6.2. Дүниежүзілік мұхит жəне оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит суының жалпы көлемі 1 млрд 340 млн км
3
шамасында, жалпы ауданы 361,1 млн км
2
, гидросфераның 96,4%-ын
құрайды. Мұхит суында табиғатта белгілі 110 химиялық элементтің
73-і кездеседі. Орташа тереңдігі 4000 м болатын Дүниежүзілік мұхит
Жер шарының 3/4 бөлігін алып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттың
бөліктеріне мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен бұғаздар жата-
ды.
Дүниежүзілік мұхит сулары біртұтас, алайда олар шартты түрде
материктер мен аралдар арқылы шартты түрде 4 мұхитқа бөлінген.
Əрбір мұхиттың өзіндік табиғаты мен қалыптасу жағдайының
ерекшеліктері арқылы ажыратылады (14-кесте).
Кейбір ғалымдар Атлант, Тынық жəне Үнді мұхиттарының
оңтүстік бөліктерін қамтитын бесінші, яғни Оңтүстік мұхитты
ажыратады, бірақ бұл пікір əзірше кең қолдау тапқан жоқ.
Теңіздер – мұхиттың құрлықпен, аралдармен немесе суасты
қыраттарымен бөлініп жатқан бөліктері. Теңіз мұхиттың құрамдас
бөлігі болғанымен, одан суының қасиеттері, ағыстары, тіршілік
дүниесі арқылы айырмашылық жасайды.
246
14-кесте.
Мұхиттардың негігі көрсеткіштері
(К. С. Лазерев бойынша)
Мұхиттың аты
Жалпы
ауданы,
млн км
2
Орташа
тереңдігі,
м
Ең терең жері, м
Суының
көлемі,
млн км
3
Тынық мұхиты
178,62
3 980
Мариана
шұңғымасы, 11
022
710,36
Атлант мұхиты
91,56
3 600
Пуэрто-Рико
шұңғымасы, 8
742
32,,66
Үнді мұхиты
76,17
3 710
Зонд
шұңғымасы,
7729
282,65
Солтүстік
Мұзды мұхит
14,76
1 220
Гренландия
теңізі, 5527
18,07
Дүниежүзілік
Мұхит
361,10
3 700
Мариана
шұңғымасы,
11 022
1 340,74
Оларды мұхиттан оқшаулану деңгейіне қарай ішкі (Қара,
Қызыл теңіздер, Азов теңізі, Балтық, Мəрмəр теңіздері), аралдар
Достарыңызбен бөлісу: |