Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрлықтан мұхитқа жетпейтін тұйық алаптар бөлігі



Pdf көрінісі
бет166/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Құрлықтан мұхитқа жетпейтін тұйық алаптар бөлігі
Жауын-шашын
7 400
231
Булану 
7 400
231
Дүниежүзілік мұхит
Жауын-шашын
410 500
1 135
Өзен суларының ағыны
37 400
103
Булану 
447 900
1 238
Жер шары бойынша
Жауын-шашын
520 000
1 020
Булану 
520 000
1020
Жаңбыр күйінде жер бетіне қайта түскен судың басым бөлігі 
су айдындарын толықтырып, біразы топыраққа сіңеді. Топырақ 
ылғалын сіңірген өсімдіктер оның артық бөлігін қайтадан бу күйінде 
атмосфераға бөліп шығарады. 
Құрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, 
буланған судың орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен 
мұхиттардан қайта буланған су атмосфераға құрамына еніп, айна-
лым тұйықталады. 
Дегенмен, соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының 
тұйық емес екендігін дəлелдеп отыр. Өйткені атмосфераның жоғары 
қабатына көтерілген су буы күн сəулесінің əсерінен оттегі мен сутегі 
иондарына ыдырап, ғарыш кеңістігіне өтіп кетеді. 
Ал жанартау атқылаулары барысында жердің ішкі қойнауынан 
келетін су (шамамен жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып 
отырады. Тіпті осы сулар есебінен гидросфераның көлемі ұлғайып 
келеді деген де болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд 
км
3
(гидросфера көлемінен 15 есе артық) деп шамалануда. 
Судың барлық табиғат компоненттерін қамтитын осындай су ай-
налымы миллиондаған жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде 
гидросфераның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі. Су айна-
лымы кезіндегі гидросфера құрамының белсенділігі түрліше болып 
келеді.


236
М. М. Львович су айналымының белсенділігі атты ұғым енгізген. 
Ол əрбір гидросфера құрамындағы бөліктердің толық жаңаруына 
кеткен уақытпен анықталады. Полярлық мұздық сулары толығымен 
«жаңаруы» үшін 8 мың жыл, жерасты суларына 5 мың жыл, мұхит 
суына 3 мыңдай жылдай уақыт қажет болса, ағынсыз көлдер үшін 
шамамен, бұл əрекеттерге 300 жылдай ғана уақыт керек. Өзен сула-
ры шамамен əрбір 11 күн, ал атмосферадағы су əрбір 9 күн сайын 
алмасып тұрады. 
Су айналымы литосфера, гидросфера мен атмосфераны бір-бірі-
мен байланыстыру арқылы географиялық қабықты қалыптастырды. 
Осы арқылы Жер шарының жаңа қабығы – биосфераның (тіршілік 
қабығы) түзілуіне алғышарт жасады. Су айналымының табиғаттағы 
айрықша маңызы мұнымен ғана анықталмайды. Ылғал айналымы 
барысында жылу алмасуы да бірге жүзеге асады. 
Өйткені географиялық қабықтың бір бөлігінде булануға жылу 
жұмсалса, екінші бір бөлігінде ылғалдың конденсациялануы бары-
сында керісінше, жылу бөлініп шығады. Бір жыл ішінде су айналы-
мына Күннен келетін жылудың 25%-ға жуығы қатысады. Демек, су 
мен жылуды тасымалдау арқылы су айналымы Жер шарында таби-
ғат кешендерін қалыптастырудағы маңызды буын болып табылады. 
Су айналымына адамның шаруашылық əрекеті елеулі түрде 
ықпал етуде. Ормандардың жойылуы, орасан зор егістік алқаптардың 
пайда болуы, батпақтарды құрғату мен шөлдерді суландыру, жасан-
ды алып су бөгендердің құрылысы, шаруашылық мақсатта пайдала-
нылатын су мөлшерінің күрт артуы Жер шарындағы гидрологиялық, 
сумен байланысты процесстердің жүру барысын өзгертуде. Өйткені 
су айналымын үздіксіз тізбек түрінде елестетсек, сол тізбектің бір 
буынындағы өзгеріс бүкіл тізбектегі өзгерістерге себепші болады.
Адамның шаруашылық əрекеті нəтижесінде өзен суларының 
жылдық ағыны өзгерген. Өндірісте пайдаланылатын сулар 
өндірілген өнім құрамына еніп немесе қалдық су күйінде жердің 
терең қойнауына кетіп, айналымға түсуі қиындайды. Өндірістік 
жəне тұрмыстық қалдықтармен ластанған сулар табиғаттағы су 
айналымының нəтижесінде гидросфераның барлық дерлік бөлігіне 
таралуда. Ғалымдар қазіргі кезде адамзат үшін судың тапшылығы 
емес, ластануы басты проблема деген пікір айтуда.
Мұхит табиғатын зерттеумен айналысатын ғылым саласы – оке-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет