Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Жер бедеріне сипаттама беру жолдары



Pdf көрінісі
бет127/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

4.5. Жер бедеріне сипаттама беру жолдары
Жер ғаламшары жер бедеріне тəн басты ерекшеліктер:
1. Жер бетінің орташа биктігі 970 метрге тең, ең аласа материк 
– Аустралия, ең биік материк мұз жамылғысымен қоса есептегенде 
Антарктида материгіне тəн;
2. Құрлық бетінде жазықтар мен биіктігі 1000 метрден аспайтын 
аласа таулы жер бедері басым таралған, 4000 метрден жоғары биік 
таулардың үлесі өте төмен болып келеді;
3. Дүниежүзілік мұхит табанында абиссальды жазықтар – 
қазаншұңқырлар басым, терең шұңғымалардың үлесі мұхиттар жал-
пы ауданының 1,5%-нан аспайды;
Жер бедеріне сипаттама берудің бірнеше жолдары бар, ол 
физикалық карта, сызбанұсқа көмегімен немесе жергілікті жердегі 
нақты бір нысанға сипаттама түрінде болуы мүмкін. 
Сондықтан жер бедеріне сипаттама беруде жүйелі жоспарды 
басшылыққа алу қажет:
1. Жер бедерінің жалпы ерекшелігін, географиялық орнын 
анықтау;
2. Теңіз деңгейінен ең жоғары жəне ең төмен жатқан нүктелері, 
немесе салыстырмалы биіктігін анықтау;
3. Жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштерін (орташа 
биіктігі, ұзындығы, көлденең қимасы, еңкіштігі, тереңдігі жəне т.б.)
4. Жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндерінің орналасу бағыттарын 
анықтау;
5. Жер бедері пішіндерінің негізгі элементтерін (беткей, бұрыш, 
қырлар жəне т.б.) сипаттау, олардың орналасу ерекшеліктерін 
анықтау;
6. Жер бедерінің қалыптасуына əсер етуші күштердің 
арасалмағын, əсер ету дəрежесін сипаттау;


176
7. Жер бедері мен оның негізгі бөліктерінің адамның шаруашылық 
қажетіне пайдаланылуы жəне оның осы əрекеттер əсерінен өзгеруін 
сипаттау.
Жер бедерін сипаттау бойынша тапсырмалар:
1-тапсырма.
1. Төмендегі карта фрагментін пайдалана отырып, 86-суреттегі 
жер бедерінің түрлерін атап шығыңдар.
2. Суреттегі ірі жер бедері түрлеріне жоспар бойынша сипатта-
ма беріңдер.
3. Суреттегі жер бедері қандай материкке жəне оның қандай 
бөлігіне тəн екенін анықтаңдар.
4. Суретте берілген географиялық нысандарды анықтап
олардың аттарын атаңдар.
5. Картадағы қабатты бояу түсіне қарап, олардың абсолюттік 
биктіктерін анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет