1 - Күн энергиясы, 2 - жауын-шашын, 3 - мұхит бетінен булану, 4 - өсімдіктер арқылы булану, 5 - ағаш кроналарының ылғалды ұстап қалуы, 6 - топырақ бетінен ылғалдың булануы, 7 - беткі ағын суларының булануы, 8 - мұхитқа құятын беткі ағын, 9 - жерасты ағыны, 10 - топырақ қабаты, 11 - мұхит беткі бөлігі 119-сурет. Дүниежүзілік су айналымының сызбасы Судың Күн энергиясы мен ауырлық күші əсерінен гидросфера,
атмосфера, литосфера жəне тіршілік дүниесі арасында жүретін
үздіксіз айналымы Дүниежүзілік ылғал айналымы немесе су айна- лымы деп аталады.
Күн жылуы əсерінен теңіздер мен мұхиттардың (мұхит
бетінен құрлықпен салыстырғанда 6,6 есе ылғал артық буланады),
құрлықтың бетінен (өзен-көлдермен қатар, топырақ пен өсімдіктер
де суды буландырады) буланған су атмосфераға бөлініп шығады.
Жыл ішінде дүниежүзілік су айналымына 525,1 км
3
көлемінде
су қатысады. Белгілі бір уақыт аралығында Жер бетіне келіп түскен
ылғал мен қайта буланған су арасындағы қатынас су балансы деп
аталады (13-кесте).
Судың булануы үшін көп мөлшерде жылу қажет, ол жылу су
буының конденсациясы нəтижесінде бөлініп шығады. Демек, су ба-
лансы мен Жердің жылу балансы арасында тығыз байланыс бар. Бұл
байланыс ауа ағындарының қозғалысы нəтижесінде жүзеге асады.
Өйткені ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалды мұхиттан
шалғай жатқан құрлықтың ішкі аудандарына дейін əкеліп жеткізеді.
235
13-кесте. Жер шарының су балансы (М. И. Львович бойынша) Су балансы құрамы Көлемі, км 3 Қалыңдығы, мм Мұхит алаптарына кіретін құрлықтың шеткі бөлігі Жауын-шашын
102 100
865
Өзен ағыны
37 400
320
Булану
64 700
545