Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет111/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
burunbetova-genetika

Гетероплоидты – қалыпты диплоидты саннан ауытқыған хромосома-
лар бар дарабастар, жасушалар.
Гетерохроматин – телофазада, интерфазада жəне ертерек профазада 
тығыз құрылымда болатын хромосома аймағы немесе бүтін хромосома.
Гинандроморф – денесінің бір бөлігі таза аналық, қалған бөлігі таза 
аталық пішінді болып келетін дарабастар.
Гипостаз – аллельді емес бір геннің əсерінен екінші геннің көрінбей 
басылып қалушылық жағдайы.
Гомогаметалы жыныс – мейоздық бөліну барысында бірдей жыныс 
клеткаларын түзетін жыныс.
Гомозигота – гомологтық хромосомалардың дəл сол локусында екі 
бірдей аллельдері болатын клетка немесе организм.
Делеция – хромосомалардың ішкі учаскелерінің бірінің жоғалуы.
Дефишенси – хромосоманың шеткі бөлігінің бөлек кетуі.
Диакинез – ядро қабығының жоғалуы алдындағы мейоздық бөлінудің 
бірінші профазасының соңғы кезеңі.
Дигетерозигота – екі жұп аллельдер бойынша гетерозиготалы будан.
Дигибрид – дигетерозиготаның синонимі.
Дигибридтік шағылысу – əртүрлі екі локустарында əртүрлі аллельдері 
бар ағзалар арасындағы шағылысу.
Диморфизм – түрдің ішінде əртүрлі екі формалардың, морфологиясы 
өзгеше хромосомалардың, бір өсімдікте əртүрлі екі типтерінің болуы.
Диплоид – дене жасушаларында гомологтық хромосомалардың екі 
жиынтығы бар ағза.
Диплотена – мейоздың бірінші профазасы кезеңдерінің бірі, гомологтық 
хромосомалардың учаскелері арасында хиазмалардың жаңа ғана түзілетін 
кезеңі.


256
Жыныспен тіркескен гендер – жыныс хромосомаларында орналасады 
(Х,У), осы гендердің бақылауында болатын белгілер жыныспен тіркескен 
тұқым қуалау деп те аталады. 
Жиынтық – биометриялық есептеулер жүргізу үшін қажетті, 
зерттелетін ортақ белгілері бойынша топтастырылған, көрсеткіштер сипа-
ты салыстырмалы түрде бірыңғай болғанымен, өзіндік өзгешеліктері бола-
тын дарабастар тобы.
Жиілік – жиынтықтағы белгі мəнінің қанша рет кездесетінін көрсететін 
абсолюттік көрсеткіш. 
Зигота – жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтың қосылуы 
нəтижесінде түзілетін диполидты жасуша.
Идиограмма – хромосомалар жиынтығындағы əрбір жекелеген 
хромосомалардың салыстырмалы мөлшерін, центромераларының, 
серіктерінің жəне екінші тартылуларының орындарын, гетерохро-
матиндерінің, иіндерінің ұзындығын көрсететін схемалық бейне.
Инбридинг – туыстас дарабастар арасындағы шағылысу.
Инверсия – хромосомаішілік құрылымдық қайта құрылу нəтижесінде 
болатын өзгеріс.
Индекс – күрделі белгілерді, құбылыстарды салыстыруға қатысты шама. 
Ол қарастырылып отырған құбылыстың осы деңгейінің, сол құбылыстың 
өткен деңгейімен салыстырғанда қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.
Интервал – вариациялық қатардағы екі белгілер көрсеткіштері 
арасындағы мəн.
Инсерция – ауысушы генетикалық элементтің хромосома немесе 
плазмидтің жаңа бір жеріне қосылуы.
Интеркинез – мейоздың бірінші жəне екінші бөлінуі арасындағы не-
месе екі митоз арасындағы жасушаның тыныштық күйдегі кезеңі.
Интрон – сплайсинг кезінде транскрипт құрамынан бөлінетін ДНҚ-
ның учаскесі. Нəтижесінде интронның екі жағында орналасқан экзондар 
бірігеді.
Кариотип – жануарлар мен өсімдіктердің систематикалық тобының 
дене клеткаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы.
Кариокинез – ядроның тікелей жолмен бөлінуі немесе митоз
Клон – вегетативтік көбею жолымен бастапқы особтан алынған 
генетикалық тұрғыдан бір типтес ұрпақтардың жиынтығы.
Код – бір əліппеден немесе тілден басқасына ақпарат жеткізудің ереже-
лер жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет