Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет221/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Географиялық 
қабықтағы 
ырғақтылық. 
Ырғақтылық 
деп уақыт аралығы бойынша бір бағытта қайталанып отыра-
тын құбылыстардың жиынтығын атайды. Географиялық қабықта 
ырғақтылық мезгілдік жəне циклдік сипат алады. Мезгілдік 
ырғақтылық белгілі бір уақыт аралығында (тəулік, жыл мезгілі) 


310
тұрақты қайталанатын табиғи құбылыстарды қамтиды. Оларға 
күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуы мен қайтуы
жергілікті желдер бағытының өзгеруі, жыл мезгілдерінің ауысуы 
жəне т.б. жатады. 
Циклдік ырғақтылық қайталану мерзімі өзгеріп тұратын 
құбылыстарды біріктіреді. Жерде магнит дауылдарын туғызатын 
Күн қарқындылығының артуы əрбір 11 жыл сайын қайталанады. 
Апатты жер сілкінулері мен жанартау атқылаулары, климаттың 
суынуы мен жылынуы, қуаңшылық, су тасқындары ырғақты 
түрде ұзақ уақыт (11, 22-23, 80-90 жылдық жəне т.б.) аралығында
қайталанып отырады. Ал геологиялық циклдердің қайталануы 
бірнеше жүз жылдан миллиондаған жылдарға дейінгі уақыт 
аралығын қамтиды, онымен тіршіліктің дамуы мен өзгерісі да тығыз 
байланысты. 
8.4. Географиялық қабықтағы аумақтық табиғат кешендері
Аумақтық 
табиғат 
кешендері
Географиялық 
қабық 
табиғатының ішкі айырмашылықтарына байланысты, алып жатқан 
ауданы əртүрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі. 
Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері – материктер мен 
мұхиттар. Олардың жіктелуі жер қыртысының құрылысына жəне 
оларды құрайтын табиғат компоненттерінің əртүрлілігіне байланыс-
ты. 
Географиялық қабықта Күн сəулесінің əркелкі таралуына байла-
нысты əрбір материк пен мұхит аса ірі, өзіне тəн қайталанбас табиғат 
кешендерінің жиынтығымен ерекшеленеді. 
Географиялық қабықтың біртұтас болуына қарамастан, оның ірі 
бөліктеріндегі табиғат кешендері ендік бойынша өзгеріп отырады. 
Ондай бөліктер қатарына – географиялық белдеу жатады. 
Белдеулер жер шары бойынша тұйық шеңбер құрап, ма-
терик пен мұхитты кесіп өтеді. Олар жылу режимі, басым ауа 
массаларының циркуляциясы, топырақ-өсімдік жамылғысы, жа-
нуарлар дүниесі, биохимиялық процестердің жиынтығы жөніндегі 
ортақ көрсеткіштері негізінде ажыратылады. 
Мұхит үстіндегі шекарасы беткі судың температурасы мен 
тұздылығы, судың мөлдірлігі жəне оттегімен қанығуы, цирку-
ляциясы, тіршілік дүниесінің құрамы мен тығыздығы бойынша 
анықталады. Əрбір белдеудің өзі ылғалдың түсу мөлшеріне сəйкес, 
секторларға бөлінеді. 


311
Материктердің батыс пен шығыс бөлігі мұхит жағалық секторға, 
ал ішкі аудандар континенттік секторға жіктеледі. Осындай 
айырмашылықтар негізінде белдеулер географиялық зоналарға 
ажыратылады. Əрбір зона өзіне тəн жылу мен ылғал мөлшері, 
топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің тобы 
арқылы ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет