Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Дүниежүзілік мұхит байлықтары. Рекреациялық ресурстар



Pdf көрінісі
бет196/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

6.5. Дүниежүзілік мұхит байлықтары. Рекреациялық ресурстар
Дүниежүзілік мұхит табиғат байлықтарының аса маңызды 
түрлерінің мол қорына бай болып келеді. Əсіресе, минералдық
энергетикалық, биологиялық жəне рекреациялық ресурстардың 
маңызы өте зор. Мұхит айдындары ерте кезден бері халықаралық 
деңгейдегі су торабы жəне коммуникация қажеттілігіне де кеңінен 
қолданылып келеді. 
Климаттық жағдайы қолайлы мұхит сулары мен оның қайраңдық 
жағалаулары жанға жайлы демалыс пен сауықтырудың таптырмас 
орындарына айналған.
Бүгінгі таңда адамзаттың шаруашылық əрекеті нəтижесінде 
дүниежүзілік шаруашылық мұхит байлықтарын игеру барысында 
отын-энергетикалық ресурстарды өндіруден 35-40%, теңіз саудасы 
мен айлақ шаруашылығын дамытудан 30-35%, теңіз кəсіпшілігі мен 
балық аулаудан 8-10%-дай деңгейде пайда тауып отыр. 


274
Дүниежүзілік мұхит қайраңдарындағы барланған мұнай мен 
газ қорының 70% -ға жуығы Парсы шығанағы елдері мен Ресейдің 
үлесіне тиеді. Сонымен қатар Атлант мұхитының Солтүстік теңізін-
де шоғырланған жүзден аса мұнай мен газ кен орындарының 
маңызы зор. Ондағы өндіруге болатын мұнай қоры 3 млрд т, газ 
қоры 2,5 трлн м
3
жетеді. 
Оларды өндіру мен барлау оңайға түспейді, өйткені мұхиттың бұл 
аймақтарында жиі-жиі қатты дауылдар мен күшті толысу ағыстары 
байқалады. Жылына 120 млн т мұнай мен 100 млрд м
3
газ 
өндіріледі. Оларды өндіретін орындардан Германия, Ұлыбритания, 
Норвегия жəне басқа елдердің жағалауларына дейін диаметрі 
1 метрге жететін құбырлар тартылған. Жүздеген скважиналар 
бұрғыланып, платформалар, мұнайшылардың үйлері, айлақтар мен 
тікұшақ қонатын алаңдар, қоймалар орналасқан көптеген бұрғылау 
қондырғылары жұмыс істейді.
Дүниежүзілік мұхит жағалауындағы дұрыс жолға қойылған 
басты шаруашылық салалары – теңізде жүзу, рекреация жəне 
балық аулау. Минералдық жəне химиялық шикізаттарды өндіру əлі 
өз дəрежесінде өркендемеген. 
Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға 
жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі тіршілік етеді. 
Олардың биологиялық өнімділігі құрлық бетіндегі өнімділікпен 
салыстырғанда төмен болғанына қарамастан, мұхит аумағының аса 
үлкен болуына байланысты қысқа мерзімде қалпына келе алады.
Бүгінде биологиялық ресурстарды игеруден нектонды құрайтын 
балық аулау мен кит аулау кəсіпшілігі жолға қойылған. Бір жылда 
ауланатын балықтың жалпы массасы 110-120 млн тоннаға жетеді, 
алайда мұның өзі теңіз жағалауын қоныстанатын жəне одан сырт 
орналасқан миллиардтаған халықтың сұранысын толық дəрежесінде 
қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар теңіз балдырларын өндіру 
ісі жылдам қарқынмен дамуда.
Биологиялық ресурстар таусылатын ресурстар қатарына 
жататындықтан, олардың қорын сақтау мақсатында теңіз жануарла-
ры мен өсімдіктерінің кейбір түрлерін теңіз жағалауларында арнайы 
өсіру жұмыстары кеңінен қолға алынуда.
Дүниежүзілік мұхиттың ең басты байлықтарының бірі – мұхит 
суы. Олардың құрамында еріген күйде жəне мұхит табанындағы
түрлі конкрециялар (жентектелген қосылыстар) құрамында 
кездесетін бағалы жəне сирек минералдар мен қоспаларды өндірісі 


275
жекелеген елдер деңгейінде енді ғана қолға алына бастаған
болашағы зор сала болып табылады.
Теңіз толқындары, беткі ағыстары мен толысу энергиясы күшін 
пайдалану да болашақтың еншісіндегі шаралар, өйткені мұндай 
жұмыстар да жекелеген елдерде жүзеге асырылуда.
Дүниежүзілік мұхиттың жағалауларына демалу үшін жылына 
ондаған миллиардтаған туристер келеді. Мұнда оларды жұмсақ та 
жайлы климат, жылы теңіз суы жəне ұзаққа созылатын (5-8 ай) 
шомылу мерзімі, əдемі таулы жағалаулар, қайталанбас əсемдігімен 
көз тартатын табиғат, табиғи, тарихи жəне мəдени ескерткіштер
күтеді. 
Рекреациялық-демалыстың басты аудандары – Франциядағы 
Көгілдір жағалау, Италиялық Ривьера, Неаполь маңы, Венеция, 
Испания, Грекия, Балқан түбегі, Кипр, Кариб жəне Мексика 
жағалаулары, Үнді жəне Тынық мұхиттарының тропиктік аралда-
ры болып табылады.
Мұхит байлықтарын есепсіз пайдалану, сулардың мұнаймен
радиоактивті қалдықтармен ластануы соңғы жылдары белең алуда. 
Əсіресе өнеркəсібі күшті дамыған елдер орналасқан жағалауларда 
ластану дəрежесі өте жоғары. 
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік мұхит беткі ауданының 30%-дан 
астамы мұнай қалдықтарымен ластанып, атмосфера мен гидросфера 
арасындағы жылу мен ылғал алмасу процесіне кедергі келтіруде. 
Бұл өз тарапынан мұхит органикалық дүниесінің сақталуына да 
зиянын тигізеді. 
Ластанған сулар мұхит беткі ағыстарымен бүкіл мұхит айдынына 
таралады, тіпті Антарктида жағалауындағы жануарлардың денесінен 
де кейбір зиянды заттар табылған. Тіршілік ортасының ластануы, 
шектен тыс аулаудың нəтижесінде ерекше теңіз жануарлары көптеген 
түрлері жойылып кеткен. 
Ең қатты ластанған су айдыны – Жерорта теңізі деп саналады. 
Оның жағалауында орналасқан 120 астам қалалардан теңізге 
жылына 430 млн тонна қалдықтар келеді. 
1982 жылы БҰҰ қабылдаған «Теңіз құқұғы туралы» 
Конвенциясы бойынша Дүниежүзілік мұхит суларын пайдаланудың 
кез келген түрі қатаң бақылауға алынатын болды. Бұл шаралар 
Дүниежүзілік мұхиттың табиғат ресурстарын қорғау мен тиімді 
пайдалану мақсатын көздейді.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 1998 жыл Халықаралық


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет