Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


надский еңбектерінің маңызы зор болды.  Географиялық қабық – ғаламшар ауқымындағы ең үлкен  табиғат кешені



Pdf көрінісі
бет218/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

надский еңбектерінің маңызы зор болды. 
Географиялық қабық – ғаламшар ауқымындағы ең үлкен 
табиғат кешені болып саналады. Табиғат кешені деп өзара 
күрделі байланыс-та əрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік 
жиынтығымен көзге түсетін жер бетінің белгілі бір бөлігін атайды.
«Географиялық қабық» терминін алғаш рет А. А. Григорьев 
енгізген. Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас 
қабығы, оның құрамдас бөліктері (атмосфераның төменгі қабаттары, 
литосфераның жоғары қабаты, гидросфера мен биосфера) бір-
бірімен өзара тығыз байланыста болады, олардың арасында ұдайы 
зат пен энергия алмасуы жүреді.
Географиялық қабықта тіршілік шоғырланған, бос энергияның 
көптеген түрлері бар, заттар қатты, сұйық, газ тəрізді күйде кездеседі. 
Географиялық қабық энергияның басым бөлігін Күннен алады.
Жер шарының бұл сыртқы қабығының қалыңдығы шамамен 40 
километрге жетеді. Географиялық қабықтың шекарасын анықтауда 
ғалымдар арасында əртүрлі пікірлер бар. Қазіргі кезде географиялық 
қабықтың жоғарғы шекарасы ретінде тропопауза алынған (136-су-
рет). 
Тропопаузаның биіктігі географиялық ендіктер бойынша əртүрлі 
болып келеді. Сондықтан географиялық қабықтың жоғары шекара-
сы поляр маңы ендіктерінде 9-10 км, қоңыржай ендіктерде 12-13 км, 
тропиктерде 16-17 км биіктікке дейін көтеріледі.
Географиялық қабықтың үстінде орналасқан стратосфералық 
озон қабаты ғарыштан келетін ультракүлгін сəулелерді (ол күн 


306
радиациясының 7%-ын құрайды) жер бетіне жібермей ұстап қалады. 
Мұның Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор.
Географиялық қабықтың төменгі шекарасы əдетте, Дүниежүзілік 
мұхиттағы 10-11 км тереңдіктегі шұңғымалармен, ал құрлықта 
шөгінді жыныстар таралған 5-7 км тереңдік арқылы жүргізіледі
Географиялық қабық ұдайы дамып, өзгерістерге ұшырап отыра-
ды. Оның даму сипаты ғаламшар мен ғарышта болып жатқан күрделі 
процестермен тығыз байланысты. Олардың ең маңыздылары:
136-сурет. Географиялық қабықтың шекаралары
1. Салмағы 6·10
18
т болатын Жер ғаламшарының айрықша 
химиялық құрамы мен гравитациялық күшінің ықпалы;
2. Жердің Күн жүйесіндегі орны;
3. Жердің өз білігінен жəне Күнді айнала қозғалуы;
4. Жердің шар тəрізді немесе геоид пішіні;
5. Жердің жасанды серігі – Айдың тарту күші;
6. Жердің ғаламшар ретінде қалыптасуына кеткен уақыт пен 
осы аралықта болған өзгерістер. 
Аталған факторлардың өзара ұштасуы географиялық қабықтың 
қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ оған тəн заңдылықтардың си-
патын анықтайды. Бұл заңдылықтар бүкіл географиялық қабыққа 
да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат 
кешендеріне де ортақ болып келеді. Географиялық қабықтың аса 
маңызды жалпы заңдылықтарына оның біртұтастығы, зат жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет