Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет170/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ресей
Дүниежүзілік 
мұхит 
географиясының 
нағыз 
ғылым 
дəрежесіне көтерілу кезеңі (ХХ ғасырдың ортасынан қазіргі кез-
ге дейін) Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді ландшафттылық 
зерттеулер жүргізілуімен сипатталады. Бұл жұмыстар Дүниежүзілік 
мұхит табиғатын зерттеу барысында: 
1. Компоненттік физикалық-географиялық; 
2. Кешенді физикалық-географиялық (ландшафттылық);
3. Палеогеографиялық зерттеулер сияқты үш бағытта жүргізілді. 
Жүйелі зерттеулерді жүзеге асыру үшін Ресей, Франция
Ұлыбритания, Норвегия, АҚШ, Канада, Аустралия сияқты 
мұхитқа тікелей шыға алатын елдерде океонологиялық бағыттағы 
ғылыми-зерттеу институттары ұйымдастырылды. 
Осы кешенді зерттеулер нəтижесінде Дүниежүзілік мұхиттар Ат-
ласы (3 том), бірнеше монографиялар, ғылыми-көпшілік əдебиеттер 
мен журналдар жарыққа шықты. 
Қазіргі таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерттеу 
жұмыстары жаңа деңгейге көтеріліп, үздіксіз сипатта жүзеге асыры-
луда.


240
Дүниежүзілік мұхитты зерттеу барысында бүгінгі таңдағы əлі 
толық шешімін таппаған аса маңызды мəселелері көптеп саналады, 
олар:
• Дүниежүзілік мұхиттың кеңістіктік құрылымдарының түптік 
жəне ендік орнын анықтау жəне олардың қалыптасу, даму, əрекет 
ету заңдылықтарын түсіну; оның біртұтас географиялық қабық 
жүйесіндегі алатын орнын нақтылау.
• Географиялық қабықтағы мұхиттық жəне континенттік 
бөліктерінің арақатынасын анықтау; олардың өзара байланысын, 
бір-біріне тигізетін əсерін, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
• Дүниежүзілік мұхиттағы табиғат кешендерін, олардың 
қалыптасу себептерін түсіндіру. Оларды табиғатта пайдалану 
үрдісінде дамуы мен өзгеріске ұшырау мүмкіндігіне болжау жасау. 
• Дүниежүзілік мұхит табиғатының маңызды бөлшегі болып 
саналатын – аралдар табиғат кешендерінің мұхиттағы динамикалық 
үрдістері мен атмосфера циркуляциясы əсерінен дамуы мен өзгерісін 
зерттеу.
• Дүниежүзілік мұхиттағы табиғат кешендерін кеңістіктік жік-
теу жəне физикалық-географиялық аудандастыру. Океаносфераның 
біртұтас жүйесінің өте алуан түрлі екендігін түсіндіру.
• Дүниежүзілік мұхиттағы ендік зоналылықты, сондай ақ 
зоналылық пен азоналылықтың арақатынасын,мұхит пен құрлық 
арасындағы байланысты түсіндіру.
• Дүниежүзілік мұхит табанының қалыптасуы мен дамуының 
геологиялық тарихын зерттеу. Құрлық пен мұхит табанының 
қалыптасуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырату.
• Дүниежүзілік 
мұхиттың 
туристік-рекреациялық 
мүмкіндіктерін жəне оны тиімді пайдалану жолдарын жүйелеу.
• Дүниежүзілік 
мұхиттың 
биологиялық 
ресурстарының 
қалыптасуы мен таралу заңдылығын анықтау. Биологиялық 
өнімділіктің жоғары аудандарын нақтылау, табиғат қорғау шарала-
рын жүзеге асырудың тиімді жолдарын енгізу.
• Дүниежүзілік мұхиттың минералдық ресурстарын тиімді пай-
далану.
• Дүниежүзілік мұхиттағы энергетикалық ресурстар, оларды 
пайдаланудың тиімді жолдарын енгізу.
Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу басым түрде 
ландшафттық-мұхиттық жүйеде жүзеге асады. Ол көбінесе 
палеогеографиялық бағыттағы білім негіздеріне сүйенеді. 


241
Өйткені Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерінің қалыпта-
суын білмей тұрып, оның қазіргі жай-күйі мен болашағы туралы 
толыққанды мəлімет алу мүмкін емес. 
Ландшафттылық-мұхиттық зерттеулер көптеген қолданбалы 
мəні бар мəселелерді де шешеді, олар ресурстық-мұхиттық
экологиялық-мұхиттық жəне мелиорациялық-мұхиттық (қалпына 
келтіру) зерттеулер аясында жүргізіледі. 
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу-
де қолданбалы мəні зор ноосфералық-мұхиттық бағыт ерек-
ше қарқынмен белең алуда. Ол физикалық жəне экономикалық 
географиялық ғылым салаларының өзара қабысуынан қалыптасуда. 
Бұл ғылым саласын мұхит табиғатын пайдалану деп те атап жүр.
Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхит географиясы құрамына бүгінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет