырларға ауысады, ал карстық құдықтардың ернеулері тегістеле
келе тағы да сол карстық шұңқырлардың түзілуіне əкеп соғады. Егер
оқпандар одан əрі карст процесіне ұшырай берсе,
олардың көлемі
ұлғайып, табиғи құдықтар мен шахталарға айналады.
158
Полья – көлденеңі бірнеше километрге,
кейде ондаған кило-
метрге жететін, табаны тегіс, жан-жағы тік тұйық ойпаңдар. Олар
бірнеше қазаншұңқырлардың бір-бірімен
қосылуынан немесе жер
астындағы карстық қуыстардың төбесі опырылып, құлап түсуінен
пайда болады. Кейбір ірі пішіндердің
жаратылысы тектоникалық
құрылымдармен де байланысты.
Үлкен үңгірлердің түбінде жерасты өзендері мен көлдері де
кездеседі. Кейбір үңгірлерде мұз сүңгілері
мен кристалдары, ал
карбонатты тау жыныстарынан тұратын үңгірлерде ерекше карст
құрылымдары –
сталактит,
сталагмит атты табиғи бағаналар
түзіледі (
76-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: