Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет214/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Э. Леруа В. И. Вернадскийдің Сорбонна университетіндегі дəрісін 
тыңдаған соң енгізген болатын. В. И. Вернадский ноосфераны 
биосфераның ең жоғары дамыған сатысы деп қарастыруды жөн са-
найды. 
Бұл сатыда адамзат қоғамы табиғат заңдылықтарын жете түсініп, 
ғылым мен техниканы барынша дамытып, соның нəтижесінде осы 
уақытқа дейінгі геологиялық процестердің ауқымынан асып түсетін 
аса ірі ғаламдық күшке айналады деп түсіндіреді. 
Бірақ бұл процесс өте ұзақ уақыт пен адамзаттың əлеуметтік 
жəне мақсатты іс-əрекетін қажет етеді. Дəл қазіргі кезеңде адам-
зат қоғамы əлі де дайындық жағдайында тұр деп есептеуге болады. 
Жаңа қалыптасып келе жатқан ноосфера белгілеріне мына төмендегі 
көрсеткіштер дəлел бола алады:


300
1. Литосфера қойнауынан пайдалы қазбалардың өндірілу 
мөлшерінің артуы, жылына 100 млрд т артық. Бұл көрсеткіш беткі 
ағын арқылы мұхиттарға тасымалданатын үгілу өнімдерінен 4 есе 
артық.
2. Бұрынғы геологиялық кезеңдерде түзілген фотосинтез 
өнімдерін энергетикалық мақсатта жаппай қолдану биосферадағы 
химиялық тепе-теңдікке кері өзгерістер əкелуі мүмкін. Бұл ауадағы 
көмір қышқыл газының көбеюіне, керісінше оттегінің азаюына 
əкеліп соғады.
3. Биосферада энергияның жинақталуынан гөрі шашырауы ба-
сым жүруде, бұл өз тарапынан энергетикалық проблеманы туында-
туы мүмкін.
4. Ноосфераның қалыптасуы жағдайында бұрын биосфера 
құрамында болмаған заттар пайда болуда, мəселен, таза металдардың 
концентрациясы артуда.
5. Ноосфераның қалыптасуы жағдайында жаңа термоядролық 
энергия көздерінің ашылуына байланысты болашақта жанғыш пай-
далы қазбалардың энергия көзі ретіндегі қажеттілігі азаяды.
6. Ғылыми-техникалық төңкеріс жағдайында ноосфера биосфе-
ра шеңберінен шығып, ғарыш кеңістігіне құлаш ұруда. Космонавти-
ка ғылыми қанат жаюда. Биосфера – Жер қабығы болса, ноосфера – 
Күн жүйесі қабығына, адамзат əрекетінің жаңа болашағына айналуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет