Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет167/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

анология (мұхиттану) деп аталады. Ұзақ жылдар бойы океаноло-
гия жағалаулар мен теңіз жағалық бөліктерін, мұхит ағыстары мен 


237
олардың басты бағыттарын, теңіз дауылдарының шығу тегі таралу 
заңдылықтарын зерттеумен айналысып келді. 
Оның барлығы теңізде жүзудің жағдайын жақсартудан туындаған 
болатын. Бүгінде теңізде жүзу жаңа сатыға көтеріліп, океанология 
алдына жаңа міндеттер жүктеуде, ол ең алдымен теңіз түбімен жүзу 
қажеттілігін өтеумен тығыз байланысты. 
Басты кажеттіліктің бірі – суасты байланысын жүзеге асыру. 
Өйткені тығыздығы жоғары, тұзды су жағдайында электр тоғы емін-
еркін қозғалғанымен, электрлі-магниттік толқындардың таралуына 
еш мүмкіндік жоқ. Сол себепті радиотолқындық техника байланыс-
тарын суасты арқылы жүргізудің ешқандай пайдасы жоқ.
Керісінше дыбыс толқындары көмегімен (теңіз суында дыбыс 
1,5 км/сек жылдамдықпен қозғалады) байланыс жасау өте қолайлы. 
Бұл гидроакустика ғылымының қарқынды дамуына негіз бол-
ды. Өйткені дыбыс толқындарының қозғалыс жылдамдығының 
тереңдікке қарай өзгеруі, дыбыс толқынының əртүрлі кедергілерден 
өту жылдамдығы, теңіз түбінің дыбыстарды жұту жəне шашырату 
сияқты күрделі заңдылықтарды зерттеу қажет болды.
Дүниежүзілік мұхиттың биологиялық ресурстарын зерттеу жəне 
оны тиімді пайдаланудың қажеттілігі күннен-күнге артуда. Əсіресе, 
бүгінгі таңда адамзатты азық-түлікпен, өнеркəсіпті шикізатпен 
қамтамасыз етудегі маңызы қарқын алуда. 
Мұхит суларының өлшеусіз энергетикалық ресурстарын иге-
ру (толысу энергиясы, беткі жəне түпкі ағыстар энергиясы) теңіз 
жағалық елдер үшін өте пайдалы болып отыр.
Сондай ақ мұхит пен атмосфера арасындағы өзара байланыс
əсіресе ғаламдық климаттық өзгерістер мұхит табиғатын жан-жақты 
зерттеудің қаншалықты қажет екендігін тағы да дəлелдеп отыр.
Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі болып саналатын 
дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеумен мұхиттар география-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет