147
62-сурет. Экзогендік беткейлердің көріністері
Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай беткейлер:
опырыл-
малы, құламалы (қорымдар),
қар көшкіндік, жылысу, басылу,
солифлюкциялық, жаппай шайылу беткейлері болып жіктеледі.
Сонымен қатар беткейлер
эндогендік жəне
экзогендік беткейлер
болып бөлінеді.
Эндогендік беткейлердің қалыптасуына
жер қыртысындағы
тербелмелі жəне тік қозғалыстар, қатпарлану мен горст-грабендік,
интрузивтік жəне
эффузивтік магматизм, батпақты вулканизм
процестері ықпал етеді. Ал экзогендік беткейлер флювиалдық,
экзарациялық, абразиялық, криогендік жəне
биогендік процестер
əсерінен қалыптасады (
62-сурет).
63-сурет. Солтүстік Америкалық денудациялық пішіндер
Жалпы табиғатта тек қана эндогендік немесе экзогендік жолмен
түзілген беткейлер сирек кездеседі, өйткені бұл екі əрекет бірін-бірі
толықтырып, өзара алмастырып отырады.
148
Үгілу өнімдерінің жинақталуы мен тасымалдануына байла-
нысты беткейлер –
денудациялық жəне
аккумуляциялық болып
бөлінеді. Денудациялық беткейлер өз тарапынан
структуралық
жəне
структуралық емес болып ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: