248
температурасының ең жоғары көрсеткіштері (27-28
0
С) екі тропиктер
аралығында байқалады.
Ашық
мұхитқа қарағанда, теңіздерде, əсіресе, қоңыржай
ендіктерде
жатқан теңіздерде жылдық температураның
ауытқулары үлкен болады. Қара теңізде бұл көрсеткіш 17-24
0
С,
Жерорта теңізінде 14
0
С-ге жетеді.
Жалпы алғанда, мұхит бетіндегі орташа жылдық температура
+17,4
0
С. Орташа жылдық температураның
ең жоғары көрсеткіші
Тынық мұхит бетінде (+19,1
0
С) байқалады, бұл оның көпшілік
бөлігінің төмен ендіктердегі орнымен түсіндіріледі. Үнді мұхитының
беткі суының орташа жылдық температурасы +17,1
0
С-ге тең.
Беткі су температурасының көрсеткіші Дүниежүзілік мұхиттың
54%-ында +20
0
С-ден жоғары, тек 14%-ында ғана +4
0
С-ден төмен.
Мұхит суының ең жоғары температурасы (+32
0
С)
Тынық мұхит
бетінде тамыз айында, ең төмен температурасы (-1,7
0
С) ақпанда
Солтүстік Мұзды мұхитта байқалған.
Қазіргі заманғы өлшеу құралдарының көмегімен мұхит суының
температурасының географиялық
ендік бойынша ғана емес,
тереңдікке қарай да таралу заңдылықтары анықталып отыр. Мұхит
суының беткі 25-50 метр, кей жағдайда тіпті 100 метрлік қабаты
қарқынды араласады. Осы себепті бұл қабатта судың температурасы
салыстырмалы түрде біркелкі болады
Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендеп,
кейіннен баяу өзгере бастайды. Мұхиттың терең қабаттарында тем-
пература біркелкі төмен болады, себебі мұнда полярлық аймақтардан
келетін суық сулар басым болады.
Жоғары ендіктерде мұхит
түбіндегі судың температурасы 0
0
шамасында болса, экваторлық
жəне қоңыржай ендіктерде +2
0
, +3
0
С.
Дүниежүзілік мұхит сулары температуралық ерекшелігіне қарай
шартты түрде екі қабатқа бөлінеді, беткі –
жылы су қабаттары,
түпкі – салқын су қабаттары. Осы екі қабаттың аралығында су тем-
пературасы жоғарғы жəне төменгі бөлігінен үлкен айырма жасап,
тез өзгеретін бөлік –
термоклин (грек тілінде
termo – жылу,
klino
– еңкіштік, төмен түсу деген мағына береді) орналасады. Термоклин
Достарыңызбен бөлісу: