247
құрамдас бөлігі. Кей жағдайда мұхитты шығанақ пен теңіздерге
бөлудің өзі шартты сипат алады. Ерте кезден бері шығанақ аталып
жүрген Гудзон, Мексика, Бенгаль, Парсы шығанақтары іс жүзінде
теңіздер болып табылады.
Шығанақтардың
фьорд,
лиман,
лагуна деп аталатын түрлері
бар. Ресейдің солтүстігіндегі
құрлыққа сұғына еніп жатқан
шығанақтарды (Гыдан, Двина, Мезень, Печора жəне т.б.)
ернеу деп
атайды, олардың көпшілігі өзендердің сағасы болып табылады.
Еі үлкен əрі терең шығанақ –
Бенгаль шығанағы, оның ауданы 2
млн 191 мың км
2
, ең терең жері 4 519 метрді құрайды.
Бұғаз – əртүрлі су айдындарын жалғастыратын жəне құрлықтың
жеке бөліктерін бөліп жатқан, салыстырмалы түрде
жіңішке су
кеңістігі. Дрейк бұғазы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын, Бе-
ринг бұғазы Солтүстік Мұзды мұхиттың
Чукот теңізі мен Тынық
мұхиттың Беринг теңізін жалғастырып жатыр.
Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай бұғаздар мынадай
топтарға жіктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: