309
Күн сəулесінің жəне ауадағы көмір қышқыл газының тікелей
қатысуымен
жүретін
фотосинтез
процесінің
нəтижесінде
биосфераның негізін құрайтын өте көп мөлшердегі органикалық зат
түзіледі жəне энергия жинақталады, атмосфера оттегімен толығады.
Ғалымдардың
есептеуі
бойынша,
фотосинтез
процесі
нəтижесінде жасыл өсімдіктер жылына атмосфераға 248 млрд тонна
оттегін
бөліп шығарып, 238 млрд тонна органикалық зат түзіледі.
Фотосинтез процесі кезінде географиялық қабықта 1 млрд тонна
азот, 260 млн тонна фосфор жəне 200 млн тоннаға жуық күкірт те
айналымға түседі.
Биологиялық айналымдағы күрделі процестің бірі –
хемосинтез,
оны
орыс микробиологы Н. С. Виноградский ашқан.
Хемосинтез
кезінде кейбір микроорганизмдер ауадағы көмір қышқыл газы мен
оттегін жəне топырақ құрамындағы минералды заттарды қатыстыра
отырып, химиялық реакция кезінде бөлінген энергияны пайдалану
арқылы органикалық зат түзеді.
Хемосинтез процесі фотосинтезбен жанама түрде байланысты,
өйткені микроорганизмдер фотосинтез нəтижесінде түзілген оттегін
пайдаланады. Түзілген органикалық
заттар жануарлардың негізгі
қорегі болып табылады.
Географиялық қабықта органикалық заттардың түзілуі оның
ыдырауымен қатар жүреді. Микроорганизмдер жануар мен өсімдік
қалдықтарын ыдыратып, шіріту арқылы минералды заттарға айнал-
дырады. Бұл процесті жылу тездетеді. Ал түзілген минералды заттар
топырақтағы сумен бірге өсімдіктердің бойына сіңіріледі. Сонымен,
жылу жəне ылғалдың, органикалық жəне
минералды заттардың
қатысуымен жүретін биологиялық айналым үздіксіз сипат алады.
Өзіндік
жеке
ерекшеліктеріне
жəне
жүру
сипатына,
қарқындылығына қарамастан, əрбір
айналым тұйық шеңбер жа-
самай, бір-бірімен өзара байланыста болады,
яғни географиялық
қабықтағы біртұтас зат пен энергия алмасуын жүзеге асырады.
Айналымдардың тұйық болмауының арқасында табиғаттың барлық
компоненттерінің, тұтастай алғанда географиялық қабықтың үздіксіз
дамуы мен түрленуі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: